Басы » Акимат » Қаланың басқа жаңалықтары » «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» акциясы
«Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» акциясы
Автор: Акимат
08-04-2019 09:27
«Түбіртекті талап ет те  – жүлдені ұтып ал!» акциясы
«Түбіртекті талап ет те  – жүлдені ұтып ал!» акциясы
 
 
Семей қаласы бойынша  мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні хабарлайды. 
2019 жылғы 1 мамырдан бастап 31 қазанға дейін «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» кезекті акция өткізіледі.
Акцияның мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тұтынушылары ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыру болып табылады.
Акция кәсіпкерлердің қолма-қол ақшамен тауарларды сатып алғаны, жұмыстарды орындағаны және қызметтерді көрсеткені үшін ақшалай есеп-айырысулар кезінде чектердің беруін қамтамасыз етуге бағытталған.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарымызға салық заңнамасын сақтау бойынша қоғамдық бақылауға қатысуына, және оның үстіне бағалы сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндік береді.
 
 
 
 
Семей қаласы бойынша мемлекеттік 
кірістер басқармасы
Заң қызметі және салықтық
заңнаманы түсіндіру бөлімі