Басы » Акимат » ТКШ, сәулет және құрылыс » Біздің қаламызда «Қарағайлы» жаңа тұрғылықты ықшам ауданы тұрғызылып жатқандығы көбіне мәлім
Біздің қаламызда «Қарағайлы» жаңа тұрғылықты ықшам ауданы тұрғызылып жатқандығы көбіне мәлім
Автор: Акимат
01-04-2019 17:08
Біздің қаламызда «Қарағайлы» жаңа тұрғылықты ықшам ауданы тұрғызылып жатқандығы көбіне мәлім

Құрметті тұрғындар мен қала қонақтары!

Біздің қаламызда «Қарағайлы» жаңа тұрғылықты ықшам ауданы тұрғызылып жатқандығы көбіне мәлім. Аталған ғаламат жоба 2020 жылға дейін 20-дан астам көп пәтерлі тұрғын үй құрылысын қарастырады, бұл біздің жерлестерімізді сапалы әрі қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді! Бүгінгі күні 11 үйдің құрылысы аяқталған, соның ішіндегі 8 нысан «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда. Аталған бағдарламаға соңғы 5 жыл бойы меншік құқығында тұрғын үйі жоқ Қазақстан Республикасының барлық азаматтары қатыса алады. Кредиттеу (Несиелендіру) шарттары ипотекалық займдар нарығындағы ең тиімдісі – займ бойынша жылдық 5 % және тұрғын үй алғашқы жарнасы бастапқы құнынан 20 % әрі тұрғын үй құны 1 ш.м. үшін 140 000 теңгеден аспайды. Үйлер өздерін жауапты және табысты мердігерлер ретінде танытқан «Фирма Азия» ЖШС және «ВостокСтрой» ЖШС 2 компаниямен салынған. Тағы 3 үй Тұрғын үй жинақ құрылыс банкінің «Өз үйім» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда. Бұлар Қарағайлыдағы нөмірі 34,35 және 36 үйлер, олар 2018 жылдың соңында қолдануға тапсырылған. Үйлер жайлылығы бойынша 3 классқа және құрылыс сапасы бойынша жоғары деңгейге ие. Бұл үйлердегі пәтерлерді, бір емес тиіпті бірнешеуін, кез келген қалаушылардың сатып алына болады, ешқандай шектеу жоқ. Көрсетілген үш үйдің маңында іргелес аймағын абаттандыру бойынша жұмыстар бастылып кетті, үйлер «ақылды үй» домофондық жүйесімен жарақталған, оптикалық-талшықты интернет және телефон желісі өткізілген. Бұдан өзге, ішкі істер органдарына ақпаратты тікелей жолдайтын бейнебақылау орнатылған. 1 ш.м. үшін бағасы 165 000 теңгені құрады, займ бойынша жылдық 7 % және бастапқы жарнасы 20 %. Қарағайлы тұрғылықты ауданының барлық артықшылығы айқын: экологиялық таза аймақ, жақын бірнеше жыл ішінде – бұл, инфрақұрылымы дамыған, көптеген спорттық құрылыстар, саябақ және оқу орындарымен келешегі зор аудан болады. Көп пәтерлі тұрғын үйлердің көп болуы шағын және орта бизнес дамуына жаңа леп береді. Біздің барлық семейліктер мен аймақ тұрғындарын Қарағайлыдан өз пәтерінің иегерлері болуларына шақырамыз!

 

Семей қаласы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі