Басы » Семей қаласының ішкі саясат бөлімі » Жаналықтар » Қала әкімі осы жылдың жастар арасындағы үздік өкілдерін марапаттады
Қала әкімі осы жылдың жастар арасындағы үздік өкілдерін марапаттады
Автор: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі
05-12-2018 09:17
Қала әкімі осы жылдың жастар арасындағы үздік өкілдерін марапаттады
Ағымдағы жылдың 30 қарашасы күні «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ қолдауымен, жастар ресурстық орталығы және «Шығыс жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Семей қаласы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» атты сыйлығы тапсырылатын дәстүрлі «Жыл таңдауы – 2018» жастар форумы болып өтті. Форум барысында 2018 жылы атқарылған жастар жобаларының көрмесі ұйымдастырылып, жыл бойы атқарылған жұмыстардың қорытындысы көрсетілді. Сондай-ақ, жыл үздіктерін 10 аталым бойынша қала әкімі Е. Сәлімов арнайы дипломдармен марапаттап, бірқатар белсенді жастарға алғыс хаттар табыс етілді. Семей қаласы әкімінің сыйлығын:
«Жылдың жастар ұйымы» аталымының иегері – «Жас Отан» жастар қанатының Семей қалалық бөлімшесі;
«Жас отбасы» аталымының иегері – Жалеловтар отбасы және Қиықбаевтар отбасы;
«Жылдың үздік волонтері» аталымының иегері – Бақтыгазин Ернар Амангелдіұлы;
«Жылдың жас спортшысы» аталымының иегері – Тастамбеков Ержан Нұрланұлы;
«Ауылдың жас маманы» аталымының иегері - Тұрлыбекова Алина Мұратханқызы;
«Жылдың үздік студенті» аталымының иегері – Мейрамбеков Сұлтан Мейрамбекұлы;
«Жылдың жас дарыны» аталымының иегері – Қарт Мерей Мейртайұлы;
«Жылдың жас ғалымы» аталымының иегері – Сахариев Ернұр Саметұлы;
«Жылдың жас дәрігері» аталымының иегері – Бексұлтанова Маржан Уалиқызы;
«Жылдың жас әскери қызметкері» аталымының иегері – Аринов Дамир Мұратұлы иеленді.
 
 
Жастар ресурстық орталығы