Акимат » Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау

Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша есепті мерзім ішінде 429,7 млн. теңге игеріліп, 17132 алушыға әлеуметтік көмек көрсетілді. 
Біржолғы әлеуметтік көмек мереке және атаулы күндерге: Ауғанстан аумағындағы ұрыс-қимылдарға қатысушыларға, Ауғанстанда қайтыс болған әскери қызметшілердің жанұяларына, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, көп балалы аналарға. Бұдан басқа, қиын өмірлік жағдай туындаған мұқтаж азаматтардың жеке өтініштері бойынша, аз қамтылған отбасылардан шыққан түлектерінің, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеу, шәкірақы, жатақханада тұру үшін мемлекеттік қолдау ретінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Семей ядролық сынақ полигонындағы жарылыстардан зардап шеккен азаматтардан құжаттарды қабылдау жалғасуда. Есепті мерзімде экологиялық куәліктерді ресімдеу үшін 1247 құжат жиынтығы ресімделді. Біржолғы ақшалай көмек төлеміне 325 алушыға 10,9 млн. теңге өтемақы төленді.
Халықтың әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж мүгедектер болып табылады. Есепті мерзімде 1011 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. Есту қабілеті бойынша 170 мүгедекке ымдау тілі маманының, жүріп - тұруы қиын бірінші топтағы 340 мүгедекке жеке көмекшінің қызметі көрсетілді. 
Шипажайында 2064 адам «Уба», «Мойылды», «Қарағайлы» және Қазахстан Республикасының басқа шипажайларында, 1496 мүгедек емделуден өтіп, денсаулығын түзеді. Қалалық бюджет қаражаты есебінен «Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру» бағдарламасы бойынша 246 мүгедек балаға 69242,0 млн. теңге төленді. 
 2010 жылдан қозғалыс аппараты бұзылған 1 – 2 топ мүгедектерін қаланың әлеуметтік маңызды нысандарына жеткізу бойынша қалалық бюджет қаражаты есебінен «Әлеуметтік такси» қызметі ұйымдастырылған. 2019 жылдың 12 айында ішінде осы қызметті 324 мүгедек пайдаланды, 7210 тапсырыс орындалды.
Бөлім жұмысының басым бағыты мүгедектерге, мүмкіндігі шектелген балаларға, жалғызілікті қарттарға және бас бостандығынан айырылған, пробация қызметінен, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға әлеуметтік қызметтерді көрсету болып табылады.
Қала әкімінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 01-29-ө өкімімен мүгедектердің тыныс-тіршіліктің барлық салаларында объектілер мен қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қаланың қолданыстағы ғимараттары мен құрылыстарына түгендеу жүргізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды. 2019 жылға бейімдеу бойынша өңірлік жоспар әзірленіп бекітілді, 75 объектіні төлқұжаттандырылады. 2019 жылдың 1 қазанына барлығы әлеуметтік инфрақұрылымның 371 нысаны түгенделді, 65 объекті ішінара бейімделген. 
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету 3 орталықта мынандай бағыттар бойынша жүргізіледі: үйден қызмет көрсету және күндізгі бөлімшеде жартылай стационар жағдайында, уақытша бөлімшесінде болу және түнгі бөлімшесінде болу.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер қамқорлықтағы 1564 адамға, соның ішінде психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек – қимыл аппараты бұзылған балаларға, 159 – 18 жастан асқан тұлғаларға, 1097 қарттар мен еңбекке қабілетсіз адамдарға. Күндізгі бөлімшеде 251 қартқа және 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектелген 52 балаға арнаулы әлеуметтік қызметтердің кешені көрсетіледі. Қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталықта екі бөлімше жұмыс істейді: 120 төсек орынға арналған күндізгі бөлімше, 30 төсек орынға арналған түнгі бөлімше. Есепті кезеңде орталыққа 780 адам жүгінді, соның ішінде: уақытша бөлімшесіне 339 адам, түнгі бөлімшесіне 441 адам, 176 адам бейімделіп, 161 адам жұмысқа орналастырылды
 
Өңдеу күні: 17-01-2020