Басы » Акимат » Хабарландыру » "Казгидромет" РМК ақпараты бойынша, 16 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында түнде жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) күтіледі
"Казгидромет" РМК ақпараты бойынша, 16 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында түнде жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) күтіледі
Автор: Акимат
15-04-2019 17:03
"Казгидромет" РМК ақпараты бойынша, 16 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында түнде жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) күтіледі. Күндіз кей жерлерде найзағай болады, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан cоғатын желдің күші 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз 16 сәуірде 7-12, кей жерлерде 17 градус жылы, түнде 17 сәуірде 0-5, кей жерлерде 8 градус аязға дейін төмендейді.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%.
Семей қ. ТЖ басқармасы қалалықтар мен қала қонақтарын ауа райының өзгеруіне байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауын сұрайды. 
 
 
 
ШҚО ТЖД Семей қ. ТЖБ