Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Тацухико Касаи мырзаның Семей қаласының білім беру мекемелеріне келуі туралы
Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Тацухико Касаи мырзаның Семей қаласының білім беру мекемелеріне келуі туралы
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
12-04-2019 12:48
Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Тацухико Касаи мырзаның Семей қаласының білім беру мекемелеріне келуі туралы

«Шөп тамыры адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік жобаларға арналған қайтарымсыз көмек» бағдарламасы бойынша 2017 қаржылық  жылы  қаржыландырылуға қабылданған жобаларды аяқтау шеңберінде 2019 жылғы 10 сәуір күні Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Тацухико Касаи мырза Семей қаласының  № 25, № 3, № 23 жалпы орта білім беретін мектептерін аралады. Әрбір оқу орны педагогтар, мектеп оқушылары және ата-аналар қауымдастығының қатысуымен қонақтарды салтанатты қарсы алу бойынша Бағдарлама әзірледі.

Мекемелер сәндік-қолданбалы өнер көрмелерін, мерекелік концерт әзірледі. № 3 ЖОБМК Жапония елшісінің келуі мектеп аумағында ағаш отырғызудан басталды.  Қонақтар «Шахмат», роботты техника, «релаксация» кабинеттерін аралады. Кіші спорт залында жас каратэшілер өз өнерлерін, ал  «Керемет бала» жобасының қатысушылары өздерінің бірегей қабілеттерін көрсетті. Бұл мектепке қонақтардың келуі бастауыш сынып оқушыларының «Балдырғандар сәлемі» ұлттық биінен попурри және әртүрлі шығармашылық сайыстардың жеңімпазы, мектептің кіші хорының өнер көрсетуімен аяқталды.

№ 25 ЖОББМ қонақтарға «Жапония балалар көзімен» балалар шығармашылығы көрмесін, «Скульптура және көркем сурет паркі» жобасы алаңын, роботты техника кабинеттері көрсетілді және әрі қарай делегация «Жапон Үкіметіне алғыс белгісі» кабинетінің ашылуына қатысып, онда мектеп оқушылары «Адамдарды біріктіретін көпірлер» ғылыми жобаларын қорғады.

№ 23 ЖОББМ ресми бөлімнен кейін қонақтар биология, «ресурстық» кабинеттерін аралап, мектептің тарихи-өлкетану Мұражайының көрмесімен танысты. Спорт сыныбының оқушылары спорттық тренингтер көрсетті.

Сонан соң делегация Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайына, Биологиялық орталыққа және Семей мемлекеттік медициналық университет мұражайына барды.