Басы » Акимат » Қоғам » «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау»
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау»
Автор: Акимат
02-04-2019 10:55
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау»
Этика бойынша семинар  пресс-релиз 
 
 
Ағымдағы жылдың 20 наурызында жаппай құқықтық білім беру аясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға Мемлекеттік қызмет саласында бақылау басқармасының бас маманы М.Мұрзалинов шақырылды.
Мемлекеттік-құқықтық бөлімнің басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл аталмыш семинарды өткізудің негізгі мақсаттарын-мемлекеттік қызметшілердің өзара қарым-қатынасының мәдениетін қалыптастыру,  мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органның қызмет ету тиімділігіне кедергі келтіретін немесе төмендететін іс-әрекеттердің алдын алу, жалпы қабылданған моральдық-әдеп нормаларын сақтау, азаматтар және әріптестермен қарым-қатынаста сыпайылылық және әдептілік танытуды атап өтті.
Семинар барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы     29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларын сақтаудың өзекті мәселелері талқыланды.
Сонымен бірге қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті әрі халықтың құқықтық мәдениетін арттыру мәселесі де қозғалды. Мемлекеттік қызметшілерге «Шығыс-адалдық алаңы» жобасының  жарғысы, оның негізгі мақсаттары- сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту, мемлекеттік органдарға  деген азаматтардың сенімін арттыру бойынша талаптары жеткізілді.