Басы » Семей қаласының ішкі саясат бөлімі » ЖКХ, архитектура и строительство » «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу» акциясы
«Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу» акциясы
Автор: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі
19-04-2016 06:21
«Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу» акциясы
Ағымдағы жылдың 16 сәуірінде Семей қалалық Жастар орталығының ұйымдастыруымен, жоғары және арнайы орта оқу орындарында және «Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы» аумағында «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» бір реттік акциясы ұйымдастырылды. Қаладағы оқу орындарының, жастар ұйымдары мен дін өкілдерінің қатысуымен өткізілген акцияда 450 түп  көшет (өрік, қарағай, терек екпелері) отырғызылды.
Акцияның негізгі мақсаты – орманды сақтау мен қалпына келтіру, жасыл екпе ағаштарды көбейту болды. Өрік, қарағай және терек көшеттерімен қамтамасыз етіп, қолдау көрсеткені үшін ұйымдастырушылар егіншілік шаруашылығының басшысы Борисенко Елена Викторовнаға алғыстарын білдірді.
 
Ішкі саясат бөлімі