Қала көшелері қар суынан тазартылуда
Автор: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі
14-03-2015 10:17
Қала көшелері  қар суынан тазартылуда

      Ауа-райының  жылуына байланысты    қала көшелерін  тазалу жұмыстары   тоқтаусыз   жүргізілуде.  «Семей-тазалық»  ЖШС   арнайы су соратын машиналары мен техникалары, қаламыздағы төтенше жағдайлар бойынша басқарманың  және Семей су арнасы  мекемесінің жалпы жиыны    65    техникалары және 150  маман   жұмылдырылып, ең қауіпті аймақтар  күнделікті  қар  суынан тазартылуда.

    Бүгінде қала көшелерін  ұсақ көлшіктерге  айналған шалшық сулардан тазарту мақсатында қызу жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, бір ғана Дальняя ауданында бірнеше күн қатарынан мамандар еңбектеніп, қолданылған шаралар ахуалдың жақсаруына септігін тигізді. Қазіргі күні көшелер бойындағы қар суы сорылып алынып, көліктердің жүруіне кедергілер  жойылған.    Ә.Найманбаев  мен Морозов көшелерінің қиылысы, К.Бозтаев  көшелеріндегі  көлшікті  қар сулары қазіргі уақытта  тазартылып,  көлік қозғалысы қалыпты жағдайда. Орталық базар аумағындағы Қабанбай батыр көшесі    мен «Жансая» базарының маңы да    жиналған қар  суынан тазартылуда. Кейбір жерлерге қосымша  құмдар  себіліп, алдын алу жұмыстары жан-жақты атқарылуда. Қала тұрғындарының өтініштері бойынша да   кезекші топ жұмыс істеп,     қажетті техника мен  құмдар алуға  болады. Қазіргі күні қала ішіндегі суағарлар мен арықтарды тазалау жұмыстары қосымша  жүргізіліп жатыр.

Қар суының    көбейіп,  шалшыққа айналмауы үшін  қала тұрғындары  да өздерінің ауласын  тазарту  керек  екендігін ескеру қажет. Әсіресі шағын және орта кәсіпкерлік иелері өз  ғимараттарының  аулаларындағы үйілген қарды шығару су ағатын арықтарды  тазарту  керектігін ұмытпаса дейміз.

    Бүгінде Семей қалалық ТҮКШ  бөлімінің күш жұмылдыруымен қала көшелеріндегі  ахуал тұрақты.  

 

Ішкі  саясат бөлімінің   ақпарат  секторы