Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » «Қаражыра - 2019» халықаралық турнирі
«Қаражыра - 2019» халықаралық турнирі
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
15-10-2019 16:48
«Қаражыра - 2019» халықаралық турнирі

Қазанның  4- нен 9 – ы аралығында «Қаражыра АҚ- ның жүлдесіне» «Цементшілер» стадионында футболдан 9- шы Халықаралық  турнир өтті.

Бұл жолы оған 2011 жылы туылған үш елдің жас футболшылары қатысты: Ресей, Өзбекстан және Қазақстан. Біздің қаламызда осындай кіші топтарға арналған жарыстар алғаш рет өткізіліп отыр. Турнирді Семей қаласының «Аула клубтарының қауымдастығы» ұйымдастырды.

Семей, Павлодар, Өскемен, Талдықорған, Новосібір және Ташкеннен шыққан 8 команда бір –бірімен ойнап, 28 ойын өткізді. Өткізілген матчтың қорытындысы бойынша  үшінші және екінші орындар «Ертіс» ФО (Павлодар) командасының футболшыларына тиесілі болды. Бәрінен де көп ұпай жинаған, «Бунедкор» ФК (Ташкен) академиясынан шыққан балалар турнирдің жеңімпазы атанды.

Жабылу салтанатында үш елдің ән ұраны ойналғаннан кейін жарысты өткізу аясында, футболдық байқаулардың жеңімпаздары, турнирдің үздік ойыншылары, жүлдегерлер мен жеңімпаздар анықталды. «Қаражыра» акционерлік қоғамының атынан барлық командаларға дипломдар, жүлдегерлерге төсбелгілер мен  кубоктар табысталды. Жарысқа қатысқан барлық командалардың бапкерлері де бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Қаражыра» АҚ - ы кәсіподағының  төрағасы Юрий Матвеев айтқандай, «барлық командалардың балалары турнирда тек қана жеңіске таласып қоймай, бір – бірімен достасып және тату – тәтті барлық қатысушыларға қолдау көрсетті».

Біздің жерлестеріміздің арасынан турнирдің үздік қорғаушысы болған Жұмағалиев Нәби және  «Үздік мерген» байқауының жеңімпазы Калистратов Саша ерекшеленді.

«Аула клубтарының қауымдастығы» Шығыс Қазақстан облысы балаларының арасында танымалдыққа ие болған, дәстүрлі футбол турнирына қаржылай қолдау көрсеткені үшін «Қаражыра» АҚ – ның бас директоры М.М.Мәкішевке алғыс айтады.