Басы » Семей қаласының қаржы бөлімі » Жаналықтар » Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға өзгерістер бойынша көшпелі семинар
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға өзгерістер бойынша көшпелі семинар
Автор: Семей қаласының қаржы бөлімі
20-02-2019 17:24
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға өзгерістер бойынша  көшпелі семинар
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
ШҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің ұсынысымен ағымдағы жылдың 19 ақпанында Семей қаласының әкімдігінде қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің басшылары мен қаржы қызметкерлеріне көшпелі семинар өткізілді.
Ішкі мемлекеттік аудит Департаменті басшысының орынбасары                        Ж. Д. Жүмжүменова және бас маман Қ. М. Сарқытов мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне негізгі өзгертулер, бақылау шаралары  барысында жиі анықталатын және әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соғатын бұзушылықтар туралы ақпарат берді.
Семинарға қатысушылар қойылған сұрақтарына тиісті жауаптар алды.  
 
 
Қаржы бөлімі