Акимат » Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2018 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2018 жылдың 1 қаңтарына

Дене шынықтыру және спорт бөлімімен дене шынықтыру және спортты дамыту және дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылданушылардың санын арттыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. 
Семей қаласында тұрғындар қызметіне 391 спорт ғимараты, оның ішінде 7 бассейн, 4 стадион, 5 спорт кешені, 123 спорт залы, 1 дене шынықтыру – сауықтыру кешені, 5 шаңғы базасы, 5 мылтық ату тирі, 2 мұз айдыны (Локомотив, Цементник), 1 коньки тебу стадионы, 22 футбол алаңы, 130 арнайы салынған спорт залдар және 72 қосарланған спорт залдар бар. 2018 жылмен салыстырғанда 16 нысанға көбейді. 
Жеке кәсіпкер А. Кузнецованың есебінен Абай көшесінде хауыз залы бар теннис залының құрылысы аяқталуда.
«Қарағайлы» мөлтек ауданында 5000 орынға арналған «Абай – Арена» мәдени – спорттық кешенінің құрылысы басталды. Құрылыс жаңа спорт түрлерінің дамуына және дене шынықтыру және спортпен үнемі айналысушылардың санын арттыруға септігін тигізеді. Пайдалануға беру мерзімі – 2019 жылдың қыркүйегі. Сонымен бірге «Қарағайлы» мөлтек ауданында Мұз айдыны модулінің құрылысы жоспарлануда. Онда хоккей және мәнерлеп сырғанаудан басқа қысқы спорт түрлерінен: шорт – трек, керлинг, коньки спорты және т.б. дамитын болады. 
«Юность» мөлтек ауданында жеке кәсіпкер А. Сарпековпен құны шамамен 100 млн. теңге тұратын фитнес қызметін көрсетумен қатар хауыз (бассейн) залының құрылысы аяқталуда. 
Спорт меценаты, олимпиадалық резервтегі аймақтық спорт колледжінің директоры С.А. Тоқтарғазиннің жеке есебінен «Түйемойнақ» аралында «Арлан» мәдени – спорттық кешенінің құрылысы аяқталуда. Онда ойын, күрес спорт түрлері және жаттығу залдары қарастырылған. 
«Цементник» стадионының аумағында жеке кәсіпкер «Темірхановтың» есебінен жылыту құрылғысы бар футбол алаңы салынды. Сонымен бірге жабық футбол залының құрылысы аяқталды.     
2018 жылдың мамыр айында № 18, 21, 22 жалпы білім беру орта мектептерінің және 72 квартал ауданында («Вагон смерти» бағы) «STREET WORKOUT» республикалық федерациясының есебінен күш түрлері спорты бойынша 4 спорт алаңы салынып, пайдалануға берілді. 
Ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен «STREET WORKOUT» алаңдары Узбекская 40,  Үтепбаева 50, Момышұлы 14, Жаңа – Семей 33, «Жамакаева» саябағы, «Юность» кенті, «Шығыс» кенті, Пржевальский 72, Севастопольская 16 көшелеріндегі тұрғын – үй аулаларында, жасанды жабындысы бар шағын футбол алаңы Қостанай көшесі 79 тұрғын үйінің ауласында және Ұранхаев көшесі 66 мекен – жайда орналасқан тұрғын үй ауласында хоккей корты пайдалануға берілді.  
Қалада 3000 – нан астам балалар шұғылданатын облыстық спорт басқармасының теңгеріміндегі 3 спорт мектебі: «Семей қаласы бойынша № 1 Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар- жасөспірімдер спорт мектебі», «Семей қаласы бойынша № 2 Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебі», «Шығыс Қазақстан облыстық спорттың бұқаралық түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі», «ШҚО Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Семей қаласы бойынша балалар – жасөспірімдер спорт мектебі» 23 федерация, 27 әртүрлі бағыттағы спорттық клубтар жұмыс істейді. Спорттың 65 түрі дамыған, соның 25 - олимпиадалық спорт түрлері, 40 – олимпиадалық бағдарламаға жатпайтын спорт түрлері. 
Кейінгі уақытта қалада дене шынықтыру және спортпен айналысушылар санының біршама өскендігі байқалады. Мысалы, 2016 жылы 99897 адам немесе 29,6  % -ды, 2017 жылы 102660 адам немесе 29,8 %, 2019 жылдың 1 қаңтарына сәйкес 103760 немесе 29,9 % -ды құрады.   
Дене шынықтыру және спорт бөлімі уәкілетті орган ретінде «Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді. 2018 жылдың 3 қаңтары бойынша барлығы 631 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 2017 жылы: 466 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 
