Басы » Семей қаласының ішкі саясат бөлімі » ЖКХ, архитектура и строительство » «Таза орман, жылы үй» экологиялық акциясы өтті
«Таза орман, жылы үй» экологиялық акциясы өтті
Автор: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі
27-10-2014 06:05
 «Таза орман, жылы үй» экологиялық акциясы өтті

«Түйемойнақ» аралында «Жастар орталығының» бастамасымен екінші жыл қатарынан «Таза орман, жылы үй» экологиялық акциясы өтті.

         Экологиялық акцияға «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты және «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының белсенділері қатысты. Шараға «Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қолдау көрсетті. Шараға екі жүк көлігі жұмылдырылып, 50-ден астам жастар қатысты.

         Акция барысында жастар «Түйемойнақ» аралын қоқыстан тазартып, құлаған ағаш кесінділерін әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жеткізіп берді.