Акимат » Семей қаласында дене шынықтыру және спорттың даму бойынша атқарылған жұмыстар туралы

Семей қаласында дене шынықтыру және спорттың даму бойынша атқарылған жұмыстар туралы

2019 жылдың 1  қазанына Семей қаласында дене шынықтыру және спорттың, туризмнің дамуы бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
 
 

2019 жылдың 1 қазанына  қалада дене шынықтыру және спортты дамыту және дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылданушылардың санын арттыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.Семей қаласында тұрғындар қызметіне 391 спорт ғимараты, оның ішінде 7 бассейн, 4 стадион, 5 спорт кешені, 123 спорт залы, 1 дене шынықтыру – сауықтыру кешені, 5 шаңғы базасы, 5 мылтық ату тирі, 2 мұз айдыны (Локомотив, Цементник, Ертіс), 1 коньки тебу стадионы, 22 футбол алаңы, 130 арнайы салынған спорт залдар және 72 қосарланған спорт залдар бар. 2018 жылмен салыстырғанда 16 нысанға көбейді. «Қарағайлы» мөлтек ауданында 5000 орынға арналған «Абай – Арена» мәдени – спорттық кешенінің құрылысы басталды. Құрылыс жаңа спорт түрлері: судағы поло, суға секіру, синхронды жүзудің дамуына және дене шынықтыру және спортпен үнемі айналысушылардың санын арттыруға септігін тигізеді. Пайдалануға беру мерзімі – 2019 жылдың желтоқсаны.Сонымен бірге «Қарағайлы» мөлтек ауданында Мұз айдыны модулінің құрылысы жоспарлануда. Онда хоккей және мәнерлеп сырғанаудан басқа қысқы спорт түрлерінен: шорт – трек, керлинг, коньки спорты және т.б. дамитын болады.«Цементник» стадионының аумағында жеке кәсіпкер «Темірхановтың» есебінен жабық футбол залының құрылысы басталды.    Кейінгі уақытта қалада дене шынықтыру және спортпен айналысушылар санының біршама өскендігі байқалады. Мысалы, 2016 жылы 99897 адам немесе  29,6  % -ды, 2017 жылы 102660 адам немесе 29,8 %, 2019 жылдың ІІІ тоқсанында 103825 немесе 29,9 % -ды құрады.Қалада 3000 – нан астам балалар шұғылданатын Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Семей қаласы бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» және облыстық спорт басқармасының теңгеріміндегі 3 спорт мектебі: «Семей қаласы бойынша № 1 Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар- жасөспірімдер спорт мектебі», «Семей қаласы бойынша № 2 Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебі», «Шығыс Қазақстан облыстық спорттың бұқаралық түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі», «ШҚО Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Семей қаласы бойынша балалар – жасөспірімдер спорт мектебі» 23 федерация, 27 әртүрлі бағыттағы спорттық клубтар жұмыс істейді. Спорттың 65 түрі дамыған, соның 25 - олимпиадалық спорт түрлері, 40 – олимпиадалық бағдарламаға жатпайтын спорт түрлері.Дене шынықтыру және спорт бөлімі уәкілетті орган ретінде «Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді. 2018 жылдың ІІІ тоқсанында барлығы 482 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 2019 жылдың ІІІ тоқсанында: 568 мемлекеттік қызмет көрсетілді.Қалада 15 мыңнан адамды қамтыған 182 қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстар өткізілсе, спортшылар 129 облыстық, республикалық, және халықаралық жарыстарға қатысты. 2019 жылдың 3 ақпанында қалада ММА (Mixed Martial Arts) аралас жауынгерлік жекпе – жек бойынша Шығыс Қазақстан облысының ашық чемпионаты өтті.17 ақпанда алғаш рет Қазақстан Республикасындағы Жастар Жылына арналған панкратионнан балалар, жасөспірімдер, кадеттер және жастар арасындағы Семей қаласының ашық чемпионаты өтті. 2019 жылдың 11 наурызында Қазақстан Республикасындағы Жастар Жылына арналған каратэ Шинкиокушинкай бойынша Ашық халықаралық турнир өтті.Ағымдағы жылдың 11 наурызында «Тарлан» спорт кешенінде елордамыз Астана қаласының 20-жылдығына арналған каратэ Шинкиокушинкай бойынша Қазақстан Республикасының Ашық чемпионаты өтті. Наурыз айының 17-де Қазақстан Республикасының Қарулы күштері әскери қызметкерлерінің арасында «Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен ІХ республикалық турниріне» іріктеуге арналған «Әскер Барысы 2019» турнирі өтті.Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 5-7 сәуірі аралығында қалада самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасындағы және жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.2019 жылдың 23-28 сәуірінде кикбоксингтен ересектер және жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.2019 жылдың 1-2 мамырында қалада тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Жастар жылына арналған жекпе-жек ұлттық спорт түрінен Семей қаласының Ашық чемпионаты өтті.2019 жылдың 10 наурызында Дастенов көшесі 34 А мекен – жайындағы облыстық № 1 балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратында каратэ Шинкиокушинкай бойынша «SEMEY OPEN» Ашық халықаралық турнирі өткізілді.Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеу аясында 2019 жылы 15 маусымда «Спартак» стадионында мемлекеттік қызметшілер арасында спорттың алты түрі бойынша қалалық спартакиада өтті: мини-футбол, үстел теннисі, шахмат, жеңіл атлетика, гір спорты, арқан тарту. Спартакиадаға қаланың әр түрлі мемлекеттік органдарының 17-ден астам командасы қатысты. Спартакиаданың қорытындысы бойынша орындар төмендегідей бөлінді:

