Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » ҚАЛАЛЫҚ ДЕБАТТЫҚ ТУРНИР
ҚАЛАЛЫҚ ДЕБАТТЫҚ ТУРНИР
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
30-11-2018 15:04
ҚАЛАЛЫҚ ДЕБАТТЫҚ ТУРНИР

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мерекесі аясында білім бөлімінің бастамасымен № 4 ЖОББМ базасында қаланың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында қалалық пікір-сайыс турнирі өтті (қазақ лигасы).

Дебаттық турнирге қаланың 24 мектебінен 48 спикері қатысты, ал төрешілер қаланың жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері болды.
Турнир барысында пікірталастың барлық ережелері сақталды: тақырыптарды анықтау, дәлелдеу жүйесі, қолдау және нақты дәлелдер, қарама-қарсы сұрақтар қойылды. Дебаттың ұтымды тұстары ол қорғайтын позицияның дұрыстығын ғана білдірмейді. Өйткені бұл команда жеребе тартылған уақытта екінші жағында да ойнай алар еді.
Жеңіске жету команданың шеберлігіне байланысты: дәлірек айтсақ, спикерлердің жеке іскерліктері, ұжымдық жұмыс және тамаша ойынның соңы жетістік сыйлайтыны анық.
Осындай ойын көрсете білгендер:
- № 22 МЛ командасы (Сапаралы Аяжан, Мамытова Аяулы) – 1орын;
- № 23 ЖОББМ командасы (Оралғазы Ақниет, Серікқазинова Ақбота) –
2 орын;
- № 32 ЖОББМ командасы (Серікбосынов Нұргелді, Тұрсынова Гүлім) –
3 орын;
- № 47 ЖОББМ командасы (Аркеньева Әсел, Нұрмұхамедова Дариға) «Үздік талпыныс» номинация иегерлері;
- Турнирдің «Үздік спикер» атағына ие болғандар: № 22 МЛ Сапаралы Аяжан және № 19 ЖОББМ оқушысы Бияхметова Ақбота.