Акимат » Семей қаласының аумағын құрылыспен игеру ережелері

Семей қаласының аумағын құрылыспен игеру ережелері

 

1 бөлім

Жалпы ережелер

1. Ережелерде қолданылатын негізгі ұғымдар

Семей қаласының аумағын құрылыспен игеру осы Ережелері (әрі қарай - Ережелер) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Респу-бликасының Экологиялық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік өзін - өзі басқару туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Жеке тұрғын үй құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және өзге де нормативтік - құқықтық ак-тілеріне сәйкес әзірленген және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілерімен жер телімдерін пайдалану, қала аумағын және қала маңындағы аумақтарды жобалау және құрылыспен игеру жөніндегі жағдайлар мен талаптарды анықтайды;   жаңа құрылыстарды орналастырып, салуға немесе бұрыннан бар   жылжымайтын мүліктер мен уақытша имараттарды өзгертуге (қайта пішіндеу, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау, қайта жаңғырту, кеңейту, күрделі жөндеу) рұқсат етуші процедураларын өту тәртібін   белгілейді,   Шығыс Қазақстан облысының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асырумен байланысты өзге де қатынастарды реттейді.

1.Осы Ережелерде келесі ұғымдар пайдаланылады: сәулет – жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) – нақты бір жер те-лімінде нысанды мақсатты тағайындау, негізгі көрсеткіштері мен орналастыру талаптар кешені, сондай-ақ осы елді мекен үшін қала құрылысы регламенттеріне сәйкес белгіленген жобалау және салуға міндетті талаптар, жағдайлар және шектеулер;

қала құрылысы талаптары (қала құрылысы қызметін жүргізу талаптары) -     заңнамаға және өзге нормативтік құқықтық актілерге сәйкес аумақтарды (жылжымайтын мүлікті) қала құрылысын дамытуды реттейтін нормативтік ережелер;

- аумақтарды қала құрылыстық аймақтандыру -  қала құрылысын жоспарлау кезінде аумақтарды олардың қала құрылыстық пайдалану түрін белгілеумен қоса аймақтарға бөлу;

- қалалық аймақтандыру - елді мекеннің аумағын оның функционалдық маңызына (тұрғын үй, қоғамдық, өндірістік, рекреациалық және өзге функционалдық аймақтары) сәйкес үлес- тіру;

- қоныстандыру аумақ - орналасуы мен қызметі арнайы санитарлық - қор-ғауды талап ететін аймақтарға әсер тигізбейтін тұрғын үй, қоғамдық (қоғамдық - іскерлік), рекреациалық аймақтарды, сондай-ақ инженерлік және көлік ин-фрақұрылымдардың жеке бөліктерін, өзге нысандарды, орналастыру үшін арналған аумақ;

- санитарлық – қорғау аймағы –    қолайсыз факторлардың ықпалын төмендету мақсатында елді мекендегіарнайы маңызы бар, сондай –ақ өндірістік кәсіп-орындарды және басқа өндірістік, коммуналдық және қойма нысандарын жақын жерде орналасқан қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй - азаматтық маңызы бар ғимараттар мен имараттардан бөліп тұратын аумақ;

- қалалық және ауылдық қоныстану аумақтарын құрылыспен игеру ережелері (құрылыс салу ережелері)  -   қала құрылысы регламенттерін енгізу арқылы жылжымайтын мүлік нысандарын пайдалануын және өзгертуін реттейтін жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік-құқықтық актілері; қала құрылысында жер телімдерін және өзге жылжымайтын мүлік нысандарын пайдалануға рұқсат етілуі - қала құрылысы регламенттеріне сәйкес жылжымайтын мүлік нысандарын пайдалану; Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай –ақ сервитуттарына сәйкес бел-гіленген аталған нысандарды пайдалануға шектеулер;

- кондоминиум - жылжымайтын мүлікке ерекше меншік нысанасы (өзге құқығы), онда жылжымайтын мүліктің жеке бөліктері жеке тұлғалар және (немесе) заңды тұлғалардың бөлінетін (жеке) меншігінде тұрады, ал жылжымайтын мүліктің меншікте тұрмаған бөлінетін   бөліктері, соның ішінде жер телімі, олардың   ортақ үлестік меншік құқық (өзге ортақ құқығында) иеліктерінде тұратын және бөлінетін (жеке) меншік (өзге құқығында) тұрады;

- сервитут – бөтен жылжымайтын мүлік нысанын шектеулі пайдалану құқығы, мысалы, қажетті коммуникацияларды және өзге қажеттіліктерді өткізу, салу және пайдалану үшін, оларға сервитут белгіленбей қамтамасыз етілмейді. Жылжымайтын мүліктің иесіне үшін қатысты қойыл-ған сервитут, соңғыға шектеу ретінде болып танылады..

-   ауыртпашылық (шектеу) – меншік құқығын жүзеге асыру кезінде құқық иеленушіге шектеу қойылатын заңдарда бел-гіленген немесе уәкілетті органның заңдарда қарастырылған тәртібі бойынша жағдайлар, тиымдардың болуы;

- геоақпараттық жүйе (ГАЖ)- жинақ-тауды, сақтауды, өңдеуді қамтитын, кеңістік - бағдарлау деректерді көрсететін және тарататын ақпараттық жүйе. ГАЖ-да заттық көлемнің ақпараттық моделін құрайтын қатар жинақтарына біріктірілген кеңістік (аумақтық) нысандардың сандық көрсеткіштер (векторлық, растрлық және басқа) нысаналары туралы деректері жинақталып сақталады;

- қала құрылысы кадастры – қала құрылысы ақпаратын есептеу, сақтау және ұсыну, нысан туралы жедел, толық және сапалы аумақтарды және олардың қала құрылысының құндылығы туралы деректерді пайдалану қала құрылысы ережелерін (регламенттерін) тіркеу үшін арналған геоақпараттық автоматтанды- рылған ақпараттық - кескіндік жүйе.

- елді мекенді көркейту - елді мекеннің аумағында адамның қолайлы, таза және жайлы өмір сүру жағдайларын қалыптастыруға бағытталған элементтер мен жұмыстар кешені;

қала құрылысы регламенттері – аумақтарды (жер телімдерін) және өзге жылжымайтын мүлік нысандарын пайдалану,  заңдарда белгіленген тәртіппен олардың жағдайларын әртүрлі рұқсат етіл- ген өзгерту тәртіптері, рұқсаттары, шектеулері (ауыртпашылық, тиымдар мен сервитуттарды қосқанда),

- тапсырыс беруші -   жылжымайтын мүлік нысанын салуға мердігерлік шарт жасайтын және өз міндеттерін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асыратын заңды және жеке тұлға. Тапсырыс беруші болып құрылыс салушы немесе құрылыс салушымен уәкілет берілген өзге тұлға, ондай кезде құрылыс салушы мемлекеттік қадағалау және жергілікті атқарушы органдармен өзара қатынастағы өз міндеттерін тапсыра алады;

- құрылыс салушы  - нақты бір нысанның құрылысын жүзеге асыруға ниеті бар және жергілікті атқарушы органның осы нысанды салу үшін жер телімін беру туралы немесе осы тұлғаның меншік құқығында немесе жерді пайдалану құқығымен иелігінде тұрған жер телімін пайдалануға рұқсатын алған заңды және жеке тұлға;

ортақ пайдаланыстағы жасыл желектер – жеке өсіп тұрған ағаштар, бұталар, скверлер, бульварлар, саябақтар, орман- саябақ желектері, көшеде отыр-ғызылған көгалдар, квартал ішіндегі көгалдандырулар, санитарлық - қорғау желектер, теміржол және көлік жол бо-йындағы орман алқаптары, гүлзарлар және көгалдар;

 - инженерлік инфрақұрылымдар – адамдардың өмір сүруі үшін өндірістердің немесе тауарлар мен қызметтердің  тұрақты қызмет етуіне қолайлы жағдайларды қалыптастыратын, кәсіпорындардың (ұйымдардың), нысандардың (ғимараттар мен имараттардың), коммуникациялардың және инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету желілерінің жиынтығы;

