Акимат » Семей қаласындағы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асырылуы туралы

Семей қаласындағы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асырылуы туралы

Өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарынқұру мақсатында,«Бизнестің жол картасы- 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру аясында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.

2018 жылдың басынын бастап  несиені субсидиялау және кепілдемеге сомасы 674,0 млн. теңгеге 53 жоба, оның ішінде 21 жобаға 154,0 млн.теңге несие бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, жалпы сомасы   154,0 млн. теңгеге (жергілікті бюджеттен жалпы кепілдеме сомасының 20 % –30,8 млн.теңгеге) 21 кепілдеме берілдітүрінде қолдау көрсетілді. 

 Қазіргі кезде жетіспейтін инфрақұрылымды өткізу мақсатында 1 жобаға жалпы соммасы 190,6 млн,теңгені құрайтын көмек көрсетілді.

Бағдарлама аясында мемлекеттік грант бойынша 22,2 млн.тенгеге 10 жоба қаржыландырылды.

Кәсіпкерлерді ақпараттық қамсыздандыру және оларды мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысуға тарту мақсатында ағымдағы жылдың басынан бастап жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 16 мақала жарық көріп, қала әкімінің ресми сайтында және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ сайтында 18 ақпараттық материал орналастырылып, қалалық телеарналардан 20 сюжет көрсетілді, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, ШҚО Семей қаласы кәсіпкерлер палатасы филиалының өкілдерімен бірлесіп 22 кеңес және кездесулер өткізді.

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ өңірлік филиалының жанындағы  Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО)және ШҚО Кәсіпкерлер палатасының Семей қалалық филиалында2018 жылдың қаңтар-қараша айларында- 3145 кеңестік қызметтер көрсетілді.

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ, екінші деңгейлі банктермен бірлесіп осы бағдарламаға кәсіпкерлерді тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.     

      Кәсіпкерлік бөлімі


2017 жылда Семей қаласындағы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асырылуы туралы

2016 жылда Семей қаласындағы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асырылуы туралы

Өңдеу күні: 16-10-2019