Бөлім туралы

Бөлімнің функциялары:

1)  дене шынықтыру және спорт саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, дене шынықтыру және спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру;

2) дене шынықтыру және спортты дамытуда басым бағыттарды іске асыру.

3) қала деңгейінде спорт түрлерінен жарыстарды өткізеді;

4) cпорттық   жарыстарға   спорттың  әр  түрі   бойынша  қаланың құрама командасының мүшелерін дайындайды және қатысуын қамтамасыз етеді;

5) Семей қаласының аумағында бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерін дамытады;

6) мамандандырылған оқу-спорттық мекемелердің қызметін үйлестіреді;

7) спорттық дәреже және разряд тағайындайды;

8) спорттық-бұқаралық шаралардың күнтізбелік жоспарын әзірлейді, бекітеді, жүзеге асырады;

9) Семей қаласының аумағында спорттық шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;

10) Семей қаласының аумағында спорттық шаралардың ұйымдастырылуын және өткізілуін үйлестіреді;

11) мүгедектерге арнайы дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық ғимараттарды құруды қамтамасыз етеді және қоғамдық пайдалану ғимараттарында дене шынықтырумен және спортпен айналысуына жағдай жасайды.

Өңдеу күні: 18-01-2017