көлік инфрақұрылымы - жер үстіндегі (автомобиль және (немесе) темір) жолдардың, көпір, туннель және өзге де көлік имараттарының кешендерімен қоса су (теңіз) және (немесе) өзен арқылы қатынастар жолдарының, жол айрықтары мен өтпе жолдардың, реттеу-ші ескерту құрылғыларының, байланыс, көлік жұмысын инженерлік қамтамасыз ету, көлік құралдарына қызмет көрсету, жүктерді, жолаушыларды тасымалдау, өндірістік және қызмет көрсету қызметкерлерінің, қойма және аумақтардың үй-жайларын қамту, санитарлық - қорғау аймақтарын қызмет етуін қамтамасыз ету, сондай – ақ заң жүзінде бекітілген көрсетіліп отырған қатынас жолдары мен жылжымайтын мүлік нысандары орна-ласқан жерлерінің жиынтығы; 

- қызыл сызықтар – кварталдардың, ықшам аудан аумақтарының, ғимараттардың (имараттардың, құрылыстардың)    орналасуын қызыл және сары сызықтардан немесе жер телімдерінен, өзге де елді мекендердің жоспарлау құрылымындағы элементтердің көшелерден (өтетін жолдардан, алаңдардан) бос жер қалдырып, шегере орналастыру шекарасы. Қызыл сызықтар көбінесе құрылыс салу шекарасын реттеу үшін қолданылады;

- құрылыс салуды реттейтін сызықтар (құрылыс сызығы) –қызыл және сары сызықтардан не жер телімінен ықшам аудан аумақтарының, ғимараттардың (имараттардың, құрылыстардың)    орналасуын құрылыстың шекарасы.

- сары сызықтар – жер сілкінісінен, бас-қа табиғи немесе техногендік апаттардан қирау нәтижесінде ғимараттардың (имараттардың, құрылыстардың)   құлап қал-ған (қирау) үйінділерінің шашылатын максималдық болжамды   аймағының шекарасы. Сары сызықтар көбінесе ғимараттар мен имараттардың арасындағы алшақтықты реттеу үшін қолданылады;

- қала құрылысындағы жылжымайтын мүлік нысандары (әрі қарай – жылжымайтын мүлік нысандары) - ғимараттарды, имараттарды және сол нысандардың орналасқан жер телімдерін пайдалану, құрылыс салу және қайта жаңғырту жөніндегі қызметтерді жүзеге асыруға қатысты нысандар;

- сәулет органы – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, сәулет және қала құрылысы саласында реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті сәулет және қала құрылысы атқарушы органы;

мемлекеттік   сәулет - құрылысты бақылау органы (мемлекеттік сәулет құрылысты бақылау органы) сәулет және құрылысты бақылау, сәулет және қала құрылысы саласында инспекциялау және лицензиялау облыстық атқарушы органы;

коммуналдық шаруашылық органы - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, әкімшілікпен коммуналдық шар-уашылық саласындағы реттеуді жүзеге асыруға уәкілеттілік берілген атқарушы орган;

жер қатынастары жөніндегі орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын,жер қатынастары саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын облыстың, ауданның, (облыстық маңызы бар) қаланың атқарушы органы;

қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орган - қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық және жергілікті атқарушы органы;

мемлекеттік қадағалау органы - жобалау және құрылыс жұмыстарын құрылыс, өртке қарсы, санитарлық, экологиялық, табиғатты қорғау және өзге де нормалар мен ережелерге сәйкестігіне ке-лісулерді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

мердігер – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес тапсырыс берушімен жасалатын мердігерлік шарт бойынша жұмысты орындайтын, және заңнамаға сәйкес лицензиялауға жататын қызмет түрлерін жүзеге асыруға   лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлға;

жобалаушы - тиісті жобалау қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлғалар;

 құрылыс – монтаждау жұмыстарын өндіруге рұқсат - жер телімін құрылыспен игеру, ғимараттарды, құрылыстарды, имараттарды және магистралды инженерлік желілерді салу және қайта жаң-ғырту, аумақты көркейту, жылжымайтын мүлік нысан иесінің, пайдаланушысының немесе жалға алушысының құқығын куәландыратын құжат;

- қала құрылысында жер телімдерін және өзге жылжымайтын мүлік нысандарын рұқсат етілген пайдалану - қала құрылысы регламенттеріне сәйкес жылжымайтын мүлік нысандарын пайдалану: Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай –ақ сервитуттарына сәйкес белгіленген аталған нысандарды пайдалануға шектеулер;

- өз білгендерімен құрылыс салу – өз білгендерімен құрылыстарды (тұрғын үйлер, өзге құрылыстар, имараттар немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы мақсаттар үшін бөлінбеген жер телімінде құрыл-ған жылжымайтын мүлік, сондай – ақ ол үшін қажетті рұқсатты алмай құрылған) салу (тұрғызу), сондай – ақ құрылыс - монтаждау жұмыстарын өндіруге рұқсатсыз нысандарды салу;

- құрылыс алаңы – тұрғызылатын нысанды, уақытша құрылыс пен имараттарды, техниканы, топырақ үйіндісін, құрылыс материалдарын, өнімдерін, жабдықтарын қоймада сақтауға орналастыру үшін және құрылыс - монтаждау жұмыстарын орындау үшінпайдаланылатын аумақ (құрылыс алаңының шекарасы құрылысшы ұйымның жобасы мен жұмыстарды өндіру жобасымен және белгіленген тәртіппен келісіледі);

- пайдаланушы ұйым - нысандарды және инженерлік коммуникацияларды (су құбыры, канализациялық, электр желілері, газбен жабдықтау және жылумен қамту, байланыс желілері).

Ережелерде нормативтік актілерде пайдаланылады өзге ұғымдар қолданылады, оларға сәйкес Ережелер әзірленген.

 

2. Қала құрылысы талаптарын сақталуын қамтамасыз ету

1. Жер телімдерін құрылыс салу үшін берілген кезде оларды пайдалануға қала құрылысы талаптары қаланың бас жоспарын, нақты жоспарлау жобаларын, құрылыс салу жобаларын, сондай – ақ функционалдық - қала құрылыстық аймақтау жоспарын және құрылыс салу ережелерін есепке ала отыра белгіленеді. Аумақтарды пайдалану жөніндегі регламенттер Семей қаласының аумақтарының әрбір түрі бойынша қала құрылыстық аймақтаумен анықталған және барлық жобалау және құрылыс жұмыстарының түрлерінде ескеріледі.

2. Шығыс Қазақстан облысының елді мекен аумақтарында әртүрлі мақсат- тарға арналған нысандарды өз білгенімен   салуға рұқсат етілмеген.

3. Жер телімдерінің тиісінше меншік иелері, пайдаланушылары (жалға алушылары) болып табылатын азаматтардың және заңды тұлғалардың жер телімде-рінде құрылыс салу және пайдалану қала құрылысы регламенттеріне, құрылыс салу ережелеріне сәйкес, жоспарлау жобаларымен белгіленген қызыл сызықтарды сақтай отыра, сондай – ақ экологиялық, санитарлық және өртке қарсы талаптарын ескере отыра жылжымайтын мүлік нысандарын пайдалануға рұқсатты сақтай отыра жүргізіледі. Жер телімдерін пайдалану мақсатты тағайындалуына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Қала құрылысы жобалары, тұрғын алаптардың, өндірістік кәсіпорындардың, ірі қоғамдық ғимараттар мен кешендердің сәулеттік жобалары облыстық әкімдіктің жанындағы сәулет - қала құрылысы кеңесінде қаралуы тиіс.