I орын - Семей қаласы бойынша ҰҚКД басқармасы;

II орын – «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығы;

III орын - Семей қаласы бойынша полиция басқармасы.

Ағымдағы жылдың 15 маусымында Степной кентіндегі қалалық ипподромда Қазақ ССР оқу ағарту ісінің озық қызметкерлері, ақын, ұстаз Нұрғаным Ахметқызын және Азмұхаметов Жұмаш Төлеубекұлын еске алуға  арналған ат спорты түрлерінен қалалық жарыс өтті.Жыл сайын қаланың ұйымдары және кәсіпорындары еңбек ұжымдарының арасындағы, медициана қызметкерлерінің, мемлекеттік қызметкерлердіңғ банк қызметкерлерінің, құқық қорғау органдарының, ауыл жастары арасындағы, колледж, жоғары оқу орындары студенттері және оқытушылары арасындағы спартакиадалар өткізіледі.«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы 21 қарашадағы № 103 бұйрығын орындау бойынша қалада бұқаралық түрде Семей қаласы тұрғындарынан қысқы және жазғы президенттік сынамаларды қабылдау өткізіледі. 2018 жылы қысқы спорт түрлері сынамаларына 43739 –дан  астам адам қатысса, қысқы түрлерінен 2019 жылы 44239 адам қатысты.Қалада спорттық туризм анағұрлым танымал болуда, оған 3820 адам үш санат бойынша қосылған: ересектер, жасөспірімдержәне кішімектеп оқушылары.Қаланың спорттық өміріне белсене қатысатын ардагерлер Кеңесі жұмыс істейді. Сонымен бірге бөлім спорттық федерациялармен, спорттық клубтармен және қоғамдық бірлестіктермен тығыз байланыста жұмыс істейді.2019 жылдың 11-17 наурызында Алматы қаласында көру мүшелері зақымданған тұлғалар арасындағы шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты болып, Амантаева Батес күміс медальға ие болды.Дүйсенов Әсет 2019 жылдың 2-12 наурызы аралығында Красноярск қаласында өткен ХХІХ Қысқы универсиадада шаңғы жарысы бойынша 2 орынға ие болды.Ерасыл Қажыбаев 2019 жылдың 8-10 наурызында Мароккода өткен дзюдо күресінен Әлемдік Гран – Придің күміс жүлдесін жеңіп алды.2019 жылғы 21-24 сәуір аралығында Доха қаласында (Катар) жеңіл атлетикадан XXIII Азия чемпионаты өтті. Спортсменка Дубовицкая Надежда 1 м. 88 см. нәтижесімен биіктікке секіруде 2 орын алды.Алматы қаласында таэквондоның ITF түрінен халықаралық турнир Азия кубогы сарапқа салынды. Турнирге Семей спорт академиясының бес шәкірті бақ сынап, жүлделі орынларға ие болды. Ұлдар арасында Әлішер Қалимолдаев, Виктор Ли үшінші орын алса, қыздар арасында Жансұлу Стаханова бірінші орын алды. Сондай –ақ Далила Чикеева да үшінші орыннан көрінді.2019 жылдың 8 маусымында Нұр – Сұлтан қаласындағы «Барыс – Арена» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен республикалық «Қазақстан Барысы» турнирі өтіп, нәтижесі бойынша Айбек Нұғымаров жеңімпаз атанып, Ерасыл Қажыбаев күміс жүлдеге ие болды.2019 жылғы 26-31 шілде аралығында Қытайдың, Тайвань провинциясының астанасы Тайпэй қаласында жастар арасында дзюдодан Азия чемпионаты өтті. Семей қаласының спортшысы Айбар Мұқашев құрама сапында қола медальға ие болды.4-9 тамыз аралығында Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының V жазғы Спартакиадасы өтті. Семей қаласының спортшылары Абдуллаева Диана – 55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 3 орын, Елизавета Белоусова – 59 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 2 орын, Быкова Екатерина 71 кг салмақ дәрежесінде 3 орын алды.17-18 тамыз аралығында сол жағалау саябағында Өскемен тарихында алғаш рет Қазақстан Республикасының Чемпионаты және Гундерсен жүйесі бойынша «Спринт» және «Супер-спринт» қашықтықтарындағы триатлоннан Кубоктың төртінші кезеңі өтті. U15 категориясында қыздар арасында 2 орын Бурмантова Снежана, U19 категориясында ерлер арасында 3 орынды Куцев Александр иеленді.