Басы » Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі » Жаналықтар » Семейлік спортшы бокстан Азия чемпионатын жеңіп алды
Семейлік спортшы бокстан Азия чемпионатын жеңіп алды
Автор: Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі
18-10-2019 12:21
Семейлік спортшы бокстан Азия чемпионатын жеңіп алды
Кузеубаев Руслан 2019 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 52 кг салмақ дәрежесінде алтын медальды жеңіп алды. Ақтық сында қазақстандық боксшы Кувейт, Бутан, Иран өкілдерін жеңді, ал финалда тәжік боксшысы Абубакир Муродовтан басым түсті.
Жарыс 10-17 қазанда Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджайре қаласында өтті. Қазақстан құрамасы 7 алтын, 3 күміс және 9 қола медаль жеңіп алды. Жалпы командалық есепте үшінші орынды иеленді. Турнирге 26 елден 239 спортшы және 26 салмақ дәрежесінде жасөспірімдер мен қыздар арасында 239 спортшы қатысты.
Осы спортшының жаттықтырушысы оның әкесі Мұздыбаев Руслан.
 
 
 
Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі