Басы » Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі » Жаналықтар » Жастар жылына арналған ауылдық округтер арасындағы дәстүрлі спартакиада
Жастар жылына арналған ауылдық округтер арасындағы дәстүрлі спартакиада
Автор: Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі
18-10-2019 12:16
Жастар жылына арналған ауылдық округтер арасындағы дәстүрлі спартакиада
2019 жылдың 12-13 қазаны күндері "Спартак" стадионында және  № 17 жалпы білім беру орта мектебінде Жастар жылына арналған ауылдық округтер арасындағы дәстүрлі спартакиаданың ақтық ойындары өткізілді. Жарыстарға қалаға қарасты 12 ауылдық округтер және 2 кент командалары спорттың 8 түрінен қатысты. 
Соңғы спорт түрі шаңғыдан жарыс ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспалануда. Биылғы жылғы спартакиадаға ауыл спортшылары тиісті дайындықпен келді.  Жарыс өте қызықты өтті. Жарысқа 500-ден астам адам қатысты. 
Жарыстарды өткізудің басты мақсаттары: салауатты өмір салтын насихаттау, ауыл тұрғындарын жүйелі дене шынықтыру мен спортқа тарту, ауылдық округтер арасындағы достықты нығайту болып табылады.
Жеңімпаздармен жүлдегер командалар арнайы дипломдармен және кубоктармен марапатталды.
 
 
Дене шынықтыру және спорт бөлімі