Акимат » Семей қаласындағы жер қатынастары 2017 жыл

Семей қаласындағы жер қатынастары 2017 жыл

Мемлекет Басшысының «Қалыптасқан мемлкеттің жаңа саяси бағыты «Қазақстан-2050» стратегиясының және 100 нақты қадам ұлттық жоспарын орындау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің іс-шара жоспары аясында Семей қаласының іс-шара жоспары жасалды.  
«Қазақстан-2050» стратегиясында атап айтылғандай халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызыметтер қала әкімі сайтына орналастырылған. Жер қатынастары бөлімі мемлекеттік қызметтер туралы статистикалық есепті ақпараттар технологиясы бөліміне уақытымен жолданып отырады. Сол бойынша мемлекеттік органның атқарылған жұмысы бағаланады.
Семей қаласы аумағының даму бағдарламасына сәйкес әлеуметтік-экономикалық дамуының рейтинг көрсеткіштері бойынша Семей қаласының жер қатынастары бөлімімен орындалады. Ауыл шаруашылық айналымдағы егістік жерлерін алаңдарын пайдалануын ұлғайтып қана қоймай, жайылымдық алқаптарды ұтымды пайдалануы бөлімінің стратегиялық мақсаты болып табылады. 100 нақты қадам Ұлт жоспарының 36 қадамында, ауыл шаруашылық жерлерді пайдалану бойынша тұрақты мониторингі жүргізіліп, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімін жеңілдетуі қолданылады. Әрі қарай жекешелендіру мақсатында барлық пайдаланылмайтын жерлерді мемлекеттік қорға өткізіледі. Ауыл шаруашылық арасындағы құрылымдарды енгізу үшін ауыл шаруашылық бөліміне дейін жайылымдық алқаптарды түбегейлі жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары жеткізілді. 
Семей қаласының аумағы 2018 жылдың 1 қаңтары жағдайына 2780,7 мың га, құрайды, оның ішінде:
- ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерінің ауданы 999,6 мың га, ол барлық ауданның 36 % құрайды, оның ішінде 11,7 мың га жыртылған жерлер, 6,1 мың га тыңайған жерлер, 6,7 мың га шабындық жерлер және жайылымдық жерлер – 967,9 мың га.
- елді-мекен жерлері – 243,4 мың га; 
- өнеркәсіп, көлік, байланыс және т. б. жерлері – 52,9 мың га;
- ерекше қорғалатын табиғи аумағы жерлері – 104,6 мың га; 
- су қоры жерлері – 4,8 мың га; 
- босалқы жерлер – 1 373,9 мың га, оның ішінде - 891,0 мың га полигон жерлері.
2017 жылы жер жөніндегі сұрақтар бойынша 1022 хат, оның ішінде заңды тұлғалардан 203 жеке тұлғалардан 819 өтініш келіп түсті. 
Осы уақытта жер комиссиясының 33 отырысында 3297 сұрақ қаралып, оның ішінде бағбандыққа 575, жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуге 118. Жер қатынастары сұрақтары бойынша 1569 қала әкімдігінің қаулысы қабылданды.
Заңды және жеке тұлғаларымен 1228 шарт жасалды, соның ішінде: 
- жер учаскелерін жалға беру шарттары – 683;
- жеке меншікке сату-сатып алу шарттары – 454;
- жалға беру құқығын сату шарттары – 91.
Агроқұрылым бойынша жер учаскелеріне паспорттар дайындалды– 30 дана. 
Өткен кезеңде жергілікті бюджетке түскен түсімдер: 
БСК 105315 – жалға алудан төленетін түсімдер 137,1 млн. теңге.
БСК 303101 – жеке меншік құқығына сатудан түсімдер 293,1 млн. теңге. 
БСК 303202 – жалға алу құқығын сатудан түсімдер 97,6 млн. теңге құрады.
Барлығы 3 БСК бойынша бюджетке түскен түсімдер 527,8 млн. тенге. 
 
2017 жылдың 2016 жылмен салыстырғанда жер учаскелерін жалға алудан, жеке меншікке сатудан, жалға алу құқығын сатудан бюджетке түскен түсімдер бойынша жоспардың орындалу серпіні:
 

Аты

2016 жылға жоспар

2016 жылға орындалуы

2017 жылға жоспар

31.12.2017 ж. орындалуы

Темп роста к 2016 г.

