Басы » Семей қаласының ішкі саясат бөлімі » Қоғам » «Рухани керуен» Абай еліне саяхат
«Рухани керуен» Абай еліне саяхат
Автор: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі
16-10-2019 15:21
«Рухани керуен» Абай еліне саяхат
«Рухани керуен» Абай еліне саяхат
 
Жастар жылына орай «ШҚО Семей қаласының ішкі саясат бөлімі»ММ тапсырысына сәйкес «Жастардың рухани құндылығын арттыруға бағытталған әлеуметтік қызмет» аясында Елбасының «Рухани Жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларының негізінде «Рухани керуен» жобасы бастау алды. 
Жоба аясында өңіріміздің жас ақын, жазушылары және белсенді жастары Абай еліне саяхат жасады. Мақсат- Абайдың тарихи мұраларын зерттеу, мәдени дәстүрлерімізді жастар арасында кеңінен насихаттау. Керуенге қатысушылар Күшікбай мекеніне,Еңлік-Кебек ескерткішіне, Бөрлідегі М.Әуезовтың мұражайына тоқтап Абай елінің мәдени құндылықтарымен танысып, ерекше әсерлерімен бөлісті. 
Аталмыш бастама «ШҚО жастар және балалар ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Семей қалалық филиалы және «Семей қаласының жастар ресурстық орталығының» ұйытқы болуымен өткізілді. Шара соңында қыркүйек айында бастау алған «Туған жердің түтіні қымбат маған» тақырыбында өткен, эссе байқауының қорытындысы жарияланып , жеңімпаздар алғыс хаттармен мараппатталды. Сондай-ақ Ұлы Абайдың 175-жылдың мерейтойын тойлау қарсаңында және өңіріміздегі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға Семей қаласының жастар ресурстық орталығымен Абай ауданының жастар ресурстық орталығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
 
 
 
Жастар ресурстық орталығы