Басы » Семей қаласының ішкі саясат бөлімі » ЖКХ, архитектура и строительство » Жоғары оқу орындары мен колледждерге қарасты аумақтар қоқыстан тазартылды
Жоғары оқу орындары мен колледждерге қарасты аумақтар қоқыстан тазартылды
Автор: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі
20-06-2014 14:01
Жоғары оқу орындары мен колледждерге қарасты аумақтар қоқыстан тазартылды

Семей қаласының жоғары оқу орындары мен колледждерінің аумақтарын тазарту және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Маусым айында өткізілген сенбіліктердің нәтижесінде ЖОО мен колледждер күшімен 178.43 м. куб. м. қоқыс шығарылды, 295 ағаш көшеті, 50 бұта, 113 гүл отырғызылып, ағаш діңдері әктелді. Бұл жұмыстарға жалпы 1 972 адам қамтылды.