Басы » Семей қаласының ішкі саясат бөлімі » Қоғам » Қалалық ардагерлер кеңесі төралқасының кеңейтілген отырысы
Қалалық ардагерлер кеңесі төралқасының кеңейтілген отырысы
Автор: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі
17-10-2019 17:25
Қалалық ардагерлер кеңесі төралқасының кеңейтілген отырысы
2019 жылдың 18 қазанында Достық үйінде қалалық ардагерлер кеңесі төралқасының кеңейтілген отырысы өтті.
Оған президиум мүшелері, тексеру комиссиясының мүшелері, алғашқы ардагерлер ұйымдарының төрағалары қатысты.
Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды: медициналық көмектің жағдайы және ақысыз медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде қарт адамдарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, Семей қаласы аумағындағы ескерткіштер, обелисктер мен мемориалдық кешендердің жағдайы, белсенді зейнеткерлерді қатарға тарту үшін педагогикалық қызметкер ардагерлер ұйымының жұмысы, Қарттар күнін өткізу туралы.
Бірінші мәселе бойынша ШҚО ДБ Семей қаласы бойынша орынбасары Г.Шарипова сөз сөйледі. Кездесуге қаланың барлық медициналық ұйымдарының бас дәрігерлері де шақырылғандықтан, ардагерлердің сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді.
Кеңес төрағасының орынбасары А.Жұмағұлова Қарттар күнін атап өту мәселесіне тоқталды, ардагерлер ұйымдарында салтанатты жиналыстар, концерттер өткізіліп, ардагерлерге ұйымдар мен демеушілер есебінен, қаржылай көмек (ақшалай сыйақы, азық-түлік пакеттері) берілетіндігін, медициналық мекемелерде Ашық есік күндері өтетіндігі хабарлады. Қарт адамдарды әлеуметтік қолдау айлығы аясында бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
 
 
 
Семей қаласының ішкі саясат бөлімі