Акимат » 2018 жыл бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілік туралы

2018 жыл бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілік туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 118 бабына сәйкес 31 бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған есептілік негізінде Семей қаласы бойынша 2018 жыл бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілік қалыптастырылды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» № 640 бұйрығының талаптарына сәйкес есептілік жасалды.
Жалпы 2018 жылдың ішінде қолма қол ақшаны бақылау шотына 45 468,4 млн. теңге түсті, соның ішінде:
-44 849,3 млн. теңге  қалалық бюджетке түскен түсімдер;
-67,3 млн. теңге демеушілік және қайырымдылық көмек бойынша;
-212,2 млн. теңге тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізуден;
-329,7 млн. теңге қолданыстағы заңнамаға сәйкес уақытша орналастыру қаражатынан;
-9,9 млн. теңге жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару бойынша.
Түскен қаражаттан 45 452,9 млн. теңге игерілді. Оның ішінде еңбек ақы және бюджетке салықтар мен төлемдерді төлеуге 10 393,3 млн. теңге (22,9%), тауарлар мен қызметтер бойынша жеткізіп берушілер және мердігерлермен есеп айырысуға 18 285,5 млн. теңге (40,2%), ұзақ мерзімді активтерді алуға 12 341,1 млн. теңге (27,2%), басқа да бағыттарға 4 433,0 млн. теңге (9,7%) жолданды.
2018 жыл бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілік бекітілген кестеге сәйкес ШҚО қаржы басқармасына ұсынылды.
 
 
Қаржы бөлімі
 

2018 жылдың бірінші жартыжылдық бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілік
 
2017 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілік 
 
 
2016 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілік 
Өңдеу күні: 20-02-2019