Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Бастауыш сынып мұғалімдері жүлделі оралды
Бастауыш сынып мұғалімдері жүлделі оралды
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
11-01-2019 09:38
Бастауыш сынып мұғалімдері жүлделі оралды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырумен 2019 жылдың 9-10 қаңтар аралығында «Бастауыш мектепте математикалық олимпиадалық және  логикалық есептерді шешу тәсілдері» атты республикалық оқу-әдістемелік семинары  өтті. Оған республиканың барлық аймағынан 200 мұғалім қатысты. Семинар барысында бірінші күні олимпиадалық және логикалық есептерді шешу жолдары оқытылды.  Қатысқан мұғалімдер екінші күні  тест түрінде олимпиадалық есептер шығарды. Бұл олимпиадаға Семей қаласынан бастауыш сынып мұғалімдері қатысып,   №35 ЖОББМ мұғалімдері, Б.О. Галимова, А.А.Касенова ІІ орынды иеленсе, А.Т.Дуюсенбаева ІІІ орын иеленіп жүлделі оралды.