Акимат » Кәсіптік оқыту

Кәсіптік оқыту

«Семей қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ 2018 жылы белгіленген жоспар бойынша жұмыссыздар мен жұмыс іздеушілер қатарынан «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының (әрі қарай Бағдарлама) бірінші бағыты аясында 595 адамды,  аймақтарды өркендету Бағдарламасы шеңберінде 170 адамды, барлығы 765 адамды қысқа мерзімді кәсіптік мамандықтарға оқыту жоспарланғандығын хабарлайды.

Жыл қорытындысында екі Бағдарлама шеңберінде 830 адам мамандықтардың  40 түрі бойынша, атап айтқанда: күш желілері мен электр жабдықтарының электр монтаждаушысы, дәнекерлеуші (барлық түрі бойынша), автокөліктің электр жабдықтарын жөндейтін электрик, слесарь-сантехник, краншы, ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист, бульдозер машинисі, «В» санаттағы жүргізуші, электр және газбен дәнекерлеуші, кең профильді станокшы,  құрлыс жұмыстарының әрлеуші шебері, бір ковшты эксковатор машинисі, аяқ киім жөндеуші, аспаз, аспаз-кондитер, визажшы,  шаштараз, 1С  оператор, бухгалтер біліктілігін жетілдіру курсына, аспаз-калькулятор, сәнгер-пішуші, массажист, тырнақ сәндеу шебері, стропалшы, мемлекеттік сатып алу бойынша агент, кәсіби күтуші, т. б.   мамандықтар бойыншаоқуға жіберілді.  Кәсіптік оқуға жіберілгендерден 748 адам оқуды аяқтаса, 82 адам түрлі себептермен оқудан мерзімінен бұрын шығарылды (сабаққа бармау, жұмысқа орналасу, денсаулығына байланысты, өз еркі бойынша, басқа жаққа көшуіне байланысты т. б.).

Есептегі жылы  қаланың шалғайдағы Қараөлең, Алғабас, Ақбұлақ, Айнабұлақ ауылдық округтерінен 70 адам  мобильдік оқу орталығы арқылы  аспаз, электр және газбен дәнекерлеуші, ЭЕМ операторы, күш желілер мен электр жабдықтарының электр монтаждаушысы мамандықтарына оқытылды.

Нәтижелі жұмыспен қамту Бағдарламасы бойынша 595 адамды оқытуға бөлінген 89995,0 мың теңгенің  мерзімінен бұрын оқудан шыққан адамдар есебінен пайда болған  1878,0 теңгесі,  сондай-ақ, аймақты өркендету Бағдарламасы шеңберінде қалалық бюджеттен бөлінген  32928,0 мың теңгенің  мамандықтардың жсопарланған және бекітілген бағасының айырмасы есебінен пайда болған6318,0 мың теңгесі бюджетке қайтарылды. Екі Бағдарлама бойынша 114727,0 мың теңге қаржы игерілді.

2018 жылдың 25 желтоқсанындағы есеп бойынша оқуды аяқтаған 696 адамның 352-сі (51%)  қаладағы шағын және орта бизнес мекемелеріне жұмысқа орналасты. Олардын   126-сы (36%) зейнетақы қорына қаржы аударған.

2018 жылдың 29 желтоқсанында 52 адам кең профильді станокшы, көркемдеу жұмысының орындаушысы, бір ковшты эксковатор машинисі және құрылыс жұмысының әрлеуші шебері мамандықтары бойынша оқуды аяқтады. Олардың жұмысқа орналасу мониторингі 2019 жылдың қаңтарынан жалғастырылады.

Жұмысқа орналаспағандардың 26-сы мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, 12-сі денсаулығы және жүктілігіне байланысты анықтамалары бар адамдар, 35-тен астам адам өз беттерінше қолма-қол ақыға жұмыс істеушілер, олардың 22-сінде жазбаша бекіткен өтініштері бар, 5 адам  тігінші мамандығына оқуды аяқтағаннан кейін «Қызмет көрсету колледжінде» өз қаражаттары есебінен «Сәнгер-пішуші» мамандығы бойынша біліктілігін жетілдіруде,   3 адам жоғарғы оқу орынан түссе,  1 адам Ұлттық Гвардия қатарында әскери борышын өтеуде. Қысқа мерзімді оқуды аяқтағандардан уақытша жұмыспен қамтылды: 8 адам қоғамдық ақылы жұмысқа жіберілді, 4 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды, 4 адам Жастар тәжірибесіне жіберілді.

2018 жылы Семей қаласы бойынша 23 адам жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 5535,0 мың теңгеге мемлекеттік гранттар алды. Грант алушылардың қатарынан 10 адам есептегі жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқуларды аяқтап, қосымша өңірлік Кәсіпкерлер Палатасы филиалында «Бастау Бизнес» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздері бойынша курста оқыды.

 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ
 
 

Кәсіптік оқыту 2017 жыл

Кәсіптік оқыту 2016 жыл

 

Өңдеу күні: 14-01-2019