Басы » Акимат » Хабарландыру » «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында «Қазақстан ипотекалық компаниясы» Ипотекалық ұйымы» бағытымен жалдамалы сатып ал
«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында «Қазақстан ипотекалық компаниясы» Ипотекалық ұйымы» бағытымен жалдамалы сатып ал
Автор: Акимат
17-10-2019 16:59
«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында «Қазақстан ипотекалық компаниясы» Ипотекалық ұйымы»  бағытымен жалдамалы сатып алынатын тұрғын үй алуға өтініш қабылдаудың басталғандығы туралы хабарлайды.
Өтініш пен құжаттарды қабылдау тек «электронды-үкімет» веб-порталы арқылы 2019 жылдың 21 қазанынан 23 қазаны аралығында жүргізіледі. 
Жалдамалы сатып алынатын тұрғын үйді алуға қатыса алатын мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға мұқтаз  азаматтар кезегіндегі санаттар:
1)жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2)мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар, көпбалалы отбасылары,  толық емес отбасылары;
3)мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары, әскери қызметшілер;
Өтініштер Семей қаласы, Шугаева көшесі, 159 үйдегі пәтерлерге қабылданады, оның ішінде:
1 бөлмеден тұратын пәтер саны – 1, алаңы 38,0 ш.м. 
Жалдамалы сатып алынатын тұрғын үйдің шамамен алғандағы шаршы метрі 756 теңгені құрайды, жалдау уақыты 18 жыл.
Қажетті құжаттар:
1) өтініш иесі мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
2) неке қию (некені бұзу), жұбайының/зайыбының қайтыс болуы туралы, балаларының туу туралы куәліктері, өтініш иесінің некеде тұрмайтындығы туралы өтініш;
3) өтініш иесінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығы бар үйінің немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
4) өтініш иесінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің тиісті елді мекенде тұратынын растайтын тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мекенжай анықтамасы;
5) мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың жұмысшыларына, әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын тұлғаларға жататын өтініш иесінің жұмыс орнынан анықтама;      
6) отбасы мүшелерінің мүгедектігін немесе кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрінің болуын растайтын анықтама;
7) Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтте кезектілік нөмірін көрсете отырып, тұрғын үйге мұқтаждардың есебіне қою туралы анықтама;
8) өтініш иесінің табыстар алғанын растайтын анықтама.
Өтініш пен құжаттарды қабылдау электронды қол қою арқылы тек «электронды-үкімет» веб-порталы арқылы жүргізіледі. 
Азаматтар өзінің электронды қолын алу үшін өзі e-gov.kz сайты  бойынша немесе халыққа қызмет көрсету Орталығына өтініш беруге болады. 
Халыққа қызмет көрсету Орталықтарының мекенжайы:
408 квартал, 21 үй;
Б. Момышұлы көшесі, 22;
Уранхаев көшесі, 57. 
(өзімен бірге USB  флешкасы  болу керек)
 
 
 
 
Семей қаласының тұрғын  үй-коммуналдық
шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі