Акимат » Семей қаласында мәдениеттің дамуы

Семей қаласында мәдениеттің дамуы

2019 жылдың 1 қазанына мәдениет саласында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат 
 
2019 жылдың 1 қазанына  қалада 463 мәдени-көпшілік шара өткізіліп, оларға 58240 астам адам қамтылды. 
Есептік кезең барысында Нұр-Сұлтан қаласының күні, Шәкәрім Құдайбердіұлының, ұлы Абайдың туған күнін мерекелеуге орай кешенді шаралар жоспарланып, өткізілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Ұлттық домбыра күні, Қазақстан халқы тілдер күні мемлекеттік және кәсіптік мерекелер кең көлемде  аталып өтті.
6 шілде – Елорда күнін мерекелеу аясында  қала музейлерінде ашық есік күні өткізіліп, кітапханаларда «Менің арман қалам» атты ертеңгілік, «Нұр-Сұлтан – жаңа ғасыр қаласы» атты ойын – экскурсия, «Нүр-Сұлтан – отанымның жүрегі» атты әдеби-сазды кеш, «Ажары сен елімнің, Нұр-Сұлтан» атты мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Ертіс жағалауында қала жұртшылығына   мерекелік концерт ұсынылды. Домбыра күні мерекесіне орай Бейбітшілік аралында  домбырашылар  флешмобы ұйымдастырылды. Шараға кәсіби домбырашылар мен қатар көркемөнерпаз музыканттар қатысып, өнер көрсетті. 
Ұлы Абайдың туған күніне орай ақын ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, Абай еліне экскурсия ұйымдастырылды. «Айша Бибі» қазақ мәдени орталығымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған челлендж, кітапханалармен «Оқу автобусы» акциясы, «Абайдың сөзі - халықтың даналығы»  көрме-толғауы, «Ұлы даланың - ұлы ақыны» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өткізілді.  
Қазақстан халқы тілдері күніне орай облыстық тілдер мерекесі, «Отанымыз ортақ, тіліміз түрлі, тілегіміз бір» атты айлық, «Тіл - ұлттың жүрегі» атты поэзиялық ринг, «Латын әліпбиіне көшу - уақыт талабы» дөңгелек үстел, «Ұлағат» клубы аясында «Тіл - ұлы байлық» атты білімділер сайысы, т.б. ұйымдастырылып, өткізілді.
Қыркүйек айының 22 күні қала күнін мерекелеу жоспарлануда. Қала күнін мерекелеу барысында «Семейім – Алашымның астанасы» жас ақындар айтысы, «Students fest» шығармашылық жастар фестивалі, ІІ «Youth Challenge battle» заманауи би фестивалі, «Ретро-автомабильдер» көрмесі ұйымдастырылатын болады. Мерекелік шаралар аясында Семей қаласының тарихымен байланысты «Шежірелі Семей» - «Летопись Семея» тарихи-өлкетану алаңы,  «Мейірлі Семей» - «Family day» балаларға арналған мәдени-танымдық және интерактивті медиа бағдарламалар, «Сүйікті қаламмен естелік сурет» - «Фото  с любимым   городом»  суретке түсіру алаңы  ұйымдастырылады. Сонымен қатар әр саланың үздік қызметкерлері марапатталып, қаланың шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздарымен қатар Қазақстан эстрада жұлдыздары Айдана және Ермек Меденовтардың мерекелік концерті және отшашу жоспарлануда. Мәдени  іс-шаралар қаланың Орталық алаңында ғана емес, сонымен қатар қаланың бір қатар мөлтек аудандарында өткізілетін болады. 
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы Бекжан батырдың     310 жылдығына арналған «Асыл мұра» қазақ ұлттық көлөнерінің халықаралық конкурс-фестивалі ұйымдастырылып өткізілді. Шараға Шығыс өңірінің танымал шеберлері қатысып, ғажайып қолөнер туындыларын халыққа ұсынды. Сонымен қатар қала кітапханаларында  «Менің өлкем – менің мақтанышым» атты поэзиялық лабиринт, «Кітапхана – рухани жаңғырудың ошағы» атты виртуалды саяхат «Қазақстан – түркі әлемнің қара шаңырағы» көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды
Мәдени-көпшілік шаралармен қатар тарихи-мәдени объектілерін қорғау және насихаттау жұмыстары жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні Найманбаев көшесі, 116 үй бойынша орналасқан бұрынғы телеграф ғимаратын (тозығы жетуіне байланысты) мемлекеттік қорғаудағы ескерткіштер тізімінен шығару мәселесі ағымдағы жылғы 8 тамыз күні тарихи ескерткіштер жөніндегі облыстық комиссия отырысында қаралып, қолдау тапты. Сонымен қатар қаламыздағы ескі нысандарды қарау және жағдайын анықтау жұмыстары жүргізіліп, облыстық комиссия отырысында қаралды. Комиссия шешіміне байланысты теміржол бекеті аумағында орналасқан бұрынғы су құбырын мемлекеттік  қорғаудағы ескерткіштер тізіміне енгізу туралы шешім қабылданды.
Жоғарыда аталған жұмыстармен қатар мәдениет мекемелерінің материалдық –техникалық базасын нығайту жұмыстары жүргізілді. Қалалық Мәдениет сарайында ғимаратының сыртқы жөндеу және энергоаудит жұмыстары, қалалық Достық үйінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында пандус орнатылды, Орталық демалыс саябағына жаңа музыкалық аппаратура және компьютерлік техника алынды.  Сонымен қатар Қайнар Мәдениет үйі музыкалық информация
аппаратурамен, саңырау-мылқау, зағип және нашар көретін азаматтарға арналған клуб мекемелері жаңа компьютерлік техникамен қамтамасыз етілді.  
Қалалық және Қайнар орталықтандырылған кітапхана жүйелерінің, Мұқыр ауылы кітапханасының негізгі кітап қорлары толықтырылды. Сонымен қатар барлық мәдениет мекемелеріне жаңа үлгідегі Елтаңба алынды.
Кітап қорларын цифрлау және электрондық каталогқа көшіру бойынша жұмыстар жалғастырылуда.Бүгінгі күні кітап қорын цифрлау және электронды каталогқа көшіру жұмыстары жалғастырылуда.  Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде жалпы 6126 құжат цифрлық нұсқаға көшірілген, оның ішінде 2019 жылдың үшінші тоқсанында 443 құжаттың цифрлық көшірмесі жасалды. Сонымен қатар электронды каталогқа 300 211 библиографиялық жазба орналастырылды, соның ішінде мемлекеттік тілде - 112789,  есептік кезең бойынша электронды каталогқа – 5964, с.і. мемлекеттік тілде – 3293 жазба енгізілді. Электронды каталогтың веб-нұсқасы кітапхана жүйесінің сайтына орналастырылды.
Жоғарыда аталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
 
 
 
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
 

 
Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2018 жыл 
 
Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2016 жыл
 
 
Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2015 жыл
 
 
Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2014 жыл
 
 
Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2013 жыл
 
 
Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2012 жыл
 
 
Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2011 жыл
 
 
Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2010 жыл
Өңдеу күні: 10-10-2019