Басы » Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау » Жаналықтар » 2018 жылғы қаңтар-қазан айларындағы Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандары рейтингісінің қорытындылары
2018 жылғы қаңтар-қазан айларындағы Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандары рейтингісінің қорытындылары
Автор: Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау
05-12-2018 17:35
2018 жылғы қаңтар-қазан айларындағы Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандары рейтингісінің қорытындылары

2018 жылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша аудандар мен қалалар арасындағы ішкі өңірлік рейтингте Семей қаласы 6 орынды иеленіп, жоғары серпін дамуы бар аймаққа жатқызылды.

2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 13 көрсеткіштің ішінен 5 көрсеткіш бойынша  нәтижелер жақсарды:

- құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі – 140,4% (90,1%), негізгі капиталға салынған жеке меншік инвестициялардың нақты көлем индексі – 124,1% (86,3%), мемлекеттік бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер көлемінің өсу қарқыны – 127,6% (110,2%), шағын бизнестің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санының өсу қарқыны – 114,7% (111,3%), мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтылған 1-6 жастағы балалар санының өзгеруі – 105,2% (104,6%);

- жағымды динамикаға қарамастан 7 көрсеткіш бойынша өткен жылдың деңгейіне жетпеу байқалуда: өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі – 104% (104,3%), ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі – 100,3% (102,1%), бөлшек-сауда тауар айналымының нақты көлем индексі – 101,9% (109,2%),  қала бюджетінің меншікті кірістер көлемінің өсу қарқыны – 107,6% (122,4%), қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілген тұрғындар санының өсу қарқыны – 100,4% (101,3%), 100 мың тұрғынға шаққанда туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейінің өзгеруі – 97,8% (96,8%), қылмыстылық деңгейінің өзгеруі – 86,6% (76,9%);

- қылмыстылықты ашу деңгейінің өзгеруі бойынша жағымсыз динамика байқалады – 88,8% (97,7%).

Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының рейтингтік бағалау көрсеткіштеріне бақылау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы жұмысын жалғастыруда.

2018 жылдың қаңтар-қазан Шығыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалалары мен аудандарының әлеуметтік- экономикалық даму серпіні бойынша ішкі өңірлік талдау 

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі