Акимат » Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу

Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу

«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 18 қаңтардағы  № 34/228-VI шешіміне сәйкес, атаулы күндер мен мереке күндеріне және өмірлік қиын жағдай туындаған кезде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетеді.«Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтарының жекелеген  санаттарына әлеуметтік көмек» 011 бюджеттік бағдарламасы бойынша 2019 жылға жоспарланған бюджет қаражаты 428,8 млн тенге. оның ішінде: Оның ішінде көпбалалы отбасылардың балабақшадағы тамақтану өтемақысын төлеу  502 балаға - 13,6 мың. тенге.
2020 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша 17132 алушыға әлеуметтік көмек 429,7 мың. тенгеге көрсетілген, оның ішінде қалалық бюджеттен 8276 алушыға 86,2 мың. тенге әлеуметтік көмек төленген, оның ішінде өтініш бойынша өмірлік қиын жағдай туындағанда біржолғы әлеуметтік көмекті  қажет еткен 281 аз қамтылған азаматтарға (жанұяларға) 15,8 мың.тенге төленген.
Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай 16363 адамға 396,8 млн. тенге әлеуметтік көмек берілді. Олар Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар, Чернобыль АЭС-індегі апат құрбандары, аурулары иондалған сәуле әсеріне байланысты мүгедектер, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдері, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған тұлғалар, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған көп балалы аналар, кәмелетке толмаған төрт және де одан асатын балалары бірге тұратын, көп балалы отбасылар.
Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап көпбалалы отбасылардың бала бақшадағы тамақтану өтемақысын төлеу  әлеуметтік көмегімен 390 жанұя, олардағы 486 бала, жалпы сомасы 13,6 млн. тенгеге қамтылған. 
 
 
 
Семей қаласының жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық 
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ  

 

 

 

Өңдеу күні: 20-01-2020