Басы » Акимат » Хабарландыру » Салықтық есептілікті тапсыру
Салықтық есептілікті тапсыру
Автор: Акимат
21-10-2019 12:18
Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні хабарлайды.
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Сіздің назарыңызға «Салықтық есептілікті өңдеу жүйесі» (СЕӨЖ) АЖ – «Бухгалтерлік ERP-жүйелерден салық есептілігі нысандарын электронды түрде ұсыну үшін ашық API-интерфейсі» жаңа электрондық сервисінің іске қосылғаны туралы хабарлайды.
Салық есептілігі нысандарын қабылдау бойынша API-сервис ҚР ҚМ МКК АЖ-не салық есептілігі нысандарын ұсынудың балама тәсілі болып табылады.
Аталған API-сервиске ERP-жүйелерді қосу үшін салық төлеушінің ақпараттық жүйесін СЕӨЖ АЖ – мен интеграциялау бойынша Келісім (Бұдан әрі-келісім) жасасу қажет.
Келісім жобасы, сондай-ақ ұсынылатын API-сервистің форматтары мен схемаларының сипаттамасы ҚР ҚМ МКК порталындаapi.service мекенжайы бойынша орналасқан.
СЕӨЖ АЖ жаңа электрондық сервисін пайдалануға қатысты анықтамалық ақпаратты алу үшін бірыңғай байланыс орталығының 1414 тегін телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.
 
 
 
Семей қаласы бойынша мемлекеттік 
кірістер басқармасы