Акимат » 2018 жылдың 1 желтоқсанына «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы ақпарат

2018 жылдың 1 желтоқсанына «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы ақпарат

Ағымдағы жылдың 11 айында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 11678 адам қамтылды. Оның ішінде, 3414 адам - жұмыссыздар санаты бойынша, 5292 адам - өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 2501 адам - жұмыс іздеуші тұлғалар, 9 қоныс аударушылар және Техникалық  және кәсіптік білімімен кадрларды  даярлау бағытындағы жастар – 462 адам. 
Бағдарламаның бірінші бағыты аясында (Бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсіптік білімін және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту) қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға нарықтағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша 829 адам жолданды жылдық жоспар 765 адам. Оқыту қаланың 18 оқу орындарында дәнекерлеуші (барлық түрлері), күш желілері мен электр жабдықтарының электр монтаждаушысы, слесарь-сантехник және т.б. сияқты 40 мамандық бойынша жүргізіледі. 
Техникалық  және кәсіптік білімімен кадрларды даярлауға 462 адам жіберілді, жылдық жоспар 404 адам. 2017 жылы оқуға жіберілгендер қатарынан 312 адам оқуларын, қала және басқа өңірлердің 11 колледжінде нарықтағы сұранысқа ие  17 мамандық бойынша жалғастыруда.
Бағдарламаның екінші бағыты аясында (Жаппай кәсіпкерлікті дамыту) «Бастау-Кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерліктің негіздерін оқыту курстарына 60 адам жіберілді, олардан 59 адам оқуды аяқтап сертификат алды. «Бастау-Кеңесші» бағдарламасы аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы арқылы кәсіпкерліктің негіздерін оқытудан 68 адам өтті. 
Шағын несиелендіру сұрақтары бойынша өтініш беруші үміткерлердің саны 192 адам іске асырылудағы бизнесті кеңейтуге, оның ішінде 138 өтініш ауылдық елді мекендерінен және 54 - қаладан. Орталық шағын несие алуға 99 жолдама берді, оның ішінде 45 – екінші деңгейлі банктерге, 47 - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау коры» АҚ және 7 – несиелік серіктестіктерге. 
Шағын несие 401,882 млн. теңге жалпы сомасында 55 қатысушыға берілді. 
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 3,615 млн. теңге сомасында 15 адамға берілді.
Бағдарламаның үшінші бағыты аясында (Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбектік ресурстар ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту) 8184 адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасты, бағдарлама аясында жүзеге асырылатын жобаларға 431 адам жолданды. 
Уақытша әлеуметтік жұмыс орындарына 320 адам жұмысқа орналасты, жылдық жоспар 290 адам. Қоғамдық жұмыстарға 673 адам жұмысқа орналасты, жылдық жоспар 524 адам. Жастар практикасына 649 оқыту мекемелерінің түлектері қатысты, жылдық жоспар 479 адам. Жастар практикасын 2017 жылда жіберілген қатысушылар қатарынан 256 адам аяқтады. Олардан 80 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. 
Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру аясында Семей қаласы бойынша 2018 жылға, оралмандар мен қоныс аударушылар қатарындағы 106 адамнан тұратын 33 отбасына квота бекітілді, олардың ішінде 25 отбасы 75 адам  - оралмандар және 8 отбасы 31 адам - оңтүстік өңірден қоныс аударушылар.
01.12.2018 жылдағы жағдай бойынша Семей өңіріне жанұя мүшелерінің саны 58 адамнан тұратын 22 оралмандар отбасы қоныс аударды. Приречный ауылдық округінің Мұздыбай ауылына «Оңтүстік-Солтүстік» бағдарламасы бойынша 17 адам санынан тұратын 6 отбасы қоныс аударды.  
Жанұя мүшелерінің саны 69 адамнан тұратын 23 отбасына қоныс аударуға 5,735 млн.теңге сомасында субсидия төленді. Отбасы мүшелерінің саны  52 адамнан тұратын 16 отбасына тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге 11,091 млн. теңге сомасында қаражат төленді. 
Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеу және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша (2017 жылдан ауысқан) оралмандар қатарындағы 6 отбасына 2,884 млн. теңге сомасында субсидия төленді, немесе жылдық жоспарға 100%.
 
   
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ
 
 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы" 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 және "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жұмыспен қамту 2020 жол картасын жүзеге асыру барысы туралы 2015 жылға
 
 
 
Жұмыспен қамту 2020 жол картасын жүзеге асыру барысы туралы 2016 жылға
 
 
Инфрақұрылымдық жобаларды жөндеу жұмыстары барысы туралы ақпарат
Өңдеу күні: 10-12-2018