Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » ХІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАШЫҚТАН «ТІЛ - МЕМЛЕКЕТ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ СИМВОЛЫ» АТТЫ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
ХІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАШЫҚТАН «ТІЛ - МЕМЛЕКЕТ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ СИМВОЛЫ» АТТЫ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
10-01-2019 10:15
ХІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАШЫҚТАН «ТІЛ - МЕМЛЕКЕТ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ СИМВОЛЫ» АТТЫ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Өзге ұлт өкілдері үшін қазақ тілі бойынша ХІІІ республикалық қашықтан «Тіл - мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты олимпиадасы өтті.
Олимпиада екі тур бойынша мемлекеттік тілді меңгеруге ерекше ықылас білдірген лингвистикалық таланттарды қолдау мақсатында өткізілді.
Оn-line режимінде турдың қорытындысымен ең жоғары ұпай алған Семей қаласы Экономикалық лицейдің 5-сынып оқушысы Вероника Бережнева мен №6 гимназияның 9-сынып оқушысы Морланг Анастасия олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысты.
Олимпиада Астана қаласында өтті. Оқушылар мемлекеттік тіл аясында жақсы білімдерін көрсетті.
Олимпиада қорытындысы бойынша Вероника Бережнева мен Морланг Анастасия жүлделі орындарға ие болып, ІІ, ІІІ Дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Барлық қатысушыларға ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының сертификаттары мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының ескерткіш сыйлықтары табыс етілді