Жаксыбаева Ажар ерлер мен әйелдер арасындағы Full-Contact каратэден 1-ші Ашық Азия чемпионатында (7-8 қыркүйек Куала-Лумпур қ. (Малайзия) 3 орын алды.2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Нұр-сұлтан қаласында грек-рим, әйелдер және еркін күрестен Әлем Чемпионаты өтті. Семей қаласынан еркін стильдегі бар балуандар Қалиев Расул, Кайсанов Данияр, Казюлина Ирина қатысты.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Жалпы Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты берілген мақалада «Қазақстан Семей» телеарнасымен бірге апта сайын «Намыс» спорт бағдарламасы жүгізіледі.Жыл сайын спорт саласындағы жоғары көрсеткіштерге ие болып жүрген спортшылармен кездесулер өткізіліп, онда атақты спортшылар жеңіс тұғырына қалай жеткендіктері туралы айтып береді.Сонымен бірге мекемелер ұжымдарымен оқу орындарында кездесулер, мастер - кластар өткізіледі.Сонымен қатар қала әкімдігінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы «Қаланың мемлекеттік басқару органдары құрылымының кейбір мәселелері туралы»  қаулысына сәйкес туризмді дамыту жөніндегі функциялар кәсіпкерлік бөлімінен дене шынықтыру және спорт бөліміне берілді.Семей қаласында қазіргі уақытта 22 туристтік фирма жұмыс атқарады, оның тек 4 туроператорлық қызметпен айналысуға, турпакеттер құруға және іске асыруға, шетелдік туристерді қабылдауға құқылы лицензиясы бар.Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында қала әкімінің қатысуымен «Семей қаласында туризмді дамыту»  тақырыбы  бойынша жиналыс өткізілді. Жиналыс  қорытындысы бойынша  жұмыс тобы құрылды, жұмыс тобына  2019 жылға арналған Семей өңірінде ішкі туризмді дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және мониторинг жүргізу тапсырылды.Құрылған жұмыс тобы 2019 жылға арналған өңірдің туристік саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі, ол Семей өңіріне шетелдік туристердің өсімін арттыруға мүмкіндік береді. Жолаушылар тасымалы ұйымдарымен кездесулер өткізілді, оларға техникалық тасымалдауды  тәртіпке келтіру, қызмет көрсетуші персоналға әдеп және  киім нысанын сақтауға, көліктің санитарлық жағдайына ерекше назар аудару ұсынылды. Қоғамдық көлікте 3 тілде ақпарат беру әдістері айтылды, баннерлер, стендтер, экрандар, авто/теміржол вокзалдарында және әуежайда ақпараттық құрылымдар түрінде қала брендін (логотип) орналастыру бойынша ұсыныстар  ескерілді.Сондай–ақ, қалада демалыс күнгі турлар бойынша жоспар-жоба әзірленді, оған жергілікті тұрғындар мен қала қонақтарының 1000-нан астам адамы қатысты. Келген туристердің нақты санын қазіргі уақытта бақылау мүмкін емес, барлық деректер туристтік операторлардың мәліметтеріне негізделген. Турфирманың қызметтерін пайдаланбай, туристік орындарға «жабайы түрде» келген туристердің саны туралы ақпарат алу мәселесі шешілуде. Осы кезеңде туристердің келу нарығын талдау және мәліметтер жинау үшін қонақ үйлермен, демалыс базаларымен, көші-қон қызметімен тығыз жұмыс жасалып жатыр. Дене шынықтыру және спорт бөлімімен сакралды, емдеу-сауықтыру, іскерлік, спорттық,  мәдени ойын-сауық, экологиялық және ғылыми-техникалық туризмді дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Туризмді дамытуға қатысу бойынша қала тұрғындарын бейімдеу және ынталандыру  жұмыстар жүргізілуде. Қала тұрғындарының шетелдік туристерді қарсы алуға дайындығын анықтау мақсатында  әлеуметтік сұрау жүргізу жоспарлануда. Әлеуметтік видео-роликтер мен таратылатын баспа өнімдері, қала қонақтарын қарсы алу және қабылдау әдебі бойынша жаднама әзірленуде, олар жергілікті БАҚ мен қаланың ақпараттық платформаларында ұсынылатын болады. Бүгінгі күні қала бренді болуы тиіс слоган және қала логотипі  әзірленді. Бұл құралдар интернет және әлеуметтік желілерде (Instagram, telegram, facebook, vkontakte, twitter, regionkz және т.