Басы » Акимат » Актуально » Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы
Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы
Автор: Акимат
14-10-2019 18:04
Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы
Семей қаласының 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларынына
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы
ақпарат
 
 
2019 жылдың 1 қазанына негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен  жоғары.  
2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айында қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолданыстағы бағада 142,4 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 9,3%-ға жоғары (2018 жылдың қаңтар-қыркүйегі – 130,3 млрд. теңге).  Нақты көлем индексі – 104,8%-ды құрап отыр. 
Тау кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 23 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес деңгейіне 113,4% (2018 жылдың қаңтар-қыркүйегі - 20,3 млрд. теңге), нақты көлем индексі – 98,5%.
Өңдеу өнеркәсібінде 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айында қолданыстағы бағада 108,6 млрд. теңге сомасына өнім өндірілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 112,7% (2018 жылдың қаңтар-қыркүйегі – 96,4 млрд. теңге), нақты көлем индексі – 108,6%. 
Ауыл шаруашылығында 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айында ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі 25,4 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңінен 1,1%-ға артық (2018 жылдың қаңтар-қыркүйегі – 25,1 млрд. теңге). Нақты көлем индексі – 97,8%.
2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айында бөлшек тауарайналымының көлемі 167,0 млрд. теңгені құрады, бұл  2018 жылдың деңгейінен 11,9 млрд.теңгеге немесе 7,7%-ға артты. Нақты көлем индексі 100,7%. 
Қалаға 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айында 56,2 млрд. теңгеге негізгі капиталға инвестиция тартылды немесе 128,2% өсу қарқынымен өткен жылдың осындай кезеңінен 12,4 млрд. теңгеге артық (2018 жылдың қаңтар-қыркүйегі – 43,8 млрд.теңге). Нақты көлем индексі –  126%. 
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айында өткен жылдағы 22,9 млрд. теңгеге қарсы 29,2 млрд. теңгеге орындалды. Өсу қарқыны – 127,3%. Нақты көлем индексі –123,9%. 
2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айында 81 824 ш. м. тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 126,6% өсу қарқынымен өткен жылдың сәйкес кезеңінен 17 193 шаршы метрге артық (2018 жылдың қаңтар-қыркүйегі – 64 631 млрд.теңге). 
2019 жылдың 1 қазанына шағын және орта кәсіпкерліктің тіркелген кәсіпорындар саны – 29 143 бірлікті құрады (2018 жылдың 1 қазанына  – 29 613 бірлік), оның ішінен шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған субъектілер саны  2018 жылдағы 20 747  бірлікке қарсы 22 467 бірлік.  Өсу қарқыны - 108,3%.
Ағымдағы жылдың 1 қазанына жеке табыс көздері бойынша қала бюджеті 115,6% өсу қарқынымен 16,2 млрд. теңгені құрады (2018 жылдың 1 қазанына –14,0 млрд. теңге).
 

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі