Басы » Акимат » ТКШ, сәулет және құрылыс » 2019 жылы 2 сәуірде сағат 15-00 де Семей қаласының кәсіпкерлерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді
2019 жылы 2 сәуірде сағат 15-00 де Семей қаласының кәсіпкерлерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Автор: Акимат
03-04-2019 10:08
2019 жылы 2 сәуірде сағат  15-00 де Семей қаласының кәсіпкерлерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді
2019 жылы 2 сәуірде сағат  15-00 де Семей қаласының кәсіпкерлерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шағын және орта бизнес субъектілеріне «Бизнестің жол картасы – 2020», «Ақ-Ниет» шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін аймақтық қаржыландыру бағдарламасын, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалар аясында жобаларды несиелеу шарттары, сыйақы мөлшері пайызын субсидиялау, несиелерге кепілдеме беру және гранттар беру шарттары бойынша ақпараттар ұсынылды.
Іс-шараны өткізу кезінде мемлекеттік Бағдарламалар аясындағы жобаларды қаржыландыру шарттары туралы үйлестірме материалдар таратылды.
Барлық сұрақтар бойынша Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі 8, орналасқан «Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-сіне 320 кабинетке, тел.524490, 566942 жолыға аласыз.
 
 
 
«ШҚО Семей қаласы кәсіпкерлік бөлімі» ММ