5. Жеке және заңды тұлғалар:

заңдарда белгіленген тәртіппен бекі-тілген Ережелер мен жобаларға сәйкес құрылыстарды жүзеге асырады;

қоршаған ортаға, тарихи және мәдени ескерткіштерге, табиғатқа, қалалық, ауылдық және табиғи ландшафттарға, инженерлік, көлік инфрақұрылым және аумақты көркейту нысандарына зиянды әсер тигізетін, үшінші тараптардың заңды мүдделерін қозғайтын және іргелес жер телімдерінің және өзге жылжымайтын мүлік нысандарының меншік иелерінің, иеленушілерінің, жалға алушыларының немесе пайдаланушыларының құқықтарын іске асыру үшін кедергі ететін әрекеттерді жасамайды;

қала құрылысы құжаттамасына, құрылыс нормалары мен ережелеріне, экологиялық, санитарлық, өртке қарсы және басқа да арнайы нормативтерге сәйкес жер телімдерін орналасқан ғимараттардың, құрылыстар мен араттардың және өзге жылжымайтын мүлік нысандарының тиісті күтіп ұстау және аймақтарын көркейту жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;

қала құрылысы саласында бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік қадағалау органдарының (мемлекеттік сәулет құрылысты бақылау, мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау, өртке қарсы қызметінің) нұсқамаларын орындайды;

жылжымайтын мүлік нысандарына техникалық түгендеуді өткізетін, мемлекеттік қала құрылысы кадастрын және аумақтарды құрылыспен игеру мониторингін жүргізетін ұйымдарға өз иеліктерінде тұрған жылжымайтын мүлік нысандарының өзгертулері туралы нақты мәліметтерді табыс етеді;

жобалау құжаттамаларының бір данасын (көшірмесін) сондай – ақ   құрылыс салу үшін кешенді инженерлік іздестіру материалдарын, атқарушы түсіруімді жергілікті сәулет және қала құрылысы органының мұрағатына, оның жоқ болған жағдайында облыстық сәулет және қала құрылысы органының мұрағатына өтеусіз тапсырады;

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама талаптарын сақтайды.

 

3. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры және елді мекен аумақтарындағы нысандарының мониторингі

6. Қаланың сәулет және қала құрылысы бөлімінің мемлекеттік қала құрылысы кадастрының (МҚҚК) мамандары МҚҚК дерекқорын жаңартып отырады және әлеуметтік саласының,   инженерлік және көлік инфра құрылымының бұрыннан бар және жаңадан пайдалануға енгізілген нысандар мен кешендердің мәліметтерін енгізеді.

7. Мемлекеттік, жеке және коммерция- лық құпияны құрайтын   мәліметтерден басқа, мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мәліметтері азаматтар мен заңды тұлғалар үшін ортақ қол жетімді болып табылады және сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органымен белгіленген тәртібімен беріледі.

8. Қаланың аумағында орналасқан нысандарының барлық мониторинг мәліметтері қала құрылысы кадастрына енгізілуі тиіс.

 

2 бөлім

Елді мекен аумақтарын құрылыспен игеруді реттеу

4. Жер телімдерін пайдалану жөніндегі шарттар мен талаптар

9. Қолында тиісті жер телімі жоқ, бірақта құрылысты жүзеге асыруға ниет еткен тапсырыс беруші заңдарда қарастырылған жағдайларда мемлекеттен жер теліміне құқығын алуға (сатып алуға) құқылы.

10. Жер телімдеріне құқықтарды беру тәртібі Қазақстан Республикасының жер заңнамасымен реттеледі.

11. Құрылыс салу үшін жер телімдеріне құқықтарды сату жөніндегі саудаларды жүргізу кезінде қатысушыға келесі қосымша талаптар белгіленуі мүмкін:

 - жылжымайтын мүлік нысандарын бұзу, тұрғындарды басқа жерге көшіру, көлік имараттары мен коммуникацияларын, байланыс және инженерлік жабдықтарды көшіру шығындарын және өзге де жұмсалған қаражаттарды өтеу;

- инженерлік, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салу (заңдарда қарастырылған жағдайлардан басқа);

- жылжымайтын мүлік нысандарын салу мерзімдерін сақтау;

- ортақ пайдаланыстағы аумақтарды көркейту.

Жер теліміне құқықтары басқа тұлғаға көшкен жағдайда аталған талаптар сақталады.

12. Қоршаған орта мен халықтың денсаулығына тікелей немесе жанама әсерін тигізетін және азаматтардың заңы мүдделерін қозғайтын (асфальт-бетон зауыттары, құрылыс материалдарын өндіру, металлургиялық және химия- лық кәсіпорындар, жанармай құю станциялары, жанар –жағар материалдар қоймалары, көлік тұрақтары, наубайханалар және т.б.) жобаланатын нысандарды орналастыру жер телімін таңдау кезінде қоршаған ортаға, халықтың денсаулығына тигізетін әсерін бағалауды қоса және қоғамдық пікірді ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс. Қоршаған ортаға әсерін бағалау экологиялық және өзгеде қабылданатын шаруашылық шешімдердің нұсқаларының салдарын анықтау, қоршаған ортаны қайта қалпына келтіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу, табиғи экологиялық және табиғи ресурстардың жойылуын, құлдырауын, зақымдануын және таусылуын болдырмау мақсатында жүргізіледі. Қоршаған ортаға әсерді бағалау құжат түрінде ресімделеді, ол жоба алды және жобалау құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылады. Қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерін тигізетін жобаларды қоршаған әзірлеу және жүзеге асыру ортаға әсерін бағалаусыз рұқсат етілмейді.

13. Құрылыс салу үшін жер телімін беру кезінде сәулет органы тапсырысшының құрылыс нысанын орналастыру жөніндегі келісуді мемлекеттік органдармен және пайдаланушы ұйымдармен өту үшін бастапқы – рұқсат етуші құжаттарды дайындауды қамтамасыз етеді, онда мыналар көрсетіледі:

- жер телімінің орналасқан жері, соның ішінде: ортақ пайдаланыстағы жасыл желектердің болуы, оларды сақтап қалу немесе келтірілген зиянның орнын толтыра отыра бұзу мүмкіндігі, су қорғау аймақтары және жердің жоғар-ғы бетіндегі су нысандарының жолағы, жер үстіндегі және жерасты сумен қамтамасыз ету көздерін санитарлық қорғау аймақтары, бұрыннан бар кәсіпорындардың санитарлық – қорғау аймақтары және онда жобаланған нысанды орналастыру мүмкіндігі;

- ғимараттың , көлік тұрақтарының және басқа элементтерінің алаңдары көрсетілген бөлінген аумақтың алаңы;

- жоспарлау жобалары мен аумақты құрылыспен игеру жобаларына сәйкес телімнің жобалау шекарасы және қоршаған нысан телімдерінің шекарасына дейін арақашықтық;

- жер телімдерінің рұқсат етілген мақсатты пайдалануы;

- жер телімдерінің инженерлік, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілуі.

14. Қала (аудан) әкімдігі жеке тұрғын үйлерді, көлікжайларды, саяжай құрылыстарын, шаруашылық құрылыс нысандарын салу үшін жер телімдерін беру туралы шешім шығарған кезінде берілетін жер телімінде жобалауға және/немесе құрылыс салуға қоса рұқсат етуге құқығы бар.

15. Құрылыс салу үшін берілген ке-зінде жер телімдерін пайдалануға қала құрылысы талаптары елді-мекеннің бас жоспарына, жоспарлау және құрылыс салу жобаларының, сондай-ақ осы Ережелер негізінде белгіленеді.

16. Сәулет органы жер қатынастары органымен бірлесе отырып елді-мекеннің бас жоспарына және басқа актілерге сәйкес құрылыс нысанын салу үшін жер телімін пайдалану мүмкіндігін анықтайды.

17. Қала (аудан) әкімдігі жобалау және/немесе құрылыс салу мақсатында жер телімін беру туралы шешім қабылдағаннан кейін сәулет органы мен құрылыс салушының арасында жер телімін игеру шарты жасалуы мүмкін, онда мына шарттар анықталады:

- жер телімінің орналасқан жері;

- жер телімін игеру мерзімі;

- жер телімінің игеруін аралық бақылау мерзімі;

- жоспарлау жобалары мен аумақты құрылыспен игеру жобаларына сәйкес жер телімінің шекара жобасы;

- жер телімдерінің рұқсат етілген мақсатты пайдалануы;

- жер телімдерінің инженерлік, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілуі.

