Басы » Акимат » Спорт » Жеңіл атлетикадан ашық қала Чемпионат
Жеңіл атлетикадан ашық қала Чемпионат
Автор: Акимат
16-04-2019 11:41
Жеңіл атлетикадан ашық қала Чемпионат
Жарыс 2019 жылдың 11-12 сәуір күндері аралығында «Спартак» стадионында және Семей қаласының «ШҚО №2 ОБЖСМ»КММ жеңіл атлетика залында өткізілді. Жарыстарды дайындау мен өткізуге жалпы басшылықты Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі жүзеге асырды. Жарысқа қалалық мектептер, Шығыс Қазақстан облысы аудандарының спорт мектептері, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздары мен медальдарымен марапатталды. 
Жарыстың мақсаты:
-Семей қаласында жеңіл атлетиканы дамыту;
-спорттық шеберлік деңгейін арттыру;
-спорттық разрядтарды орындау.
 
 
 
Дене шынықтыру және спорт бөлімі