Басы » Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі » Жаналықтар » «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру туралы
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру туралы
Автор: Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі
15-02-2019 15:59
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (ШҚО, Өскемен қаласы, Буров көшесі, 20, тел: 8(7232)-26-37-40, факс: 8(7232)-57-79-91,  e-mail: oskemen@economy.gov.kz) «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы№ 274-IV Заңының (ары қарай-Заң) ережелерін түсіндіреді. 
1-сұрақ. Несиеге кепілдік мерзімі 1 жыл тоңазытқыш сатып алдық.                      3 ай пайдаланғаннан кейін тоңызытқыштың қозғалтқышы жанып кетті. Кепілдік шеберханада берілген тоңазытқыштардың моделіне қозғалтқыштар жоқ деп айтты.Бұл жағдайда не істеу қажет, несиеге төлем төленіп жатыр, ал тоңазытқыш болса жұмыс істемейді және сынған тоңазытқышты басқаға ауыстыруды талап етуге болады ма?
Жауап: Заңның 15-бабына сәйкес, Тиісті емес сападағы тауар сатылған тұтынушы, егер сатушы (дайындаушы) оған тауардағы кемшіліктер жөнінде айтпаса, өз таңдауы бойынша   соған ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруды;  сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (моделді, артикулді) сондай тауарға ауыстыруды;  шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы.
Сондай-ақ, Заңының 30-бабының 5-тармақшасына сәйкес сатушы (дайындаушы) кепілді мерзімін белгілеген тауарға қатысты, сатушы (дайындаушы) егер тауардағы кемшіліктер оларды тұтынушыға бергеннен кейін тұтынушының тауарды пайдалану немесе оны сақтау ережелерін бұзуы не үшінші бір тұлғалардың іс-әрекеті немесе еңсерілмейтін күштің салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, тұтынушының талаптарын қанағаттандыруға міндетті.
Сонымен қатар Заңының 23-бабының 5-тармағына сәйкес осындай міндеттемені орындау үшін қажетті материалдардың, жиынтықтаушы немесе қосалқы бөлшектердің болмауына байланысты оны орындау мүмкін болмайтын жағдайда кепілдік міндеттеме тоқтатылмайды.
Талаптан бас тарту жағдайда Заңының 22- бабына сәйкес тұтынушы тауарды (жұмысты, көрсетілген қызметті) сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) өз құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты жою туралы және осы бұзушылықтардан тұтынушыға келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеу туралы кінә қойып жүгінуге құқылы.
Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) қойылған кінәға күнтізбелік он күн ішінде жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, тұтынушы сотқа жүгінуге құқылы.
Сонымен бірге, сізге берілген несие бойынша келісімдер өз күшінде қалады, себебі несие жөніндегі қарым – қатынастар Сізбен және банктың арасында рәсімделген.
2-сұрақ. Фирмамен жиһаз дайындау бойынша қызметтерді көрсетуге шарт жасадық. Шарт бойынша орындау мерзімі бір апта болған. Алайда, жиһаз ек аптадан кейін жеткізілді, яғни міндеттерді орындау мерзімдері бұзылды .Жиһазды жинағаннан және орнатқаннан кейін, жасалған жиһазда ақаулар табылды. Заңға сәйкес фирмадан мерзімін өткізіп алғандығы үшін айыпақы төлетуге және табылған ақауларды жоюды талап етуге болады ма ?
Жауап. Заңының 30- бабының 3- тармағына сәйкес,  тауарда табылған кемшіліктерді тұтынушының келісімімен сатушы (дайындаушы), егер шартта өзгеше мерзім белгіленбесе, тиісті талап қойылған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде жоюға тиіс.
Тауардың кемшіліктерін жоюдың шартта айқындалатын мерзімі күнтізбелік жиырма күннен аспауы тиіс. Егер тауарда табылған кемшіліктерді жою кезінде олардың мерзімінде жойылмайтыны айқын болған жағдайда, тараптар тауардың кемшіліктерін жоюға арналған мерзімді күнтізбелік он күнге ұзарту туралы қосымша келісім жасасуы мүмкін. Бұл ретте тауардың кемшіліктерін жоюға қажетті қосалқы бөлшектердің (детальдардың, материалдардың), жабдықтардың, маманның және басқалардың болмауы дайындаушыны (сатушыны) тауардың кемшіліктерін жою мерзімдерін бұзғаны үшін жауаптылықтан босатуға негіз болып табылмайды.
Тауардың кемшіліктері жойылған жағдайда оған кепілдік мерзімі тауар пайдаланылмаған уақытқа ұзартылады. Көрсетілген уақыт тұтынушының тауардың кемшіліктерін жою туралы талаппен жүгінген күнінен бастап тұтынушының талабы орындалған кезге дейін есептеледі.
Заңның 30-бабының 6-тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, тұтынушының талаптарын орындау мерзімін өткізіп алғаны үшін осындай бұзушылықтарға жол берген сатушы (дайындаушы) тұтынушыға мерзімі өткізіп алынған әрбір күн үшін тауар (жұмыс) құнының бір пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
Сонымен бірге Заңның 35- бабының 2- тармағына сәйкес, егер орындаушы орындалған жұмыстағы (көрсетілген қызметтегі) кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоймаса не егер жұмыста (көрсетілетін қызметте) шарт талаптарынан ауытқулар немесе жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) өзге де кемшіліктер айтарлықтай және жойылмайтындай болса, тұтынушы шартты бұзуға және залалды өтеуді талап етуге құқылы.
Тұтынушы өз құқығын қорғау үшін:
•құқықты бұзған сатушыға (дайындаушыға) сотқа дейінгі наразылықпен,
•тұтынушылардың құқықтарын қорғау бірлестіктеріне,
•сотқа талап арызбен жүгінуге құқылы.
Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңнамаларымен, тұтынушылардың, не болмаса тұтынушылар құқығын қорғау бірлестіктерінің сатушыға (орындаушыға) жазбаша наразылықпен жүгінуі- келіспеушіліктерді сотқа дейінгі қарастыру тәртібі, тұтынушылардың құқығын қорғау процесінің міндетті деңгейі ретінде қарастырылған.
Сізбен сатып алынған тауар бұзылған, ал қызмет сапасыз болса, міндетті түрде Заңға сәйкес өз құқығыңызды пайдаланыңыз.
 
Кәсіпкерлік бөлімі