2018 жылы қалада 100 мыңнан адамды қамтыған 1258 қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстар өткізілсе, спортшылар 427 облыстық, республикалық, және халықаралық жарыстарға қатысты. 
2018 жылдың 25 ақпанында қалада ММА (Mixed Martial Arts) аралас жауынгерлік жекпе – жек бойынша Шығыс Қазақстан облысының ашық чемпионаты өтті.
27-28 ақпанда Семей қаласы әкімінің Кубогына арналған кекушинкай каратэ бойынша ашық қалалық чемпионаты өтті.
2018 жылдың 2-4 наурызы аралығында жасөспірімдер және жастар арасындағы ұлттық спорт түрі жекпе-жектен Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Осы жарысқа еліміздің барлық аймағынан келген спортшылар қатысты.
Ағымдағы жылдың 11 наурызында «Тарлан» спорт кешенінде елордамыз Астана қаласының 20-жылдығына арналған каратэ Шинкиокушинкай бойынша Қазақстан Республикасының Ашық чемпионаты өтті.
28-29 сәуірде «Тарлан» спорт кешенінде қазақ күресінен «Шығыс Барысы» облыстық турнирі алдындағы қалалық турнирі өтті. 
Сонымен қатар 5-6 мамырда «Тарлан» спорт кешенінде соғыс ардагері Қ. Омаровты еске алуға арналған қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы қалалық ашық турнир өткізілді. 
14 по 15 сәуірде Селевин көшесі 1 А мекен-жайындағы «Тарлан» спорт кешенінде дзю-до бойынша Семей қаласында тұрған жаттықтырушылармен спортшыларды еске алуға арналған Республикалық турнир өтті. 
2018 жылдың 22-27 мамырында Өскемен қаласында елордамыз Астана қаласының 20-жылдығына арналған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне арналған облыстық ХХІ халық спорты ойындары өтіп, командалық есеп бойынша қала құрама командасы ІІ орынға ие болды. 
Жыл сайын қаланың ұйымдары және кәсіпорындары еңбек ұжымдарының арасындағы, медициана қызметкерлерінің, мемлекеттік қызметкерлердіңғ банк қызметкерлерінің, құқық қорғау органдарының, ауыл жастары арасындағы, колледж, жоғары оқу орындары студенттері және оқытушылары арасындағы спартакиадалар өткізіледі. 
2018 жылдың 16 маусымында «Спартак» стадионында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған спорттың жеті түрі:   футбол, дойбы, тоғызқұмалак, армрестлинг, гір спорты, арқан тартудан, жеңіл атлетикадан кіші қалалық спартакиадасы өтті. 
19 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы спорт күніне арналған он күндік аталып өтті. Спорттық шаралар таза ауада ойын спорт түрлері, үстел теннисі, велоспорт, қол күресі, гір спорты және мотокростан өткізілді. «Спартак» стадионында спорт ардагерлерін құрметтеу рәсімі өтті. 
18 тамызда жаңа көпірден бастау алып, ары қарай қала көшелерімен тұңғыш рет «Semey Half Marafon» марафоны өтіп, оған 700-ден астам адам қатысты.  
22 тамызда қала көшелерімен қала әкімінің қатысуымен қала күніне арналған вело шеру ұйымдастырылып, оған 400 адам, сонымен бірге атақты спортшылар қатысты.
Семей қаласында 2018 жылдың 15 қыркүйек-31 қазан аралығында Ұлттық валюта күніне орай Семей қаласының банк жүйесінің қызметкерлері арасында спартакиада өтті. Жарыс  спорттың 5 түрінен өткізілді: волейбол, шахмат, үстел теннисі, бильярд және кіші-футбол. Жарысқа банк жүйесінің 320 дан астам жұмысшысы қатысты. 
2018 жылдың 13-14 қазанында «Спартак» стадионында және № 17 жалпы білім беру орта мектебінде елордамыз Астана қаласының 20-жылдығына арналған ауылдық округтер арасындағы спартакиаданың ақтық жарыстары өтті. Жарыстар спорттың сегіз түрінен өтті. Олар: шағын-футбол, волейбол, жеңіл атлетика, арқан тарту, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, гір спорты. Жарыстарға барлық ауылдық округтер қатысты.
Жалпы командалық есеп бойынша келесі орындарға ие болды:
1 орын – Достық ауылдық округі;
2 орын – Новобаженово ауылдық округі;
3 орын – Ертіс ауылдық округі. 