%

31.12.16 ж. түсімдер

ауытқуы

%

31.12.2017 ж. түсімдер

ауытқуы

%

105315

98 210,0

104 450,6

+6 240,6

106

134200,0

137 116,6

+ 2 916,6

102

131

303101

239 994,0

256 796,1

+16 802,0

107

245 000,0

293 127,7

+ 48 127,7

120

114

303202

38 490,0

40 336,4

+1 846,4

105

95000,0

97 568,2

+ 2 568,2

103

242

Барлығы

376 694,0

401 583,0

+24 889,0

107

357 000,0

527 812,5

+ 53 612,5

111

131

 
2017 жылы бөліммен қала маңындағы жер телімдерін сату бойынша  3 аукцион өткізілді. 
Түскен қаражаттың жалпы сомасы – 67,7 млн. теңгені құрады, бастапқы бағасы – 57,0 млн. теңге, соның ішінде: 
-жеке меншік құқығына сатудан – 61,9 млн. теңге, бастапқы бағасы – 52,0 млн. теңге құраған;
-жалға алу құқығын сатудан – 5,8 млн. теңге, , бастапқы бағасы – 5 млн. теңге құраған;
Жалпы кіріс құны + 10,7 млн. теңгені құрады. 
Бірінші аукционда: 
-бастапқы жеке меншікке сату бағасы 2,7 млн теңгені құрап 4,2 млн теңгеге сатылды. 
-жалға алу құқығын сатудың бастапқы бағасы 1,8 млн. теңгені құрап 2,2 млн теңгеге сатылды. 
Екінші аукционда: 
-бастапқы жеке меншікке сату бағасы 0,6 млн теңгені құрап 3,9 млн теңгеге сатылды. 
-жалға алу құқығын сату бастапқы бағасы 1,6 мың теңгені құрап 1,8 млн теңге сатылды. 
Үшінші аукционда: 
-бастапқы жеке меншікке сату бағасы 48,7 млн теңгені құрап 53,8 млн теңгеге сатылды. 
-жалға алу құқығын сату бастапқы бағасы 1,6 мың теңгені құрап 1,8 млн теңге сатылды. 
Өткен кезеңде  иесіз мүлік есебіне жалпы алаңы 18804,3 га болатын 195 жер учаскесі алынды, оның ішінде: 
- бағбандық үшін алаңы 11,2 га болатын 166 жер учаскесі; 
- шаруа қожалықтарын жүргізу үшін алаңы 18788,0 га құрайтын 12 жер учаскесі; 
- басқа да ауылшаруашылық емес кәсілорындарының алаңы 5,1 га құрайтын 17  жер учаскесі алынды.  
Бағбандық үшін берілген жер телімдерін түгендеу бойынша жұмыстар жалғасуда. Сот шешімдері бойынша мемлекеттік меншікке жалпы алаңы 21,0 га құрайтын 316 иесіз жер учаскелері қайтарылды, оның ішінде азаматтардың өтініштері бойынша одан әрі пайдалану үшін  190 жер учаскесі берілді. 
Бөлімде жеке тұрғын  үй құрлысын салу үшін жер телімін алуға арнайы кезек қарастырылған. 2017 жылдың соңына арнайы кезекте - 24184 азамат тіркелген. Жер берілетін алаңдарда инженерлік, коммуналдық дайындықтары болмағандықтан, кейінгі жылдары жер телімдері осы мақсатта  берілмегендіктен кезек саны өсіп отыр. Қазіргі уақытта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жеке тұрғын уй құрылысы үшін жер учаскелерін кезең-кезеңімен әзірлеу алгоритмі құрастырылып, 2017 жылдың 2031 жылға дейін жұмыс түрлеріне бөлінді. 
Жер қатынастары саласында реттеу міндеттерін іске асыруға арналған 2017-2021 жылдарға іс-шаралар жоспарына сәйкес жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларын құжаттық тексеру жүргізілді. Қала әкімінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 13-ө өкімімен осы мәселе бойынша барлық құзыретті ұйымдардың өкілдері кіретін жұмыс тобы құрылды. Кестеге сәйкес, құжаттық тексеру ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша жүргізілген.
ШҚО бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалы – жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеу департаментінен алынған МЖК ААЖ деректер базасынан түскен және  және басқа да материалдармен жер балансы деректерін өзектендіру жүргізілді.