- жер телімін игеру кестесін орындамау себебінен құрылыс салушыдан жер телімін (жерді пайдалану құқығы) алып қою шарты және құрылысты іске асыру кезінде оның шығындарын өтеуін қамтамасыз ету;

- сұралған жер телімін құрылыс салу үшін беру мүмкін емес болған кезде сәулет органы сұрау салынған маңызымен қоса негіздемесі бар   және бас тарту себептерін көрсете отырып бас тарту туралы қала әкімінің шешімін (хатын) да-йындайды;

- Қала әкімі жер телімін беру кезінде қаланың келешектегі дамуын ескере отыра оларды пайдалану үшін қосымша талаптарды белгілей алады;

- қалада жер телімдерін беру Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;

- меншік құқығымен немесе ұзақ мерзімді жалға алу құқығымен жер телімін беру кезінде қала әкімі конкурс немесе аукцион жариялауға құқылы.

 

5. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын өндіруге рұқсат

18. Белгіленген тәртіппен бекітілген, жергілікті (аудан, облыстық маңызы бар қалалар) сәулет және қала құрылысы органдарымен келісілген, сондай-ақ сараптаманың оңды қорытындысын алған жоба (эскиздік жоба) құрылыс – монтаждау жұмыстарын өндіруге рұқсат алу үшін негіз болып табылады.

19. Құрылыс – монтаждау жұмыстарын өндіруге (құрылыс салуды бастауға және өтпелі құрылыстар бойынша жыл сайын-ғы ұзарту) рұқсат беру (беруден негізі көрсетілген бас тарту): республикалық маңызы бар нысандардың құрылыс сапасы үшін мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылауды жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен ;

- жергілікті маңызы бар нысандардың құрылыс сапасы үшін мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылауды жүзеге асыратын облыстық атқарушы органымен жүргізіледі;

20. Шағын бизнес субъектілерінің қызметі жеке үй-жайларды және тұрғын ғимараттардың (үйлердің, жатақханалардың) жеке бөліктерін қайта жаңғыртумен (қайта жоспарлау, қайта жабдықтаумен) байланысты, қолдарында тиісті жергілікті атқарушы органның шешімі болған жағдайда құрылыс монтаждау жұмыстарын өндіруге рұқсатты ведомствоға қарасты аумақта сәулет-құрылысты бақылауды жүзеге асыратын облыстың атқарушы органы береді;

Құрылысты салуға рұқсат құрылыс салуға рұқсат берген органда тіркелуі тиіс.

21. Құрылысты салуға рұқсат, сондай-ақ қала құрылыс регламенттеріне, құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес жылжымайтын мүлік нысандарын салу және қайта жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруды бақылау заңнамада қарастырылған жағдайлардан басқа, құрылыс салуға рұқсат берген органға жүктеледі.

22. Мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау органдары немесе сәулет органдары құрылыс салуға рұқсат беруден бас тартулар келесі жағдайларда мүмкін:

- жер телімін мақсатты пайдаланбау;

- жобалау құжаттамаларының жер телімін пайдалану рұқсатына сәйкеспеуі;

- жобалау құжаттамаларының құрылыс нормалары мен ережелеріне, сондай-ақ табиғатты қорғау, санитарлық және өртке қарсы нормативтеріне, жолда жүру қауіпсіздігі туралы заңнама талаптарына сәйкеспеуі;

- орындаушының лицензиясы жоқ болуы.

23. Құрылыс салуға рұқсат бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі. Құрылыс салуға рұқсат тапсырыс берушінің өтініші негізінде ұзартылуы мүмкін. Рұқсаттың мерзімі жұмыстарды өндіру ережелерін бұзу деректері, бекітілген жобадан ауытқу және қолданыстағы заңнама нормалары бұзушылық анықталған жағдайда тоқтатылуы мүмкін. Ол кезде тапсырыс берушіге жазбаша түрде тиісті нұсқама беріледі.

24. Жылжымайтын мүлік нысандарына меншік құқықтары ауысқан кезде оларды салуға рұқсаттарының мерзімі сақталады. Құрылыс салуға осы рұқсат  қайта тіркелуге жатады. Қайта тіркеусіз жұмыстарды өндіруге рұқсат етілмейді.

Рұқсат етуші құжаттарсыз жергілікті сәулет органдарының міндетті түрдегі бақылауында келесі құрылыс жұмыстары орындалады:

- жабынның конфигурациясын, түсін және типін өзгертпей жөндеу, мөлшері мен пішінін өзгертпей ағаш өнімдерін ауыстыру, ішкі өңдеу жұмыстары, қасбет элементтерін және түсін өзгертпей сыртқы өндеу жұмыстары, бұрыннан бар инженерлік қамтамасыз ету сұлбаларын, үй-жайлар мен қасбеттерінің жоспарлауын өзгертпей ғимараттар мен имараттарда санитарлық - техникалық құрыл-ғыларды жөндеу және ауыстыру.

 

6. Құрылыс алаңдарын күтіп ұстау жөніндегі талаптар

25. Құрылыс алаңы құрылыс салушының қарауында тұрады. Мердігерлік құрылыс әдіс кезінде, егер құрылыс алаңы өзге құрылыстың қатысушысына   алаңның жағдайын, дайындық және құрылыс жұмыстары белгіленіп отыратын кесім (хаттама) бойынша тапсырылмаған жағдайда, құрылыс-монтаждау жұмыстарын өндіруге рұқсат берілген сәттен бастап құрылыс алаңы мердігердің қарауында болып саналады.

26. Құрылыс-монтаждау жұмыстары басталмастан бұрын, құрылыс алаңын және жұмыстардың қауіпті аймақтарын оны шегін қоршап қою қажет.

Құрылыс алаңының шекарасы қолданыстағы нормалар мен ережелерге сәйкес әзірленген, барлық мүдделі органдар мен қызметтермен келісілген және сәулет органымен бекітілген құрылыстың бас жоспарымен анықталады.

Алаңның кіреберісіне нысанның атауы, құрылыс салушының (тапсырыс берушінің), мердігердің (бас мердігердің) атауы, нысан бойынша жауапты тұлғаның тегі, лауазымы және телефоны, сондай-ақ құрылыс нысанының бас-талу және аяқталу мерзімдері көрсетілген ақпараттық қалқанды орнату қажет.

Қалдықтарды өңдеумен байланысты ғимараттар, имараттар және басқа нысандарды салу кезінде құрылыс салушы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген экологиялық, санитарлық және басқа талаптарды сақтау керек.

Қажет болған жағдайда құрылыс алаңы қоқысты жинау үшін құрылғылар немесе бункерлермен, сондай –ақ көлік құралдырының дөңгелектерін шыға берісте тазалау немесе жуу пунктерімен, ал желілік нысандарда жергілікті атқарушы органдармен анықталған орындарда жабдықталуы мүмкін.

Құрылыстың бас жоспарында қарастырылған көшелерді жабу, көлік қозғалысына шектеу жөніндегі іс-шаралар, жұмыстар басталар алдында жұмыс атқарушы ішкі істер органдарының жол полициясымен   келісіледі. Шектеулердің қажеттілігі аяқталғаннан кейін, аталған органдардың назарына қойылады.

27. Құрылыс алаңы, онда орналасқан ғимараттар, уақытша құрылыстар мен имараттар заңнама талаптарына сәйкес келуі тиіс.

 

бөлім

Азаматтық - өнеркәсіп және басқа маңызы бар нысандарды салу

7. Жалпы талаптар

28. Нысанды жобалауға рұқсат етуші құжаттар болып мыналар табылады:

- қала (аудан) әкімдігінің жобалауға (зерттеу, іздестіру жұмыстарын жүргізуге) рұқсат ету туралы қаулысы;

- сәулет органының сәулеттік –жоспарлау тапсырмасы.

