Акимат » Семей қаласындағы дін туралы. 2019 жылдың 1 жарты жылдыққа

Семей қаласындағы дін туралы. 2019 жылдың 1 жарты жылдыққа

«ШҚО Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің қызметі Семей қаласында конфессияаралық келісім мен этносаралық төзімділікті сақтау болып табылады. Сонымен қатар, бөлімнің функциясы ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға бағытталған, оның ішінде халық арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жұмыс жүргізу арқылы дін мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады. 
Бүгінгі күні ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қолайлы бөлігі болып табылады. 
Бұл қоғам үшін әртүрлі деструктивті ағымдар идеологиясын қабылдамауға қатысты түрлі бұқаралық және жеке ақпарат құралдары мен телеарналардың көмегімен халықтың белгілі бір топтарына ықпал ету шараларының кешені. Халықтың құқықтық және діни сауаттылығын, ҚР Діни саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттарын арттыру.
Осы бағытта, 2018 жылы 360 іс-шара өткізілді.  (267 кездесу, 7 дөңгелек үстел, 10 дәріс, 6 семинар, 53 жеке кездесу және 17 өзге сипаттағы іс-шаралар). Аталмыш шаралардың басты қатысушылары - еңбек ұжымдары, жастар, университеттер пен колледж студенттері (оңтүстік өңірлерден келген «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алушылар). Іс-шаралар АТТ жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілді (қалалық әкімімен бекітілген). Аталмыш шараларда 20544 адам қамтылды.
Сондай ақ бөлім ДМЗО-мен бірлесіп рухани-адамгершілік, спорттық іс-шаралар өткізеді. Атап айтар болсақ ҚР Рухани келісім және Тәуелсіздік күніне арналған шағын футболдан жолдастық турнирлері мен мемлекеттік, құқық қорғау және оқу мекемелері қызметкерлерінің құқықтық және діни хабардарлығын арттыру мақсатында республикалық және облыстық лекторларды тарта отырып, әртүрлі сипаттағы семинарлар, тренингтер өткізіледі.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ТВК-6 және Қазақстан-Семей телеарналары профилактикалық мазмұндағы бейнероликтерді («Лжетерроризм не остается без наказанным», «Телефондық лаңкестік», «об уголовной ответственности за заведомо ложное сообщение об акте терроризма» и «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы»). Жоғарыда айтылғандармен қатар «Қазақстан-Семей» телеарнасында «Сіздің сұрағыңыздың уақыты» бағдарламасында және жаңалықтарда діни-рухани адамгершілік тәрбие және дін саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері көтерілді.
560 материал қаланың электронды және баспа басылымдарында (баспа басылымдарында 65, 23 телеарна, 472 - интернет-сайттарында) орналастырылды.
Дінаралық келісімді насихаттаудың бір түрі, ішкі саясат бөлімі визуалды үгіт құралдарының әлеуетін пайдаланады. Қала аумағында 6 экстремистік баннер және 10-нан астам этносаралық келісімді насихаттау өткізілді.
2018 жылдың тамыз айынан бастап 2018 жылдың қазан айына дейін мемлекеттік тапсырыс аясында «Интер Медиа» жарнамалық хабар тарату желісі арқылы «Лжетерроризм не останется без наказанным», «Телефондық ланкестік» тақырыбында қоғамдық орындарда 33 дисплейде жарнама таратылды. «Жаңа Көктем», «Ел-Насима», «Мереке», «Блинок», «Жерұық» асханасы, теміржол вокзалының ғимараттары және «Автовокзал», «Қазпошта» және «Орталық дәріхана» АҚ, супермаркеттер «12 месяцев»  «Megastroy», «Семей» азық-түлік дүкендері «Тамаша», «Дастархан»). Бейнеролик күніне шамамен 40 рет көрсетіліп, күніне 50 мыңнан астам адамды қамтыды.
Ішкі саясат бөлімі Facebook, Instagram секілді әлеуметтік желілерде  корпоративті беттер ашылып, 2018 жылы 417 материал жарияланды (діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу туралы бейнежазбаларды қоса алғанда).
Жоғарыда аталған іс-шаралармен қатар бөлім Семей қаласының барлық діни конфессияларымен өзара іс-қимыл жасайтынын айта кету керек. Бүгінгі күнге 34 діни бірлестіктер тіркелген. (19 - исламдық (55,9%), 4 - православиялық (11,8%), 2 - католиктік (5,8%), 9 - протестанттық (26,5%)
 

Діни бірлестіктер

Қалада

Қаладан тыс

Барлығы

1

Ислам

10

9

19

2

Православиелік

2

2

4

3

Католиктік

2

-

2

4

Протестанттық

8

1

9

Барлығы:

22

12

34

 
Сонымен қатар, бөлім Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы "Діни қызмет және бірлестіктер туралы" Заңының талаптарын қала аумағында сақтауға бақылау жасайды. Жоғарыда көрсетілген Заңның 9-бабының 2-тармағына сәйкес діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға жол беріледі. Осыған байланысты, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы негізінде қалада діни әдебиетті және өзге де ақпараттық материалдарды таратуға арналған 9 тұрақты үй-жай және ғибадат үйлерінен тыс жерлерде діни рәсімдерді өткізуге арналған 6 үй-жай белгіленген.
 
Діни әдебиетті және өзге де ақпараттық материалдарды тарату үшін 6 тұрақты үй-жайлар: 
1) "Арғымақ" сауда үйі (Засядко көшесі, 86 - ЖК " Солтанбекова Ж.");
2) "Талғау" сауда үйі (Аймауытов көшесі, 83-бутик № 14);
3) "Талғау" сауда үйі (Аймауытов көшесі, 83 - бутик " Muslima");
4) "Книгиня" дүкені (Уранхаев көшесі, 65);
5) "Рахат" сауда үйі (К. Мұхамеджанова көшесі – ЖК "Березуцкая Н.»);
6) "Ақшын "корпорациясы" базары (Засядко көшесі, 65 - зергерлік бұйымдарды сату базары).
Сонымен қатар, қалада ғибадат ғимараттарынан тыс жерлерде діни рәсімдерді өткізуге арналған 5 үй-жай бар: 
1) "Талғау" СҮ-намазхана; 
2) Шугаев көшесі № 27/4-намазхан;
3) Павлов көшесі № 85-а, мешіт ғимараты; 
4) "Жансая" СҮ-намазхана;
5) Народная к-сі-Святитель Николай атына часовня.
 

                                                                                               ШҚО Семей қаласының ішкі саясат бөлімі

 


 
 
Семей қаласындағы дін туралы 2015 жылға
 
 
Семей қаласындағы дін туралы 2014 жылға
 
 
Семей қаласындағы дін туралы 2013 жылға
 
 
Семей қаласындағы дін туралы 2012 жылға
 
 
Семей қаласындағы дін туралы 2011 жылға
Өңдеу күні: 15-07-2019