б.) ақпараттық платформаларында  маркетингтік жылжыту  әдіс үшін қажет. Туристтерге  жайлы болу үшін қала картасы және жолсілтеме 3 тілде әзірленуде. Семей қаласының делегациясы 26 ақпанда Өскемен қаласында өткен Бірінші Қытай туристік көрмесіне қатысты. Кездесу жемісті өтті, Семей қаласы мен ҚХР туроператорлары арасында Шығыс Қазақстан облысына  туристтерді  тарту бойынша жұмыс жолға қойылды. Сонымен қоса ағымдағы жылдың 17 сәуірінде  Алматы қаласында өткен  «Туризм және саяхат» халықаралық көрмесіне қатысты. Аталған көрмеде  Семей қаласының делегациясы Шығыс Қазақстан облысы  стендінде қалалық маршруттарды таныстырды. Арнайы құрылған жоспарға сәйкес 2019 жылдың соңына қарай «Арена» мәдени-спорт кешенінің ашылу салтанатына  Қазақстанның әр қалаларынан, жақын және алыс шетелдерден спортшылар мен туристерді тарту жоспарлануда. Аталған ғимарат алдағы уақытта қалалық және халықаралық жарыстарға қатысатын туристік ағым болады.29 тамызда Семей ядролық полигонының жабылуы күніне орай қалалық туристтік фирмалармен, «Семей орманы» РММ МОТР, «Ұлттық ядролық орталық» РМК мен бірлесе туристтік көрме ұйымдастырылды. Дәл осындай тақырыпта қала күніне арналған туристтік көрме 22 қыркүйекте  орталық аланда да өткізілді.21 қыркүйекте қала күнін атап өту барысында «Тогас Интурсервис» компаниясымен бірлесе «Семей тарихтың сан қырлы бесігі» атты шолу экскурсиясы ұйымдастырылды.  26 қыркүйекте Халықаралық туризм күніне қарсы қала әкімінің орынбасары А.Садырбаевтың, ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы М.Кабаковтың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Осы жиынға қала тұрғындары, тарихшылар, өлкетанушылар, журналисттер, жоғары оқу орындарының басшылары және турфирма өкілдеріде қатысты. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Қазақ инновациялык академиясы мен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімімен екі жақты меморандумға қол қойылды.Қазан айында жыл сайын өтетін байкерлер фестивалі мен мотокросс чемпионаты бар. Семей қаласы аймағы бойынша жол бойындағы сервис объектілеріне тоқталсақ, ағымдығы жылдың қыркүйек айының ортасында  бекітілген жауапты тұлғалармен және сервис объектілерінің басшыларымен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында барлық қатысушыларға Жол бойындағы сервис объектілеріне қатысты Халықтық стандарты таныстырылды.Туризм экономиканың қызмет көрсету саласы (қонақ үйлер, демалыс базалары, санаторийлер), көлік және байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, халық тұтынатын тауарлар өндірісі, білім беру, мәдениет сияқты негізгі салаларға  үлкен әсер етеді. 

2019 жылға арналған жоспар:

- Барлық санаттағы тұрғындар үшін дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға жағдай жасау және ары қарай салауатты өмір салтын насихаттау;

- 2019 жылы дене шынықтыру және спортпен үнемі айналысушылардың санын арттыру бойынша жұмыстар;

- «Абай – Арена» мәдени – спорттық кешенінің құрылысын аяқтау және пайдалануға беру;

- Қарағайлы мөлтек ауданында 500 орынға арналған Мұз айдынының құрылысын салу;

- Қаланың сол жағалауында жеке- меншік әріптестік аясында хоккей модулінің құрылысын салу;

- тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету.

 
 
Дене шынықтыру мен спорт бөлімі

 

 
 
Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2018 жыл
 
 
Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2017 жыл
 
 
Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2016 жыл
 
 
Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2015 жыл
 
 
Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2014 жыл
 
 
Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2013 жыл
 
 
 
 
 
 
 
Өңдеу күні: 16-10-2019