Аққожина Назерке Мәулітқызы

Аққожина Назерке Мәулітқызы
1982 жылы бұрынғы Семей облысы, Тарбағатай ауданында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар, 2003 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Құқық негіздері және экономика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2012 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бакалавр атанды.
Еңбек жолын 2003 жылы Астана қаласы №34 мектеп-лицейінің экономика және құқық пәнінің мұғалімі болып бастады. 2010 жылы Семей қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жетекші маман болып қызмет атқарды. 2010-2012 жылдары Семей қаласы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік көмек орталығының әлеуметтік қызметкері, жұмыспен қамту орталығының аудармашы маман қызметтерін атқарды. 2012-2014 жылдары Семей қаласы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы болып қызмет жасап, 2014 жылы аталған бөлімнің басшысы болып тағайындалды. 2015 жылы Семей қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 
2017 жылдың 17 мамырынан бастап «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқаруда.
 

Телефон: 8 - 72-22-52-26-02

Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау графигі: Сәрсенбі 16.00-18.00

 

Электрондық адресі: n.akkozhina@akimvko.gov.kz