Акимат » 2019 жылдың 1 қазанына қала бюджетінің орындалуы туралы ақпарат

2019 жылдың 1 қазанына қала бюджетінің орындалуы туралы ақпарат

2019 жылдың 1 қазанына қала бюджетіне 36 868,5 млн. теңге келіп түсті, оның ішінде меншік кіріс көздері бойынша 10 619,4 млн. теңге.
Жоғарғы деңгейдегі бюджеттен трансферттер түрінде 26 243,9 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 3 902,4 млн. теңге, облыстық бюджеттен 18 941,0 млн.теңге, субвенция 3 400,5 млн. теңге бөлінді.
Бюджеттің шығыс бөлігі бойынша 36 394,1 млн. теңге игеріліп, немесе 100 пайызды құрады. 
Оның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жұмысын қамтамасыз етуге және оны дамытуға, көліктік инфрақұрылымға және құрылысқа 22 983,1 млн.теңге, білім саласына 8 741,4 млн. теңге, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуге 1 737,5 млн. теңге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік шығындарына 266,1 млн. тенге бағытталды.
1 350,0 млн.теңгеге жоғары тұрған бюджетке кредитті қайтару бойынша міндеттемелер уақытында орындалды.
 
2019 жылдың 1 қазанына білім және әлеуметтік көмек пен қамтамасыз ету бойынша бюджеттік қаражаттың пайдалануы туралы ақпарат
 
2019 жылдың 1 қазанына қорытындысы  бойынша бюджеттен әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуге 1 737,5 млн. теңге бағытталды  (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің аппаратын ұстау шығындарын есепке алмағанда).
Әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған 4 мекеменің жұмысын қамтамасыз етуге  295,6 млн.теңге бағытталды, оның ішінде қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, № 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы,  халықты жұмыспен қамту орталығы.  
Маңызды басымдылықтардың бірі болып халықты жұмыспен қамтуды қолдау болып табылады. Бұл мақсаттарға есептік кезеңде 186 млн. теңге шығындалды. Оның ішінде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы  аясында республика бюджетінен 31,8 млн. теңге бағытталды. Қоғамдық жұмыстарға 53 млн. теңге, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау және қайта даярлауға 38 млн.теңге, халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларға 63,2 млн.теңге бағытталған. 
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлемдеріне 592,9 млн. теңге, тұрғын үй көмегін көрсетуге 28,5 млн.теңге шығындалды. 
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсетуге 382,9 млн.теңге шығындалды.
Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге  34,8 млн. теңге бағытталды.
Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеуге 3,9 млн. теңге шығындалды.
Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуін, жеке көмекшілермен қамтамасыз етуге 84,3 млн.теңге бағытталды.
Мүгедектер өмірінің сапасын арттыруға және құқықтарын қамтамасыз етудегі іс-шаралар Жоспарын жүзеге асыруға 128,6 млн.теңге шығындалды.
 
2019 жылдың  1 қазанына қорытындысы  бойынша бюджеттен білім саласы бойынша шығындар 8 741,4 млн.теңгеде (білім бөлімі аппаратын ескермегенде) бағытталды. 
Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеуге 426,8 млн. теңге жұмсалды. 
Бұдан басқа халықтың мектепке дейінгі білім беру мемлекеттік тапсырысын жүзеге асыруға 367,5 млн. теңге бағытталды.
Жалпы білім беру шығындарына 6 888,5 млн. теңге сомасына 68 мекеменің жұмысы қамтамасыз етілді. 
Қаланың мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізуге 215,9 млн. теңге бағытталды.
Көпбалалы және жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген отбасылардың балаларына материалдық көмек көрсету үшін көмек көрсетуге жалпыға бірдей мiндеттi орта бiлiм қорының есебінен ыстық тамақты ұйымдастыруға, киіммен қамтамасыз етуге және басқа да шығындарға 188,7 млн. теңге жұмсалды.
Жетім және ата ананың қамқорынсыз қалған балаларды бағып-қағуға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдері 43,2 млн. теңгені құрады.
Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап алған Қазақстан азаматтарына біржолғы ақшалай қаражаты төлеуге 1 млн.теңге бағытталды.
Қосымша білім беретін мектептен тыс мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге шығындар 410,5 млн. теңгені құрады.
Мемлекеттік тапсырыс орналастыру аясында 3 мамандандырылған-техникалық мекемеде мамандандырылған білім беруді ұйымдастыруға 132,8 млн.теңге бағытталды.
Методикалық кабинеттердін жұмысына 27,7 млн. тенге жұмсалды.
Мектептегі олимпиадаларды, мектептен тыс шараларды және конкурстарды өткізу үшін 3,5 млн.теңге қаражат бөлінді.
Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға 17,8 млн. теңге бағытталды. 
Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстарына 149,1 млн.теңге жұмсалған.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындауға шығындар 57,1 млн.теңгені құрады.
 
 
 

2018 жылға қала бюджетінің орындалуы туралы 

2017 жылға қала бюджетінің орындалуы туралы

 

2016 жылға қала бюджетінің орындалуы туралы

 

2015 жылға қала бюджетінің орындалуы туралы

 

2014 жылға қала бюджетінің орындалуы туралы

 

2013 жылға қала бюджетінің орындалуы туралы

 

2012 жылға қала бюджетінің орындалуы туралы

 

2011 жылға қала бюджетінің орындалуы туралы

Өңдеу күні: 16-10-2019