Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Жас семейліктердің алғашқы жеңісі
Жас семейліктердің алғашқы жеңісі
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
11-01-2019 09:41
Жас семейліктердің алғашқы жеңісі

     «Балалардың жаттықтырушыларын еске алу» мақсатында Шәкәрім Мемлекеттік Университетінің спорткешенінде қаңтардың 4- нен 9 –ы аралығында шағын- футболдан дәстүрлі Республикалық турнир өтті, оған Семей, Өскемен және Павлодардың  2011-2012 жылғы жасөспірімдер командалары қатысты.

     Алғашқы төрт ойынның қорытындысы бойынша өздерінің барлық сайыстарында «Семей-2011» және «Барыс» (Өскемен) командалары жеңіске жетті, ал жас семейліктердің  соққан доптары мен қақпаға кіргізген доптарының айырмашылығы жер мен көктей болды. Жарыстың соңында шығыс- қазақстандықтар өзара күш сынасты. Бірінші таймда өскемендіктердің қақпасына допты шабуылшы Дәукеев Мүсілім кіргізді. Ал екінші таймда біздің қонақтар есепті теңестірді. Ойынның ақырғы секундтарында «Барыстықтар» айыптық соққы соғуға құқылы болған кезде, жеңістің алмасу сәті туды. Бірақ та, сәттілік турнир иесі «Семей - 2011» командасы жағында болып, олар турнирдің жеңімпазы атанды. Осындай жеңіске оларды жаттықтырушы Тимур Мурсалимов жеткізді.

       Турнирдің қорытындысы бойынша Бақтақұнов Әлімжан үздік қақпашы («Семей -2011», қорғаушы – Исламханов Таир (Өскемен), шабуылшы – Илал Елнұр («Дерби», Семей), үздік ойыншы – Волынкин Павел (Павлодар) болды.

         Сондай –ақ, осы турнирмен қатарлас 2007 жылғы жасөспірімдер арасында қалалық турнир да өткізілді, онда 3-ші және 2- ші орындарды «Семей» футбол орталығының балалары иеленсе, ал «Цементшілер» командасы жеңімпаз атанды.

     Барлығы турнирға жас ерекшеліктеріне байланысты 14 жасөспірімдер командасы қатысты.

     Жарыстың жүлдегерлері мен үздік ойыншылары «Семей» Футбол қауымдастығы және «Цементшілер» спорткешенінің кубоктарымен, медальдарымен, мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.