29. Рұқсат етуші құжаттар келесі жобалау жұмыс түрлерін өткізу үшін ре-сімделеді:

 - жаңа құрылысы жобалау, ғимараттар, имараттар және әртүрлі маңызы бар кешендерді қайта жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау), кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу;

- күрделі жөндеуді жобалау, қалпына келтіру және консервациялау, тарихи, археология, мәдениет және сәулет ескерткіштеріне жататын нысандар мен имараттардың қорғау аймағын анықтау;

- жаңа құрылысы жобалау, жерасты және жер үстіндегі инженерлік коммуникациялар мен имараттарды, автомагистралдарды, көшелерді, өтпе жолдарды және көлік имараттарды, қоғамдық көлік аялдамаларды қайта жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау), кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу;

- жаңа құрылысы жобалау, алаңдарды, саябақтарды және басқа әртүрлі маңызы бар жасыл аймақтарды, қауыздарды және су бұрқақтарын, қоршауларды және шағын сәулет нысаналарын, көше жарықтандыруларын, ғимараттар, имараттар және кешендердің, әртүрлі жарнамалардың жарықтарын, ақпараттық құрылғылардың және көше көрсеткіштерін қайта жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау), кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу, қоғамдық маңызы бар аумақтарды көркейту жөніндегі өзге жұмыстар;

- табиғи ландшафтарды жобалау;

- уақытша маңызы бар нысандарды (павильондар, дүңгіршектер, жазғы алаңқайлар, базарлар, көлік тұрақтары, көлікжайлар, жанармай құю станциялары, автомобильдердің техникалық байқау және диагностикалау пункттері, әртүрлі маңызы бар қосалқы құрылыстар мен имараттар, қоршауларды, уақытша инженерлік желілерді, көше жарықтарын орнату және басқа нысандарды) орналастыруды және көркейтуді жобалау;

- нәтижесінде нысанның функционалдық   пайдалануы және сыртқы мөлшерлері өзгерілетін, құрылыстарды бұзу және жасыл желектерді, аумақтарды жоспарлау жөніндегі жер жұмыстарын, ғимараттар, имараттар және құрылғылардың сыртқы және ішкі қабырғаларын бұзу, асфальттау, бетондау және тротуар плиткаларын негізгі жаяу жүрушілер телімдерінде және алаңдарда төсеу және өзге жұмыс түрлерін жобалау;

30. Рұқсат етуші құжаттарсыз, бірақта сәулет органы тарапының бақылауында болып келесі құрылыс жұмыстары жүргізіледі:

- бұрын келісілген жобалау құжаттамасы бойынша ағымдағы жөндеу;

- мерекелік көпшілік іс-шараларды өткізу кезеңінде халыққа қызмет көрсету үшін сауда нүктелерін орналастыру;

 

8. Құрылыс және қайта жаңғыртуды жобалау

31. Жаңа құрылысты жобалау, қайта жаңғыртуды (қайта қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеуді) және нысандарды көркейтуді жобалау қала (аудан) әкімдіктерінің қаулыларына және тапсырысшы бекіткен жобалауға арнал- ған тапсырмаға сәйкес жүзеге асырылады.

Стратегиялық, экологиялық қауіпті және трансшекаралық нысандарды жанадан салуды жобалау қоршаған ортаға көзделіп отырған шаруашылық қызметтің ықпалын және жобалау нысаны бойынша қоғамдық пікірді ескере отыра берілген бағалау материалдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады, ал қалған нысандар «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі міндетті түрде әзірленуімен. Қоршаған ортаға көзделіп отырған шаруашылық қызметтің ықпалын және жобалау нысаны бойынша қоғамдық пікірді ескере отыра берілген бағалау материалдары, сондай-ақ «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі бойынша берілген экологиялық сараптаманың оңды қорытындысы жергілікті атқарушы билік органдары үшін жобалау құжаттамасын, сондай-ақ құқықтық, ұйымдастырушылық және шаруашылық шешімдерді әзірлеу жөніндегі шешімді қабылдауға негіз болып табылады.

Жобалау құжаттамасын әзірлеу санитарлық, экологиялық, өртке қарсы талаптарына және құрылыс нормаларына, жолда жүру қауіпсіздігі туралы заңнамасына ескеріліп сәулет органы беретін сәулет – жоспарлау тапсырмасына сәйкес орындалады. Сәулет – жоспарлау тапсырмасына табиғи-климаттық және қала құрылысы жағдайларын ескере отырып, сондай-ақ сәулеттік шешімдер, қазіргі заманға сай құрылыс және өңдеу материалдарын қолданып қасбеттер мен ішкі үй-жайларды, жабынды және шатыр үй-жайларын өңдеуді, жабыннан және нысанның айналасындағы аумағынан ағатын атмосфералық жауын – шашындардың су қайтарғыш жүйесін, аумақты көркейту және көгалдандыруды, көшелердің көлік жүретін жолдары мен тротуарларын   төсеуді, шағын сәулеттік нысаналарды, жарнаманы, жарықтандыруды және тәуліктің түнгі уақытында жарық түсіруді ескере отырып әртүрлі мақсаттарға арналған нысандарды жобалау жөніндегі жалпы ұсыныстары енгізіледі.

32. Жобаны әзірлеу келесі кезеңдермен жүзеге асырылады:

жоба алды құжаттаманы әзірлеу (құрылыстың эскиздік жобасы және техникалық-экономикалық негіздемесі);

«Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі;

жобаны сараптау;

жобаны бекіту;

33. Жобалауға тапсырмаға, сәулет – жоспарлау тапсырмасына және басқа бастапқы материалдарға сәйкес әзірленген жобалау құжаттамасы (жобалау-сметалық) құжаттамасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес келісімдер мен бекітуден өтеді.

Әзірленген жобаны тапсырыс беруші сараптаманың қарауына ұсынады. Жобаның құрылыс нормаларынан, сәулет-жоспарлау тапсырмасының талаптарынан ауытқулар болған жағдайда белгіленген тәртіппен ескертулерімен қоса оны қайтадан қарау үшін түзетуге қайтарылады.

34. Магистралды инженерлік желілер мен имараттарды жобалау пайдаланушы және өзге ұйымдардың тапсырысы бойынша жүзеге асырылады. Магистралды инженерлік желілер мен имараттарды салуға мүдделі. Оларды пайдаланушы ұйымдардың теңгеріміне тапсырылуымен жеке және заңды тұлғалар осы ретте оларды   жобалау және құрылысын салуға тапсырыс беруші бола алады.

Нысандардың қызметін қамтамасыз ететін таратушы және алаң ішіндегі инженерлік желілерді, сондай-ақ ғимараттар мен имараттардың ішіндегі желілерін ұзындығына қарамастан жобалау, пайдаланушы ұйымдардың техникалық шарттарына сәйкес құрылыс салушының тапсырыс және бас жоспарға сәйкес келешектегі даму бойынша жүзеге асырылады.

35. Инженерлік желілердің жобалары толыққанды топографиялық - геодезиялық негізінде орындалады және заңдарда белгіленген тәртіппен сәулет органымен келісілуі тиіс.   

 

9. Құрылыс салу

36. Қолдарында сараптама органының оңды қорытындысы және жер теліміне меншік құқығына акт немесе жерді пайдалану құқығы бар азаматтар мен заңды тұлғалар (тапсырыс беру-шілер) құрылыс-монтаждау жұмыстарын өндіруге рұқсат беру туралы мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылауды жүзеге асыратын органға өтініш беру үшін келесі құжаттарды тапсырады: 

белгіленген нысанадағы өтініш;

құрылыс салу үшін жер телімін беру туралы қалалардың (аудандардың) жергілікті атқарушы органдарының шешімі;

белгіленген тәртіппен бекітілген жоба (эскиздік жоба);

құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруға құқығы бар жұмыс түрлерінің тізімімен қоса мемлекеттік лицензия;

қала немесе ауданның инженерлік қызметтерімен келісілген құрылыстың бас жоспары, технологиялық құжаттама (технологиялық карта, құрылысты ұйымдастыру және жұмыстарды өндіруге жоба);

сәулет және қала құрылысы, санитарлық-эпидемиологиялық және өртті қадағалау органдарының, мемлекеттік экологиялық сараптаманың және басқа уәкілетті органдардың жоба бойынша қорытындылары (қажет болғанда);

«Сейсмологиялық төзімді құрылыс және «Құрылыстағы геодезия» курстары бойынша оқытуды өтуі туралы жа-уапты тұлғалардың куәліктері (қажет болғанда);

құрылыс алаңын қабылдау жөніндегі комиссия кесімі (қажет болғанда);

ғимараттарды, құрылыстарды және имараттарды бұзу кесімі (бұзу болса);

жобалаушы ұйыммен жасалған авторлық қадағалауға шарт (жобалаушымен);

нысанның құрылысын технологиялық қостауға шарт;

белгіленген нысанадағы бас мердігердің жауапты тұлғалары мен тапсырыс берушінің қол қою үлгілері;

сараптаманың оңды қорытындысы.

