Еркін күрестен Конфедерация Кубогі
Автор: Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі
14-12-2018 16:58
Еркін күрестен Конфедерация Кубогі
2018 жылдың 8-9 желтоқсан аралығындағы Алматы қаласында өткен Конфедерация Кубогінде ШҚО спортшылары еркін күрестен 1-ші орынды иеленді. Облыс құрамында Семей қаласының спортшылары да күресті. Сонымен қатар оларға 25 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық табыс етілді. Еркін күрестен облыстың бас жаттықтырушысының айтуы бойынша бұл жарысқа барлық балуандар жақсы дайындықпен барған. Айта кету керек, спортшылардың жақсы нәтиже көрсетулері үшін біздің қаламыздың аға жаттықтырушысы Кусаинов Ержан және жаттықтырушы Мейірбек Байжанов көп жұмыс атқарды.
 
Дене шынықтыру және спорт бөлімі