Басы » Акимат » Хабарландыру » ШҚО «Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды
ШҚО «Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды
Автор: Акимат
10-04-2019 17:12
Шығыс Қазақстан облысының «Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ, 071405. ШҚО, Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8, анықтама  үшін телефондар: 8(7222) 567134, «электрондық мекенжай адрес: sh.edilbaeva@akimvko.gov.kz  «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды: 
 
1.Семей қаласы әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат, білім, жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері жөніндегі орынбасары, лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай 150778 теңгеден 203162 теңгеге дейін  (E-1)  (1 бірлік) (01-3).
Функционалдық міндеттері: Білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, мәдениет  және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын;
жетекшілік  ететін салалық бөлімдердің бюджеттік бағдарламаларының әзірленуін және орындалуын;мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуын;мемлекеттік тіл саясатының іске асырылуын;жетекшілік ететін салалар бойынша мемлекеттік – жеке серіктестіктің дамуын;
саяси жағдайлардың және қала дамуындағы аса маңызды мәселелер бойынша мониторинг жүргізілуін;жетекшілік  ететін салалық  бөлімдер  бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын рейтингтік бағалау көрсеткіштерінің орындалуын;жетекшілік  ететін салалық бөлімдердің инфляциялық процестерді тежеу мәселелері бойынша жұмыс  жүргізуін;халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша жұмыс  жүргізуін;идеологиялық қамтамасыз ету; қоғамдық келісім, халыққа әскери-патриоттық тәрбие беру және әскери даярлық мәселелері бойынша жұмыс  жүргізуін;сайлау науқанының идеологиялық мазмұнын қамтамасыз ету, оның бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысын  жүзеге асыруды;орта, арнайы оқу орындары мен кәсіптік техникалық мектептердің жұмысын;
халықтың көші-қон және демографиялық жағдайын үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады.«ШҚО Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ, «ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу  бөлімі» ММ, «ШҚО Семей қаласының мәдениет және  тілдерді дамыту бөлімі» ММ, «ШҚО Семей қаласының білім бөлімі» ММ, «ШҚО Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшылық етеді және бақылауды  жүзеге асырады.
ШҚО  бойынша денсаулық сақтау басқармасының Семей қаласы бойынша денсаулық  сақтау бөлімімен; радиациялық медицина  FЗИ; 
мемсанэпидқадағалау  басқармасымен; адамдарды құқықтарын қорғау саласында халықаралық  ұйымдармен;партиялармен, қоғамдық және діни бірлестіктермен, ұлттық-мәдени  орталықтармен;бұқаралық ақпарат құралдарымен; жоғарғы оқу орындарымен;
Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығымен;
Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығымен келісімді жұмысты үйлестіреді және қамтамасыз етеді.
Кәмелетке  толмағандардың құқықтарын қорғау  жөніндегі; ономастикалық; әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі; 
жалпы білім беретін орта мектептерді бітірген аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім балаларға және ата-анасының қорғаншылығысыз қалған балаларға жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек көрсетуге тізімді бекіту жөніндегі;  
азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі арнайы комиссияның;
ҰОС жылдары кемінде 6  ай жұмыс істеген адамдар (тыл еңбеккерлері) үшін жұмыс өтілін анықтау жөніндегі;әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі; қылмыстық жазалау және өзге де қылмыстық – құқықтық әсер ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдем көрсету, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеп шыққан тұлғаларға әлеуметтік қолдау және өзге де көмектерді ұйымдастыру жөніндегі;   әскер қатарына шақыру комиссиясы; әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу  жөніндегі үшжақты комиссиялардың жұмысын  ұйымдастырады.
Қала әкімдігі жанындағы қоғамдық, 
Халықты эстетикалық тәрбиелеу жөніндегі үйлестіру кеңесі, Қорғаншылық кеңесі, діни  бірлестіктермен байланыс жөніндегі, жастар істері жөніндегі қалалық кеңестердің, Техникалық және кәсіптік білім беру  жөніндегі өңірлік кеңестің  жұмысын ұйымдастырады.
Қаланың білім бөлімінің жергілікті мемлекеттік органдарының, олардың ведомостволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің міндеттері мен қызметтерін қаржылық қамтамасыз етуге арналған жергілікті бюджет жобасын қалыптастыру
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары  «білім», «гуманитарлық ғылымдар» (халықаралық  қатынас, филология), «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару), «құқық» білім
Келесі құзыреттер болуы тиіс: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық немесе қалалық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.
 
2.«ШҚО Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау жөніндегі бас инспектор, лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай 102 465 теңгеден138 213 теңгеге дейін  (E-3) (1 бірлік) (№ 1-4).
Функционалдық міндеттері:Жердің пайдалануы мен қорғалуына бақылауды жүргізу, жер заңнамасының сақталуына тексеру жүргізу барысында заңбұзушылықтарды анықтау және анықталған заңбұзушылықтардың жойылуына бақылау, Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша құжаттар дайындау, мәжбүрлеп өндіру үшін жолданатын құжаттарды дайындау және олардың орындалуын бақылау, талап арыздарды дайындау мен беру және азаматтық пен әкімшілік істер бойынша соттарға қатысу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы білім» (геодезия және картография), «Қызмет көрсету саласындағы білім» (жерге орналастыру, кадастр, бағалау), «Құқық саласындағы білім» (құқықтану), «Ауыл шаруашылығы ғылымдары саласындағы білім» (агрономия), «Жаратылыстану» (экология) білім.
Келесі құзыреттер болуы тиіс:стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4)мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5)осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
6)жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы;
8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.   
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 
Ішкі конкурсқа қатысуды ниет еткен тұлғалар «ШҚО Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне  «Е-қызмет» интеграцияландырылған ақпараттық жүйесі  немесе «Е-gov» электрондық үкімет порталы не sh.edilbaeva@akimvko.gov.kz электрондық поштасы арқылы, электронды түрде төмендегі құжаттарды ұсынады:  
1)өтініш;
2)құжаттарды ұсыну күнінен бастап отыз күнтізбелік күннен аспайтын уақыт бұрын тиісті персоналды басқару қызметі растаған қызметтік тізімі.
Құжаттар пакетінің толық болмауы немесе жалған мәліметтер ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады. 
Құжаттар электронды түрде sh.edilbaeva@akimvko.gov.kz мекенжайына жіберілген кезде, олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталатын уақыттан кем дегенде 1 сағат бұрын ұсынылуы қажет.  Олар ұсынылмаған жағдайда конкурстық комиссия тұлғаны әңгімелесуге жібермейді. 
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар  «ШҚО Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  интернет-ресурсына ішкі конкурс өткізілетіндігі туралы соңғы хабарландыпу жарияланған күннен кейінгі күннен бастап саналатын 3 жұмыс күні ішінде тапсырылуы қажет.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар одан олардың әңгімелесуге жіберілгендігі туралы хабарланғаннан басталатын 3 жұмыс күні ішінде «ШҚО Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.
Әңгімелесу өткізудің орны: «Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, ШҚО Семей қаласы, Қаймы Мұхамедханов көшесі 8. 
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Анықтама телефондары: 8(7222) 52-36-35, 56-71-34, e-mail:sh.edilbaeva@akimvko.gov.kz
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясы отырысына байқаушылар ретінде  Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың  депутаттары, Қазақстан Республикасының заңнамасымен аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.    
Конкурсқа қатысушылар және кандидаттар  конкурс комиссиясы шешімімен келіспеген жағдайда, 5 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментіне не сот тәртібімен шағымдана алады. Конкурстық комиссияның шешіміне қатысты шағымды ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 4 мекенжайына беруге болады.
Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы  21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген  "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.