Бөлім туралы

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі индустриалық – инновациялық қызметті, өнеркәсіп әлеуетін жеке кәсіпкерлікті және сауда, байланыс және туризмді дамытуды мемлекеттік қолдау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыруда басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Бөлім функциялары:
1) Шығыс Қазақстан облысының Индустриаландыру картасына енгізу үшін жобаларды Шығыс Қазақстан облысы индустриялық-инновациялық дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің қарауына енгізеді;
2) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 105-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сараптама кеңесінің қызметін ұйымдастырады;
3) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының     2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8-бабы 6) тармақшасына сәйкес көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады; 
4) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының     2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8-бабы 2) тармақшасына сәйкес өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асырады; 
5) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 105-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес жергілікті     деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
6) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексі 105-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;
7) «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн объективтi, жан-жақты әрi уақтылы, қажет болған жағдайда олардың қатысуымен қарауды қамтамасыз етедi.»;
Өңдеу күні: 04-04-2017