Басы » Акимат » Хабарландыру » Шығыс Қазақстан облысының «Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымға Семей қаласы бойынша жергілікті мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері ішінде ішкі конкурс жариялайды:
Шығыс Қазақстан облысының «Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымға Семей қаласы бойынша жергілікті мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері ішінде ішкі конкурс жариялайды:
Автор: Акимат
18-10-2019 18:12
Шығыс Қазақстан облысының «Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ, 071405. ШҚО, Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8, анықтама  үшін телефондар: 8(7222) 567134, «электрондық мекенжай адрес: sh.edilbaeva@akimvko.gov.kz  «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымға Семей қаласы бойынша жергілікті мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері ішінде ішкі конкурс жариялайды:
 
1.«ШҚО Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы, лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай 142 461 теңгеден 192 366 теңгеге дейін (E-R-1)(1 бірлік) (№ 02-13). 
Функционалдық міндеттері: Бөлім  қызметіне басшылық етеді. Мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясатты іске асыру, шығарылатын  өнімдердің    түр  -түрін    кенейту үшін барлық денгейдегі өнеркәсіпшілермен және кәсіпкерлермен әрекеттеседі   және  ынтымақтастық  құрады, халықаралық сапа стандарттарын енгізеді.  Қаланың кәсіпкерлік саласындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау және болжау, бөлім қызметіне қатысты, өнеркәсіптің дамуы туралы, шағын және орта бизнес, сауда және туризмге қатысты талдамалық шолуларды, ақпараттарды әзірлеуді басқарады және ұйымдастырады.  Қала базарларының қызметін үйлестіреді.  Қала басшылығының тапсырмаларын орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, аудит және есеп, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару),«Құқық»  бойынша білім қажет. 
Келесі құзыреттер болуы тиіс: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда 2 жылдан кем емес;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.
Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.   
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидасының  2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «ШҚО Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінеқұжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы sh.edilbaeva@akimvko.gov.kzэлектрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы  құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы немесе  «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы  берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірмей ұсынады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне 5 жұмыс күн ішінде шағымдана алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi: 3 жұмыс күні,ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның Интернет-ресурсында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Әңгімелесу өткізудің мерзімі: Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде«ШҚО Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.
Әңгімелесу өткізудің орны:«Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, ШҚО Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі 8. 
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Анықтамателефондары: 8 (7222) 56-71-34, 
e-mail:sh.edilbaeva@akimvko.gov.kz