Ауылдық округтерде барлық спорттық іс-шаралар спорт залдар және мектеп жанындағы спорт алаңдарында өтеді. Апта оқушылармен жастар үшін сайын волейбол, баскетбол, үстел теннисі, гір спорты, қол күресінен спорттық үйірмелер жұмыс істейді. Мемлекеттік мерекелерге арналған спорттық шараларды өткізу дәстүрге айналған. 
2018 жылдың 12 қазанында Мирный кентіндегі «Выставка» ауданында «Ұлт денсаулығы» атты жыл сайынғы өтетін жеңіл атлетикалық кросс өтті. Жарысқа жоғары оқу орындары және орта – арнаулы оқу орындарының барлық ұжымы қатысып, жалпы саны 300-ден асты. Жасөспірімдерге арналға қашықтық – 1000, 3000 метрді құраса, қыздар үшін – 500, 1000 метр болды.
21 қазанда Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген жаттықтырушы Берікқазы Сүлейменовтың 60 – жасқа толуына орай бокс және кикбокс бойынша Семей мен Сібір қалаларының матчтық кездесуі болып өтті. 
26 қазанда «Айбын» орденінің иегері А. Мусинді еске алуға арналған грек-рим күресі бойынша ашық республикалық турнир өткізілді.
2018 жылдың 27-28 қазанында Қабанбай батыр Мемориалы және самбо күресінен Қазақстан Республикасының Кубогы өтті.
2018 жылдың 3-6 қарашасы аралығында таэквон-до ИТФ бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты және ХІХ Халықаралық турнирі өткізілді. 
17-18 қарашада балалар және жастардың шығармашылық сарайында киокушинкай каратэден балалар, жасөспірімдер, кіші жасөспірімдер, ерлер және әйелдер арасындағы ашық қалалық чемпионаты өтті. 
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы 21 қарашадағы № 103 бұйрығын орындау бойынша қалада бұқаралық түрде Семей қаласы тұрғындарынан қысқы және жазғы президенттік сынамаларды қабылдау өткізіледі. Ағымдағы жылы жазғы спорт түрлері сынамаларына 49 мыңнан астам адам қатысты.
Қалада спорттық туризм анағұрлым танымал болуда, оған 3820 адам үш санат бойынша қосылған: ересектер, жасөспірімдер және кіші мектеп оқушылары.
Қаланың спорттық өміріне белсене қатысатын ардагерлер Кеңесі жұмыс істейді. Сонымен бірге бөлім спорттық федерациялармен, спорттық клубтармен және қоғамдық бірлестіктермен тығыз байланыста жұмыс істейді.
2018 жылы «Алтай» футбол клубы  футболдан Қазақстан Республикасының біріншілігінде Бірінші – лигаға 4 орынға ие болып, футбол маусымын аяқтады. 
Галина Вишневская ағымдағы жылдың ақпан айының 9-25 аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өткен Қысқы олимпиаданың қатысушысы. 
24 ақпанда бельгияның Антверпен қаласында өткен Каратэ Шинкиокушинкай бойынша «Diamond cup 2018» ашық халықаралық турниріне қатысып, Еламан Мұқашев және Айдын Нұрбосынов алтын медаль жеңіп алды.
Дубовицкая Надежда 2018 жылдың 1-3 ақпанында Тегеранда (Иран) өткен биіктікке секіру бойынша жеңіл атлетикадан жабық ғимарат ішіндегі VIII Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. 
Дубовицкая Надежда, Архипов Евгений 2018 жылдың 16-26 ақпанында Өскемен қаласында өткен жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпаздары атанды. 
Завгороднева Дарья, Железнова Анжела, Максимкина Алина Қостанай қаласында 2018 жылдың 3-9 ақпанында конькимен жүгіру спортынан 3 жас ерекшелігі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатында жүлделі орындарға ие болды. 
2018 жылдың 11-17 наурызында Алматы қаласында көру мүшелері зақымданған тұлғалар арасындағы шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты болып, Амантаева Батес күміс медальға ие болды. 
Есенжулов Арыстан Албанияда өткен шахматтан оқушылар арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы.
Ерасыл Жақпеков 2018 жылдың 14-15 мамырында Болгарияның София қаласында өткен бокстан Э. Джетчаевты еске алуға арналған халықаралық турнирдің күміс жүлдгері атанды. 
Төкенов Аңсар 9-3 мамыр аралығында Ұлан-Баторда (Моңғолия) таэквондодан өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. 
