Акимат » Семей қаласындағы жастар саясаты 2019 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласындағы жастар саясаты 2019 жылдың 1 қаңтарына

 
2019 жылдың бірінші тоқсанында  мемлекеттік жастар саясаты саласында атқарылған жұмыстар туралы 
ақпарат
 
2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша  қала жастарының саны 85 мың адамды құрайды. Қаладағы 4 жоғары оқу орыны мен 30 колледжде 35 мыңға жуық студент білім алуда.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 2019 жыл – Жастар жылы болып жарияланды. Жастар жылын атап өтудің қалалық жол картасы бекітілді.  
Биылғы жылы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда мемлекеттік тапсырыс аясында әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыруға мемлекеттік бюджеттен 6 млн. 304 мың, іс-шараларды ұйымдастыру үшін                    6 млн. теңге қаржы бөлінген.  
Қаңтар айында  қаладағы белсенді жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізіліп, ұсыныстар талқыланды. Қала жастарының ұйымдастыруымен бірнеше рет қайырымдылық акциялар ұйымдастырылып, көпбалалы отбасыларға көмектер көрсетілді. 
Сонымен қатар, ұлттық салт-дәстүрді ұлықтау, отбасылық құндылықтарды сақтау мақсатында «Шуақты шаңырақ» жас отбасылар байқауы өткізілді. Жастардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында әскери-патриоттық шаралар, оқу орындарында ішкі саясат бөлімімен бірлескен байқаулар, конференция, семинарлар болып өтті.
Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша мемелкеттік жастар саясаты саласында 30-дан астам шара ұйымдастырылып, 5000 – ға жуық жас қамтылды. 
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде 150-ге жуық мақалалар жарияланды. 
 
 
 
Ішкі саясат бөлімі
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Өңдеу күні: 03-05-2019