37. Тапсырысшы өткізген қажетті құжаттар бойынша мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылауды жүзеге асыратын орган жұмыстарды өндіруге рұқсат береді.

38. Құрылыс ұйымдарының өкілде-рімен бірге жеке және заңды тұлғалар сәулет органдарында нысанды немесе кешенді шынайы түрге шығару үшін тиісті құжаттарды ресімдейді.

39. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын өндіруге рұқсат алған құрылыс салушы (тапсырыс беруші) 7 күннен кешіктірмей тиісті жергілікті атқарушы органды және мемлекеттік қадағалау органдарының өкілдерін құрылыс алаңында жұмыстардың басталғаны туралы хабарландыруы қажет.

40. Жұмыстарды өндіруге рұқсат ал-ған соң тапсырыс беруші сәулет органынан құрылыстың бас жоспарын және жер жұмыстарын өндіруге рұқсат (ордер) алу үшін құрылыс салуға жерді бөлу сұлбасын тапсыруы қажет.

41. Құрылыс кезінде жобаны және құрылыс-монтаждау және өңдеу жұмыс- тарының сапасын бұзғаны үшін азаматтар мен заңды тұлғалар қолданыстағы Қазақстан Республикасының   заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

42. Тапсырыс беруші нысанын немесе кешеннің құрылысын аяқтаған соң пайдалануға қабылдауға дейін сәулет органына нысанның атқарушы топо-графиялық түсірімі мен инженерлік коммуникациялардың сұлбасын тапсырады.

 

10. Құрылысы аяқталған нысандарды қабылдау

43. Қайта жаңғыртуы, кеңейтуі, техникалық қайта жарақтандыруы, қайта қалпына келтіруі және күрделі жөндеуі аяқтал-ған соң нысандар мен кешендерді пайдалануға қабылдау «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

44. Нысандарды пайдалануға қабылдау мемлекеттік қабылдау комиссиясымен (қабылдау комиссиясымен) нысанның түгелдей дайын болған кезінде жүргізіледі.

Егер ішкі қаптау, сырлау, тұсқағаз жапсыру жұмыстарсыз, таза едендерді орнатусыз, санитарлық-техникалық жабдықтар мен аспаптарды, тұрмыстық мақсатындағы электротехникалық аспаптарды, газ және электр асхана плитасын, пәтер ішіндегі есік блоктарын орнатусыз, оларды кейін сатып алушылардың мүмкіндігі мен тілектерін ескере отыра орындалатын жағдайлар бекітілген жобада қарастырылған болса тұрғын үйлер және қоғамдық ғимараттар түгелдей дайын болды деп есептеледі. Ортақ пайдаланыстағы нысан бойынша сыртқы өңдеу, сондай-ақ үй-жайлардың (ғимарат бөліктерінің) ішкі өңдеу жұмыстары толық көлемде орындалуы тиіс. Осындай нысандарды мемлекеттік қабылдау комиссиясымен (қабылдау комиссиясымен) жоғарыда аталған барлық жұмыстары аяқталған соң қабылданады.

45. Мемлекеттік қабылдау актісін ре-сімдеуге дейін тапсырыс берушілер мердігерлермен бірге:

- жұмыс комиссиясының актілерін;

- қажетті атқарушы құжаттамаларды дайындайды.

46. Нысандар мен кешендерді қабылдау жұмыс комиссиясымен ескертулерді жойғаннан кейін жүзеге асырылады және мемлекеттік қабылдау комиссиясымен белгіленген тәртіппен бекітілген кесімдерімен, немесе қабылдау комиссияның кесімдерімен ресімделеді.

Құрылыс –монтаждау жұмыстарын өндіруге рұқсаты болған кезде құрылысы аяқталған техникалық жағынан күрделі емес нысандарды тапсырыс беруші өздігінен пайдалануға қабылдауды жүзеге асыра алады.

47. Пайдалануға енгізілетін нысандар мен кешендер тиісті қаланың немесе әкімшілік ауданның мемлекеттік қала құрылысы кадастр қызметінде тіркеуден өтеді.

48.Белгіленген тәртіппен бекітілген салынған нысанның мемлекеттік қабылдау комиссиясының кесімі жылжымайтын мүлікке және олармен мәмілелер жасауға мемлекеттік құқықтарды тіркеу органында нысанды тіркеу үшін негіз болып табылады. Нысандарды кепілдендірілген пайдалану мерзімдері заңнамаға сәйкес белгіленеді.

 

11. Инженерлік желілермен имараттарды салу және жөндеу жөніндегі жұмыстарды өндіруге талаптар

49. Инженерлік желілер мен имараттарды бүлінуден қажетті сақтандыру және алдын алу шараларын қабылдау үшін жұмыстарды өндіруге жауапты тұлға    жұмыстар басталмастан бұрын мүдделі ұйымдардың өкілдерін жұмыс орнына шақырады, олармен бірлесіп бұрыннан бар желілер мен имараттардың нақты орналасқан жерін анықтайды және оларды толық сақтау шараларын қабылдайды.

Мүдделі ұйымдардың басшылары жұмыстарды өндіретін орнына өзінің өкілдерін баруын қамтамасыз етеді және жұмыстарды өндіру кезінде оларға тиесілі желілер мен имараттардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жазбаша түрде толыққанды нұсқама шарттарды береді.

Уәкілетті органмен берілген және қаланың (ауданның) тиісті қызметтерімен берілген жердегі жұмыстарды өндіруге ордердің бар болған кезінде жол бетін ашу және көшелерді, алаңдарды және басқа ортақ пайдаланыстағы орындарды қазу жөніндегі жұмыстары жүргізіледі.

50. Жұмыстарды жүргізуге жауапты тұлға жұмыстар басталмай тұрып мыналарды орындауы қажет:

жұмыстарды өндіруге құқығына ордерді сәулет органында ресімдеу;

қазу шекарасының бойымен белгіленген үлгідегі белгілерді орнату;

жаяу жүрушілердің жүретін орындарда жаяу жүрушілердің тұтқалары бар кішкене көпірлерді дайындау және түнгі уақытта қазу телімін жарықтандыруды қамтамасыз ету;

ағынды су жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтуға шараларды қабылдау;

механизмдер жұмыс істейтін аймақта жасыл желектер бар болған кезде оларды қалқандармен оқшаулау, олардың сақталуын кепілдендіретін және лотоктар мен құдықтарға жол ашық болуын қамтамасыз ету;

ғимараттарды, имараттарды, коммуникацияларды жөндеу және қайта жаңғырту кезінде нысандарды қоршау жөніндегі нормалар мен ережелерді сақтау, жасыл желектерді кесуге жол бермеу;

шамадан тыс топырақ пен құрылыс қоқысын уақытылы шығаруды қамтамасыз ету;

құрылыс және жөндеу аяқталған соң құрылыс алаңдарында бұзылған жол төсеніштерін, көгалдарды, аула аумағын қайта қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды, сондай –ақ айналасындағы аумақты қоқыстан тазарту жұмыстарын уақытылы жүргізу.

Жер асты коммуникацияларын құру немесе жөндеумен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде:

тротуардың, көлік жолының үстінде және көгалдардың үстінде шыққан топырақты, құрылыс материалдарының қалдықтары мен қоқысты қалдыруға ;

жасыл желектерді, құдықтардың қақпақтарын және ағынды су канализациясын көміп тастауға рұқсат етілмейді.

Жолды жабуды қажет ететін қазба жұмыстары кезінде айналып өту жолы анық тиісті белгілермен белгіленеді.Автокөліктің бағытын өзгерту қажет бол- ған кезде тапсырыс беруші азаматтарды бұқаралық ақпарат құралдары ар-қылы хабарландырып, жергілікті атқарушы органдармен және  жол полициясымен келіседі.