2018 жылдың 23-24 маусымында Токио қаласында (Жапония) Каратэ  Шинкиокушинкай бойынша «Армандар фестивалі» халықаралық турнирі өтті. Спортшылар Нұрбосынов Айдын және Шотабаев Дархан жақсы нәтиже көрсетіп, екі күміс медальды жеңіп алды. 
Арнал Канапьянов Италияның Риммини қаласында 14-17 маусымда өткен стал кикбоксинг бойынша Әлем Кубогының жеңімпазы.  
Серікқали Айдос  облыстық мәслихат депутаты, спорт меценаты, «Металлист» ЖШС директоры, шілде айында Мәскеуде өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.
Айбек Нұғымаров қазақ күресінен тамыз айының 26-да Астана қаласында өткен Азия чемпионатының абсолюттік чемпионы атанып, Ерсін Сейтқазинов алтын медальға ие болды.
Вишневская Галина ағымдағы жылдың тамыз айында Чехияның Новоместо қаласында биатлон бойынша (лыжероллер) Әлем чемпионатында 2 қола медальға ие болды. 
18 тамыз – 2 қыркүйек аралығында Джакарта қаласында (Индонезия) өткен Азия ойындарына Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасы сапында Семей қаласынан 7 спортшы қатысты. Қайсанов Данияр – еркін күрестен – 2 орын, Исанова Гульжан – дзюдо күресі бойынша жеке есепте 3 орын, командалық есепте 2 орын, Бектасқызы Зере – дзюдо күресі бойынша командалық есепте 2 орын, Дубовицкая Надежда – биікке секіруден 2 орын, Кажыбаев Ерасыл - дзюдо күресі бойынша командалық есепте 2 орынға ие болды. Қалиев Тамерлан – семсерлесуден,  Елмұратова Назгүл – самбо күресінен қатысты.
Тайменов Данияр 2018 жылдың 12-21 қазанында Анкара қаласында (Түркия) өткен қол күресінен мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы.
Советхан Дамир, Төкенов Аңсар 2018 жылдың 29-30 қарашасы аралығында Белоруссияның Минск қаласында өткен таэквон-до ИТФ бойынша Әлем Кубогының алтын медальдарын жеңіп алды. 
Айбек Нұғымаров 2018 жылдың 2 желтоқсанында Алматы қаласында өткен қазақ күресі бойынша "Әлем Барысы - 2018" әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.
Ионин Яков 2018 жылдың 4-8 желтоқсаны аралығында Моңғолияның астанасы Улан-Батор қаласында классикалық пауэрлифтинг бойынша Азия чемпионатын жеңіп алды. 
8-9 желтоқсанда Алматы қаласында өткен Конфедерация Кубогында еркін күрестен Шығыс Қазақстан облысы командасы құрамында қатысқан Семей қаласының спортшылары 1 орынды жеңіп алып, 25 млн. теңге сыйлыққа ие болды.  
Қазіргі уақытта Семей қаласында саңыраулар және соқырлардың бірлестігі, қоғамына біріккен мүмкіндігі шектеулі 10 мыңнан астам адам тұрады. Қазақ саңыраулар қоғамының аймақтық филиалында 308 адам тіркеліп тұр. Олардың арасында шағын – футболмен 30 адам, үстел теннисімен 10 адам, қол күресімен 10 адам, жеңіл атлетикамен 30 адам, дойбы және шахматпен 10 адам, тоғызқұмалақпен есту қабілеттері төмен мүгедек 15 адам үнемі шұғылданады.
Қаланың мүгедек – спортшылары көру мүшелері және тірек қимыл аппараттары зақымданған спортшылар арасындағы Шығыс Қазақстан облысының Спартакиадасын ұтып, 2018 жылдың 13-25 қыркүйегінде Атырау қаласында өткен V  Республикалық Спартакиадаға қатысып, жекелей спорт түрлері бойынша жүлделі орындарға ие болды. 
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Жалпы Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты берілген мақалада «Қазақстан Семей» телеарнасымен бірге апта сайын «Намыс» спорт бағдарламасы жүгізіледі.
Жыл сайын спорт саласындағы жоғары көрсеткіштерге ие болып жүрген спортшылармен кездесулер өткізіліп, онда атақты спортшылар жеңіс тұғырына қалай жеткендіктері туралы айтып береді.Сонымен бірге мекемелер ұжымдарымен оқу орындарында кездесулер, мастер - кластар өткізіледі. 
 
 
 
Дене шынықтыру мен спорт бөлімі
 

Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2017 жыл
 
 
Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2016 жыл
 
 
Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2015 жыл
 
 
Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2014 жыл
 
 
Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2013 жыл
 
 
 
 
 
 
 
Өңдеу күні: 03-01-2019