Бөлім туралы

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылыс қызметі саласында басшылық жасайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Бөлім құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты қала аумағында жүзеге асырады.
Бөлімнің міндеттері:
1) аумақтың кешендік әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымды және перспективалық міндеттерін шешуге бағытталған құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іс жүзіне асыру, бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй құрылысы және қала мен қала маңындағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету, жылумен жабдықтау бағдарламаларын жүзеге асыру;
3) өз құзыретінің шегінде құрылыс нысандарының қажетті жобалау-сметалық құжаттамамен қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру және оның өз уақытында  жаңартылуын  және түзетіліп отыруын қамтамасыз ету;
4) қаланың және елді мекендердің бас жоспарының іке асырылуы үшін пәрменді бақылауды қамтамасыз ету, олардың кешенді құрылыспен толтырылуын және тұрғын аудандардың көркейтілуін жүзеге асыру, толыққұнды қоршаған ортаның құру және қолдау жөніндегі кешенді шараларды жүргізу болып табылады.
Өңдеу күні: 20-04-2017