Басы » Акимат » Қоғам » 4-6 қазан күндері М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжде «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ қолдауымен «Семей жастар ассамблеясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен пікірсайыс тренерлеріне арналған тренинг өткізілді
4-6 қазан күндері М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжде «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ қолдауымен «Семей жастар ассамблеясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен пікірсайыс тренерлеріне арналған тренинг өткізілді
Автор: Акимат
11-10-2019 15:13
4-6 қазан күндері М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжде  «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ қолдауымен «Семей жастар ассамблеясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен пікірсайыс тренерлеріне арналған тренинг өткізілді
4-6 қазан күндері М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжде  «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ қолдауымен «Семей жастар ассамблеясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен пікірсайыс тренерлеріне арналған тренинг өткізілді. Тренингтің басты мақсаты қаламыздағы пікірсайыс қозғалысын дамыту, пікірсайыс тренерлерін дайындау, арнаулы орта оқу орындарындағы пікірсайыс клубтарының дамуына үлес қосу болды. Үш күнге созылған тренингте қаламыздың пікірсайысшы жастары мол тәжірбие жинақтап, еліміздің үздік пікірсайысшыларынан мол мағұлмат ала алды.
Тренинг тренерлері ретінде еліміздегі ең үздік пікірсайыс қозғалысы, ел ордасы Нұр-Сұлтан қаласының  «Астана пікірсайысшылар альянсы» бірлестігінің тренерлері, республикалық және халықаралық турнирлердің жеңімпаздары Еркебұлан Қуанбай және Нұртас Күздеубаев таңдалған болатын. Тренинг қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі. Тәжірбиесі мен білімі көп тренерлер өздерінің бар білімімен жастарға бөлісіп, тәжірбиелік ойындар өткізді. Тренинг барысында «Британдық парламенттік форматтың халықаралық ережелері», «Британдық парламенттік форматтағы төрешілік», «Пікірсайыстың жаңа технологиясы», «Клубты ұйымдастыру негіздері», «Пікірсайыс шараларына демеушілерді қатыстыру» тақырыбында семинарлар жүргізілді. Осы шара арқылы қаламыздағы интеллектуалды жастардың тәрбиелеуші орталығына айналған пікірсайыс қозғалысы тағы бір серпіліс алды деп ойлаймыз. Тренерлер өздері жинаған білімдерін өз клубтары мен қала пікірсайысшыларының дамуына жұмсайды деп сенеміз. 
 
 
Семей қаласының ішкі саясат бөлімі