Акимат » 2019 жылдың қаңтар-тамыз әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша аудандар мен қалалар арасындағы ішкі өңірлік рейтингі

2019 жылдың қаңтар-тамыз әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша аудандар мен қалалар арасындағы ішкі өңірлік рейтингі

 
 
2019 жылдың қаңтар-тамыз әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша аудандар мен қалалар арасындағы ішкі өңірлік рейтингте Семей қаласы 14 орынды иеленіп, төмен серпін дамуы бар аймаққа жатқызылды.
2018 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 13 көрсеткіштің ішінен 5 көрсеткіш бойынша  нәтижелер жақсарды:
- өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі – 104,1% (103%), бөлшек-сауда тауар айналымының нақты көлем индексі – 102,6% (97,7%), қала бюджетінің меншікті кірістер көлемінің өсу қарқыны – 118,6% (103,4%), 100 мың тұрғынға шаққанда туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейінің өзгеруі – 96,8% (97,8%) қылмыстылық деңгейінің өзгеруі – 73,9% (92,3%); 
- жағымды динамикаға қарамастан 4 көрсеткіш бойынша өткен жылдың деңгейіне жетпеу байқалуда: құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі – 122,9% (235%), негізгі капиталға салынған жеке меншік инвестициялардың нақты көлем индексі – 118,2% (137%), шағын бизнестің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санының өсу қарқыны – 109,2% (115,5%), қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілген тұрғындар санының өсу қарқыны – 100,0% (100,4%);
- 4 көрсеткіші бойынша жағымсыз динамика байқалады: ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі – 97,2% (98,2%), мемлекеттік бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер көлемінің өсу қарқыны – 91,5% (141,7%), мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтылған 1-6 жастағы балалар санының өзгеруі – 96,9% (110,8%); қылмыстылықты ашу деңгейінің өзгеруі 74,1% (81,5%).
 

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі


2018 жылғы Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандары рейтингісінің қорытындылары 

2017 жылғы Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандары рейтингісінің қорытындылары

2016 жылғы Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандары рейтингісінің қорытындылары

2016 жылғы Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандары рейтингісінің қорытындылары

Өңдеу күні: 16-10-2019