51. Траншеяларды қазу жол бетін барынша сақталуын кепілдендірілген алдын ала   дайындықтан соң жүзеге асырылады.

52. Жұмыстарды орындау орнына материалдарды жеткізу жұмыстардың бас- талуына дейін (немесе келісілген кесте бойынша) рұқсат етілген.

53. Жерасты коммуникацияларын салу үшін траншеялар мен шұңқырларды қазу көшелерде, алаңдарда және өзге   көркейтілген аумақтарда мына шарттарды сақтай отыра жүргізіледі:

жұмыстарды өндіру жобасына сәйкес қысқа-қысқа телімдермен орындалады;

келесі телімдерде жұмыстарды   бас-тауға тек қана алдыңғы телімде барлық жұмыстар аяқталған соң, оған қалпына келтіру жұмыстары мен аумақты жинау- ды қосқанда;

траншеялар мен шұңқырларды қаз-ғаннан шыққан топырақты жұмыс орнынан шығару керек;

траншеяларды құм, малта тасты топырақпен, ұсақталған тастармен немесе цементтеу қасиеті жоқ, аз нығыздалатын материалдармен, қабат – қабат бойынша тығыздай отыра қайта көму жүргізіледі;

ені 4-7 метр болатын асфальт-бетон бедері бар көшелерде магистралды инженерлік желілерді салу кезінде сол көшенің бар ені бойынша қайта қалпына келтіріледі, ал ені 7 метрден асатын болса асфальт-бетон бедері траншея бойынша және құрылыс механизм-дері жұмыс істеген жерлерінен қалпына келтіріледі;

ені 1,5-2,0 метр болатын асфальт-бетон бедерлі тротуар бойынша телефон канализациясын, электр кабельдерін және басқа инженерлік желілерді салу кезінде тротуардың бар ені бойынша асфальт-бетон бедері қайта қалпына келтіріледі. Жасыл желектерді, жерасты имараттарының құдық қақпақтарын, су ағатын торшаларды және лотоктарды көміп тастауға рұқсат етілмейді.

Ортақ пайдаланыстағы жасыл желектер бойынша желілік имараттарды салуға рұқсат етілмейді.

54. Траншеяларды әзірлеп болған соң жұмыс өндірісіне жауапты тұлға сәулет органының өкіліне әзірленген траншеялар инженерлік желілер жобасына сәйкес екенін куәландырады және осы сәйкестікті кесім арқылы ресімдейді.

55. Құрылыс –монтаждау жұмыстарын өндірген немесе аяқталған кезде инженерлік желілер трассалары жобаға сәйкеспеген жағдайда сәулет органдары осы желілерді орынын ауыстырып қайта салуға ұйғарым береді. Жобаға сәйкес келтіру үшін инженерлік желілерді қайта құрастыруға және олардың жабдықтарына жұмсалған шығындар осы жұмыстарды өндірген ұйымның есебінен орындалады.

56. Топырақтан жасалған жолдарды қазу кезінде, қазуды жүргізген ұйым жұмыстар аяқталған соң топырақты қабат-қабат тығыздайды қайта көмуді орындайды.

 57. Инженерлік желілерді монтаждауды және   инженерлік имараттарды ақтаған соң топырақпен жапқанға дейін құрылысты жүзеге асыратын құрылыс салушы ұйым атқарушы құжаттаманың бір данасын сәулет органына тапсырады.

Люктары және құдықтары бар (бұрылу бұрышы жоқ түзу телімдерде) коммуникацияның атқарушы түсірісі траншея- ны көмгеннен және сыртқы көркейту элементтерін түгелі қайта қалпына келтіргеннен кейін жүргізілуі мүмкін.

58. Барлық инженерлік желілер немесе имараттардың атқарушы түсірімдері жергілікті сәулет органдарына тапсырылады. Атқарушы сызба инженерлік желілер немесе имараттардың    төлқұжаты және салынып жатқан нысанның аспаптық геодезиялық түсірісінің негізінде орындалған жоспар мен пішіні болып табылады.

59. Құрылысы аяқталған инженерлік желілерді мемлекеттік немесе жұмыс комиссиясымен пайдалануға қабылданады, оған тапсырыс берушінің, сәулет органының, мемлекеттік қадағалау, бас мердігер, қосалқы мердігер ұйымның, жобалау ұйымның және қажет болса басқа мүдделі ұйымдардың өкілдері кіреді. Пайдалануға енгізілетін инженерлік желілер тиісті қаланың немесе әкімшілік ауданның мемлекеттік қала құрылысы кадастры қызметінде тіркеуден өтеді.

60. Комиссия көрсетілген құжаттаманы қарап, салынған имараттардың болмысына байқау жүргізеді және:

орындалған жұмыстардың атқарушы сызбаларға сәйкестігін;

орындалған жұмыстардың сапасын;

кемшіліктерді анықтайды.

61. Инженерлік желілерді пайдалануға қабылдау люктарды, құдықтарды және көркейту элементтерін толық қалпына келтіруді қосып санағанда, барлық жұмыстар аяқталған соң жүргізіледі.

62. Көшелердегі және   қаланың квартал ішіндегі аумақтардағы(елді мекеннің) құдықтардың, жылу камераларының, люктардың жағдайына осы инженерлік желілер қарауында тұрған пайдаланушы ұйым мен ведомство жауапкершілігінде.

 

12. Инженерлік желілерді авариясын жою жөніндегі қалпына келтіру жұмыстары

63. Өндірістің жұмысы тоқтап қалу, бақытсыздық жағдайлар себебі болған жерасты желілері мен имараттардың зақымдануы кезінде осы имараттар пайдалануында тұрған ұйым басшылары немесе өзге уәкілетті өкілдері авария туралы сигнал алғаннан кейін:

зақымдалған желілерді өшіру және басқасына қосу үшін жауапты тұлғаның басшылығымен авариялық бригаданы шақырады;

коммуналдық шаруашылық органын, жол полициясын, өртке қарсы қызметін, сондай –ақ авария болған жерде шектес жерасты шаруашылығы орналасқан басқа ұйымдарды авария туралы хабарландыру береді.

Аталған ұйымдардан басқа қоршаған ортаға зиян келтірілген жағдайда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі органға хабар береді, су құбырлары және / немесе канализациялық желілерді болса - санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне.

Егер ірі авария түнгі уақытта болса, аварияларды жою жөніндегі ұйымның   іс әрекеттерін үйлестіру үшін қала (аудан) әкімі аппаратының кезекшісіне жеделхат беріледі.

64. Авария жою жөніндегі жұмыстар кезінде жолды жабу қажет болса жол полициясы органдары уақытша жолды жабу және айналып өту бағыты, сондай-ақ зақымданған желілердің иесімен зақымдануды жою мерзімін анықтау туралы мәселені шешу жөніндегі шараларды қабылдайды.

65. Аварияларды жою жөніндегі барлық жұмыстарды өндіру кезінде жұмыс-тарды істеп жатқан ұйым жұмыстарды тоқтатпастан сәулет органдарында жұмыстарды өндіруге ордерде алады. Жол бетінің бедерін, сондай-ақ басқа да көркейту элементтерін қайта қалпына келтіру жұмыстар аяқталған соң жүзеге асырылады.

66. Егер жерасты имараттары жарамсыздыққа келсе және олардың орнынан пайдалануға келетін өзге имараттар бар болса жарамсыз имараттар пайдаланудан шығарылып топырақтың астынан алынып тасталады.

67. Қолданыстан шыққан имараттарды жою және қазылған жол бетін қалпына келтіру жөніндегі жұмыстары осы ережелерде белгіленген тәртіппен сәулет органының рұқсатын (ордерін) алған соң кейін жүргізіледі.

Қазуға берілген ордерде көрсетілген шарттар бұзылған жағдайда, мемлекеттік сәулет-құрылысты қадағалауды жүзеге асыратын органдар жіберілген бұзушылықтарды жою, тәртіппен белгіленген келтірілген зиянды үшін шығындардың орнын толтыру үшін басталған жұмыстарды тоқтатуға құқықтары бар.