Семей қаласы бойынша барлығы 641 агроқұрылым жұмыс істейді, оның ішінде: 586 шаруа қожалығы, 16 азаматтарға мал жаю және шөп шабу ұйымы, 12 ЖК ұйымының заңды тұлға (ф/х түрінде ЖМ), 5 ЖШС, 4 ӨК, 2 мемлекеттік ауылдық мекемелері: ММ "Жетісу өңірлік инспектура" (ғылыми-зерттеу мекемесі) және РМК "Еңбек-Өскемен" (қосалқы шаруашылық), сондай-ақ 16 басқа да кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер.
Семей қаласы бойынша негізінен ақшыл-қоңыр, қара - қоңыр және сортаң топырақты басым болып келеді. Орташа балл бонитеті 12 бірлікті құрайды.
Басты міндеттерінің бірі – бұл пайдаланылмайтын жерлерді игеру. ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалануын жақсарту үшін егіншілік шарушылығын мәдениетін арттыру маңызды. Осы суармалы жерлердің басым бөлігінде кешенді реконструкциялауын, суару жүйелерін жақсартуын, мелиорациялық жай-күйі мен олардың сумен қамтамасыз етілуін арттыруын жүзеге асыру қажет.
Пайдаланылмайтын жерлерді игеру ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін берік базаны құрып және кеңейту, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамсыз ету үшін мүмкіндік береді. Бұл өндіріс ауыл шаруашылығы дақылдарының келешекте көлемін арттыру және өнімділігіне мүмкіндік береді, импортқа тәуелділікті төмендету және көкөніс өнімдерін мықты жем базасын құруға, сондай-ақ егіншілік тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
2017 жылдың ішінде тексеру барысында 14 шаруа қожалықтарының жер учаскелеріне қатысты, мал бастары (ІҚМ, ҰҚМ) 1 га нормасына сәйкес еместігі анықталды. Тиісті шаралар қабылдану үшін ШҚО жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасына деректер жіберілді.
Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін анықтау бойынша және оларды мемлекет меншігіне қайта қайтару жұмыстары жүргізілді. Сот шешімдерінің және  ЖАО қаулысының күшін жою негізінде мемлекеттік меншікке қолданылмайтын 33 шаруа қожалық, фермерлік қожалық және жеке тұлғалар жерлері қайтарылды, жалпы аланы – 25004,6 га сонын ішінде: «Келешек» ш/қ - 3,0 га, «Анастасия» ш/қ - 5,0 га, «Удача» ш/қ - 1,8 га,  «Ай – Кат» ш/қ - 15,5 га, "Алина"  ш/қ - 40,0 га, «Жадько» ш/қ - 12,4 га, «Квашнины» ш/қ - 15,5 га, «Мырзахмет» ш/қ - 2100,0 га, «Уали» ш/қ - 5000,0 га,  «Иманкалов Б.Н.» ф/қ - 1000,0 га, «Жаркын» ш/қ - 7000,0 га, «Максат-М» ш/қ - 306,0 га, «Нурсулу» ш/қ - 500,7 га,   «Жасулан» ш/қ - 1000,0 га, «Көкпек» ш/қ - 3,0 га, «Комкор» ш/қ - 200,0 га,  «Ташпай» ф/қ  - 9,0 га,   «Сабыржан» ф/қ - 100,0 га, Сарсенбаев С.Р.-65,2 га,  «Турым» ш/қ - 600,0 га, «Юбилейное» ш/қ - 19,8 га, «Анаден» ш/қ - 3,0 га,  Кос-Кудык» ш/қ -210,0 га, «Виктория» ш/қ - 400,0 га, «Мади-Р» ш/қ - 794,0 га, «Димека» ш/қ - 650,0 га, «Акыл» ш/қ - 1502,0 га,  «Шалкар» ш/қ - 1812,5 га, «Байгожанов-О» ш/қ - 15,5 га, «Жумабек-Б» ш/қ - 18,6 га, «Журавушка» ш/қ - 2,0 га, «Орынгали» ш/қ - 1400,0 га, «Нурбану» - ш/қ 200,1 га.
Кейіннен бұл жерлер ауыл шаруашылығы айналымына конкурстық негізде берілетін болады.
Шаруа (фермер) қожалықтарын жүргізу үшін конкурс өткізіліп, ауылшаруашылығы мақсатындағы жалпы ауданы - 40,1 мың га құрайтын 44 жер учаскесі берілді. Дауыс беру нәтижесі бойынша агроқұрылымдарға жалпы алаңы 34,9 мың га 36 жер учаскесі берілді, оның ішінде егістік – 0,5 мың га, жайылым –34,1 мың га, шабындық – 0,2 мың га.
 
Жер қатынастары бөлімі
Өңдеу күні: 10-04-2018