 

4 бөлім

Уақытша имараттарды орналастыру

13. Сауда нысандарын орналастыру

68. Көшелердің эстетикалық сәулеттік келбетін сақтап қалу және тиісті санитарлық қалпында күтіп ұстау мақсатында сауда нысандарын (жиналмалы сауда сөрелері, сауда автоматтары, шатырлар, дүңгіршектер және т.б.) орналастыру мемлекеттік қадағалау органымен келісілген телімді таңдау кесіміне сәйкес жүзеге асырылады.

69. Ортақ пайдаланыстағы жерлердің жер телімдері ортақ пайдаланысқа зиян келтірмейтін жеңілдетілген түрдегі (сауда шатырлары, дүңгіршектер, жарнама имараттары және өзге сервис нысандары) имараттарды орналастыру үшін жерді уақытша пайдалану үшін азаматтар мен заңды тұлғаларға беріледі.

 

14. Көлік құралдарын сақтау және қызмет көрсету үшін имараттарды орналастыру

70. Тұрғын кварталдарда, ықшам аудандарда, тұрғын аудандарда автомобильдерді үнемі сақтау үшін көлікжайлар мен алаңшаларды орналастыру мемлекеттік қадағалау органымен келісілген және бекітілген телімді таңдау кесіміне сәйкес жүзеге асырылады.

71. Кооператив көлікжайлары мен көлік тұрақтарын жобалау және салу құрылыс, өзге нормалар мен ережелерді сақтаумен жүзеге асырылады.

72. Автомобиль көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету станциялары өндіріс аумақтарында негізгі магистралдың жанында, өндіріс, коммуналдық және көлік кәсіпорындарының санитарлық-қорғау аймақ телімдерінде, тұрғын үй құрылыстарынан алшақ орналастырылады.

73. Стационарлық жанар май құю станциялары және техникалық қызмет көрсету станциялары арнайы бөлінген алаңдарда, көліктердің ыңғайлы келуін ұйымдастырумен қоса, құрылыс нормалары мен ережелерін, экологиялық және өртке қарсы талаптарды сақтай отыра магистральдердің бойында орналасады.

74. Бір алаңда техникалық қызмет көрсету станциясы, стационарлық жанар май құю станциясы, автомобильдерді жуу орны және өзге қызмет көрсету нысандарын орналастыруға рұқсат етіледі.

75. Жанар май құю станциялары мен техникалық қызмет көрсету станцияларын орналастыру бекітілген оларды орнынан көшіру сұлбасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

5 бөлім

Жеке тұрғын үй құрылысы

76. Жеке тұрғын үй (үй-жайлық) құрылысы   үй-жайлық (коттедж) және оқшау-ланған құрылыс түсінігін береді, онда әрбір тұрғын үйдің (пәтердің) өз аулалық жер телімі болады.

77. Жеке тұрғын үй құрылысы ауданы, оның жоспарлау құрылымы, үйлердің түрі, қабат саны, қасбеттерінің сәулеттік шешімі және көркейтілуі   сәулет органының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес бекітілген сол ауданның нақты жоспарлау жобасында анықталады.

78. Жеке тұрғын үй құрылыстарын жобалау және салу бекітілген тәртіппен сәулет-жоспарлау тапсырмасына, құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

79. Жеке тұрғын үйлер құрылысы үшін жер телімдерінің мөлшерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді. Жер телімінің мөлшерлемесі оны мақсатты тағайындалуы бойынша пайдаланылады.

80. Жеке тұрғын үй құрылысы эскиздік жоба бойынша жүзеге асырылады. Жобада тұрғын ғимараттар үшін белгіленген мемлекеттік нормативтер мен стандарттардан төмен емес қауіпсіз тұру жағдайларына сай құрылымдық және жоспарлау шешімдері көрсетіледі.

81. Жеке тұрғын үй құрылысын салу кезінде тапсырыс берушінің іс-әрекеттері мына бір ізділік жүйемен   жүзеге асырылады:

тапсырыс беруші қала (аудан) әкімшілігіне жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін беру туралы өтініш береді немесе мемлекет өткізетін ашық саудаға қатысып, сондай –ақ   жеке немесе заңды тұлғалардан сатып алады.

жеке тұрғын үйлер құрылысы үшін әкімдіктің   оңды шешімін алғаннан кейін (жер телімін сатып алу), сондай –ақ жеке тұрғын үй құрылысын жобалау және салуға рұқсат алған соң эскиздік жобаны әзірлеп, оны сәулет органымен келісуін жүзеге асырады;

жоба (эскиз) бойынша қала (аудан) әкімшілігінің оңды қорытындысы негізінде тапсырыс беруші қала (аудан) сәулет органына нысанды салуға рұқсат беру туралы өтініш береді. Қала (аудан) сәулет органы құрылыс –монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат немесе жазбаша түрде   заңмен бел-гіленген мерзім аралығында себебі көрсетілген рұқсат беруден бас тарту береді.

Өтініш беруші толық емес және жал-ған мәліметтерді (мәлімдеме құжаттарын) бергені рұқсат етуші құжаттарды беруден бас тарту болып табылады;

сәулет органының рұқсат алған соң тапсырыс беруші:

тиісті лицензиялары бар жеке немесе заңды тұлғалармен қажетті топографиялық - геодезиялық жұмыстарды орындауға шарт жасайды;

құрылыс –монтаждау және көркейту жұмыстарын толық орындайды;

құрылыс аяқталған нысанды пайдалануға енгізеді (Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес);

егер нысанды орналастыруға жоспарланып отырған жер телімінде жасыл желектер өсіп тұрған болса оларды кесіп алып тастаумен байланысты қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтырады.

82. Инженерлік жабдықтар орталықтандырылған қалалық жүйелерге қосылу, сонымен қатар локальды және кварталдық автономдық имараттарды құру болжамдауы керек.

83. Жеке тұрғын үй құрылысы кезінде жанындағы аумақтарда өмір сүру қауіпсіздігін, ыңғайлы технологиялық барысын қамтамасыз ету және құрылыс алаңын эстетикалық жағымды қабылдауды жасау мақсатында тапсырыс беруші жер телімінің қоршауын орнатуы сәулет органымен келісілген, эскиздік жобаға сәйкес іс-шараларды жүзеге асыруы тиіс.

84. Құрылыс салу аумағының қоршау биіктігі, сәулеттік шешім және қоршау құрылымының материалы сәулет органымен келісілуі тиіс.

85. Жеке тұрғын үй құрылысы аяқталған соң тапсырыс беруші нысанды пайдалануға қабылдауға дейін топографиялық және геодезиялық соның ішінде инженерлік желілер бойынша түсірімдерге тапсырыс беріп сәулет органына оларды ұсынады.

86. Қандай да бір құрылыс салу әдісіне қарамастан жаңадан салынған жеке тұрғын үйлер, барлық құрылыс-монтаждау, жер телімі көркейтілуі және қоршалу жұмыстары орындалған соң, жобаға сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қабылдау комиссиясымен пайдалануға қабылданады.

87. Жеке тұрғын үй құрылысының пайдалануға қабылдау кесімін ресімдеуге дейін сәулет органы рұқсат етуші құжаттардың, нысанның шынайы түрдегі атқарушы түсірімі болуын тексереді.

88. Жеке тұрғын үй құрылысы қабылдауы қабылдау комиссияның кесімдерімен ресімделеді.

89. Қабылдау комиссияның кесімі тапсырыс берушінің жеке тұрғын үйге меншік құқығын тіркеу үшін негіз болып табылады.

90. Тұрғын үйді, өзге құрылыстарды және имараттарды пайдалануға, осы мақсаттарға арналған шығындар, сондай-ақ үй-жайлық аумақты шектерінде күрделі жөндеу және инженерлік қорғау жөніндегі қажетті шаралар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке тұрғын үй құрылысының иесімен жүзеге асырылады.

 

6 бөлім

Қорытынды ережелер

91. Осы Ережелер Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының   елді мекен аумақтарында меншік нысанасына және ведомство тиесілігіне қарамастан, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға орындауға міндетті.

Өңдеу күні: 22-07-2011